Әлемнің алғашқы үш ұшақ инженерінің бірі түрік екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? – 36

1983579
Әлемнің алғашқы үш ұшақ инженерінің бірі түрік екенін білетін бе едіңіз?

1885 жылы дүниеге келген Али Яр 1912 жылы Түркияның бірінші, әлемнің үшінші ұшақ инженері болды.

Осман мемлекетінің соңғы кездері сол жылдары білім беру мерзімі он жыл болған Галатасарай орта мектебін алты жылда бітірген Али Яр 1908 жылы білім алуға барған Францияда Сорбонна университетін төрт жылда бітіріп шыққан.

Содан кейін ол қазір «L'ecole Nationale Supérieure de L'aeronautique» деп аталатын «Аэронавтика және механикалық құрылыс инженерлерінің Жоғары мектебін» бір жылда бітіреді.

1912 жылы Стамбулға еліміздің бірінші, әлемнің үшінші ұшақ инженері және ұшқышы болып оралады.

Осман мемлекетінің соңғы жылдарында Галатасарай орта мектебі және Стамбул Университетінде математика және физика пәндерінен сабақ береді. Бұл қызметтерін республика жарияланғаннан кейін де жалғастырды. Зейнетке шыққан 1955 жылға дейін бір кездері декан да болған Ғылым факультетінде математикадан сабақ берді.

Али Яр Түркияда математикалық ойлауды дамыту мақсатында математиканың әртүрлі салаларында көптеген шетелдік еңбекті түрік тіліне аударып, олардың мектептерде оқытылуына жағдай жасады. Сондай-ақ астрономия саласында кітап жазған математика ғылымдарының докторы, профессор Али Яр 80 жасында Стамбулда дүниеден озды.

 



Ұқсас жаңалықтар