Ризенің табиғи сұлулықтары

Капитанның борт журналы - 6

1977642
Ризенің табиғи сұлулықтары

Ризенің жайлаулары

Қайығымыз «Жиһангез» портта тұр. Ризедегі саяхатымызды жалғастырамыз бүгін.  Себебі бірінен бірі асқан жасыл, бірінен бірі тамаша жайлауларын көрмей Ризеден кетуге болмайды. Басы бұлт тіреп тұрған осы жайлауларға шығу біраз қиындау. Тік және тар жолдар мен қиын бұрылыстар күтіп тұрады бізді жолда. Бірақ алаңдамаңыз, бізге осы өңірді жақсы білетін бір кісі серік болады.  Егер бағдарламамызды тыңдап, жайлауға барғыңыз келсе, міндетті түрде бір гидтен көмек сұраңыз. Сонымен бірге 2 мың метр биіктікке шығатынымызды ұмытпаңыз, сондықтан қалың киім алып жүріңіз.

Бүгінгі саяхатта сізге бір тосын сыйым бар. Сіздерді тек жайлауға емес, бұлт теңізіне де алып барамыз.  «Бұлт теңізі» деген не? деп сұрап жатырсыз. Мен айтпай-ақ қояйын. Сіз өз көзіңізбен көріңіз. Әл ендеше, дайын болсақ, Ризе жайлауларына қарай жол тарталық.

Біз жайлауға тыныштық табу және керемет табиғатпен жалғыз қалу үшін шығамыз. Алайда Қаратеңіз аймағында бір жайлау мәдениеті мен жайлау өмірі бар.  Өңір халқы маусым айынан қыркүйек айына дейінгі үш айда өмірін жайлауда өткізеді. Осы жайлауларда сонымен бірге түрлі фестивальдер өткізіледі. Фестивальдерде ауыл тұрғындары ең әдемі киімдерін киіп, кеменче және тулум деп аталатын өңірге тән музыкалық аспаптарда ойнайды. Қаратеңізге тән халық биі «Хорон» билейді. Жайлау фестивальдері алуан түрлі, қызықты және көруге тұратын шаралар. Саяхатымызды фестиваль уақытына қарай сәйкестендірдім. Себебі өңір халқын және жайлау тұрмысын жақыннан тануға болатын осы шаттық толы фестивальге сіздер де куә болыңыздар деп жоспарладым.

Ризеде барлық жер –таулы. Тегіс алаң жоқтың қасы. Біз де Качкар жайлауына жай және абайлап өрмелейміз. Ауылдардан өтеміз. Осы ауылдардың көбінде қонып шығу мүмкіндігі бар екенін естен шығармаңыз. Кейбір ауыл тұрғындары үйлерін жайлауға көтерілгендерге арнап ашады.  Осы үйлерде түнегіңіз келмесе пансионаттар да бар.

Ауылдардан өткеннен кейін жайлауға қарай жылжығанда аспанға қарай көтеріліп бара жатқандай болып сезінесіз. Бірақ әрине жолдың барлығын жүріп өтпейміз. Аз уақыттан кейін осы жерлерге сай бір көлік келіп бізді алады.  Ол келгенге дейін сіз алыстан естіліп тұрған кеменченің даусына құлақ түріңіз. Қою жасыл орманмен қапталған, басы бұлттарға тіреліп тұрған Качкардың көрінісін тамашалаңыз.

Алғашқы жайлау – Анзер жайлауы. Әлемге танымал Анзер балы осы жайлауда өсетін 500-ге жуық гүлден алынады. Осы балды теңдесі жоқ қылатын нәрсе болса тек гүлдерден, оның үстіне әлемнің басқа жерінде кездеспейтін гүлден алынуы. Осы балды ерекшелендіретін басқа бір нәрсе – аралар. Анзер балын саны азайып бара жатқан Кавказ сортына жататын ара түрі жасайды.  Анзер балы - тіркелген бал. Ол иммунитетті нығайтады. Көптеген ауруға да шипалы. Түрлі түсті гүлдері және жасылдың ондаған түрімен екі мың метрден биіктіктегі Анзер жайлауы табиғатты серуендеу және фотосурет түсіруге құмарлар үшін таптырмас жұмақ.

Екінші аялдамамыз – Покут жайлауы.  Басы бұлт тіреп тұрған шырша ормандарымен қоршалған бір жайлау. Оны басқа жайлаулардан ерекшелендіретін ең маңызды қасиеті – өңірге тән ағаштан салынған үйлері.  Бұл жер жергілікті және шетелдік туристерді көп тартады. Осы үйлердің ең ескісі 250 жылдық. Кейбірі қонақ күтуге дайын. Тұманның ортасындағы Покут жайлауы - үйлері және көрінісімен фотографтардың таңдаулы орындарының бірі.

Енді сізді бұлт теңізіне апарудың уақыты келді.  Хусер жайлауына барамыз енді. Барлығымыз бірге күннің батуын күтеміз. Себебі осы табиғат кереметі тек күн батқан кезде ғана көрінеді. Хусер жайлауы Ризенің «бұлттардың үстіндегі жайлауы» деп те аталады.  Сіз де осы жерде бұлттардан тұратын теңізді өз көзіңізбен көресіз. Сайдан жайымен жайлауға қарай көтерілген тұман осы бұлт теңізінің керемет көрінісін қалыптастырады. Анау жерде көрініп тұрған әткеншекке отырып, керемет суретке түсіп немесе тамаша панораманы өзіңіз де суретке түсіріп алуға болады.

Ризенің жайлауларын баяндап беруге уақыт жетіспейді. Фестивальдерімен атағы шыққан Элевит және Амлакит, Качкар тау тізбегінің ең биік екінші шыңымен Верченик, адреналин сүйер қауым таңдайтын Овит, бай өсімдік және жануар түрлерімен Айдер.  Ризенің жайлауы көптігі соншалықты біз барлығын айтып бермейік.  Сіздер де келіп көріңіздер.



Ұқсас жаңалықтар