Италияда «түрік ауылы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 35

1981022
Италияда «түрік ауылы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Италияның Австриямен шекарасына жақын орналасқан Моена ауылында түріктер тұрмайды. Ауыл тұрғындары түрік тілін білмесе де, көпшілігі Түркияны көрмесе де, өздері тұратын жерді «Түрік ауылы» деп атайды. Моена «Түрік ауылы» деген атаумен ғана шектелмейді, түрік мәдениеті бұл ауылда үш жүз жылдан астам уақыт бойы сақталып келеді.

Ауыл халқының түріктерге деген сүйіспеншілігі Венаның екінші қоршауынан кейін басталады. Қоршаудан кейін жараланған Османлы сарбазы Италиядағы шағын қаланы паналайды. Бұл өлім аузында жатқан сарбазды ауыл адамдары емдейді. Итальян тілін жақсы білетін сарбаз айыққан соң ауылға орналасып, итальяндық бір қызға үйленеді. «El Turco» деп атала бастаған сарбазды қала тұрғындары жақсы көреді.

Өз бостандығын жақсы көретін түрік әскері ауыл тұрғындарынан жоғары салық алмақшы болған басшыларға қарсы тұрады. Моенаны тонауға тырысқан неміс үстемдіктеріне қарсы шаруаларды көтеріліске итермелеген «El Turco» салық жүйесін халықтың пайдасына айналдырып, қаланың батыры аталады.

Оны және түрік әдет-ғұрыптарын аймақ халқының жақсы көргені соншалық, түрік сарбазы дүниеден озса да ауылда түрік дәстүрлері сақталады. Ол қайтыс болғаннан кейін жыл сайын тамыз айында өткізілетін еске алу рәсімдері уақыт өте фестивальге айналады.

Тамыз айының 19-ы мен 21-і аралығында ауылда өткен «Түркия фестивалі» бойынша ауыл қызыл-ақ түске безендіріледі. Әр үйдің терезесінде түрік туы желбіреп, Янычары сарбазы киімін киген жастар түрік маршын орындайды, шеруден кейін «El Turco»  атына салынған субұрқақта гүлдер қалдырылады.

Фестиваль барысында түрік тағамдары да әзірленіп, стендтерге қойылады. Моена халқы осыдан үш ғасыр бұрын өз ауылына қоныстанған түрікті ата-бабалары деп есептейді.



Ұқсас жаңалықтар