Ризе

Капитанның борт журналы - 5

1977638
Ризе

Ризе

Қайығымызға қош келдіңіз. Бір апта бойы бізге қосылатын жаңа жолаушыларды күттік,  күте отырып жаңа ротамызды қалыптастырдық. Қаратеңізде жолымызды жалғастырамыз. Бүгін ауа райы біраз салқындау. Теңізде жылжи отырып бір стакан шай ішуге қалай қарайсыз? Шайды ұнатамыз ба? Ротамыз – Шығыс Қаратеңіздегі шай алқаптарының 65 пайызына ие Ризе. Қанекей, шайымызды ішіп, саяхатымызды бастайық.

Шай – жер бетінде судан кейін ең көп ішілетін сусын және оның тарихы да өте ерте заманға дейін барады. Ризе Түркияда шайдың астанасы деп аталады. Ризеді әрдайым жаңбыр жауады. Ауқымды территорияда шай өседі. Жағалауға жақындай бастаған сайын бөктерлерде көрінетін сол жап-жасыл алқаптардың барлығында шай өсіп жатыр.

Ризе – бір жағы жасыл, бір жағы көгілдір қала. Әрі тау мен жайлаулары, әрі жағалауымен қала түрлі географиялық құрылымдарға ие. Ризені баяндауды көктен бе әлде жасылдан бастау керек? Бәлкім бір-бірінен қызық тағамдары,шынайы бірақ көнбес мінезді азаматтарынан  бастау керек. Ризе айтуға болатын және көрсетуге болатын көп нәрсе бар. Ал ендеше уақыт оздырмай басталық.

Жерорта теңізінде колония құрған Милеттік батыл теңізшілер бір мезгілден кейін Қаратеңізге де жақындайды. Қаратеңіздің тентек толқындарынан қорықпай, жаңа сауда алаңдарын іздейді. Табиғаты және берекетті жерлеріне қызығады. Осында колониялар құра бастайды.  Ризе  - осы сауда мақсатты құрылған колониялардың бірі. Артынан Ризе парсылар,  Рим империясы, Византия және Османдықтарды қосқанда түрлі өркениеттерге мекен болады.

Саяхатымызды Фыртына сайының бөктерлерінде көтерілетін, Чамлыхемшиндегі Зилкаледен басталық. Қатты тастың үстіне салынған Зилкале – Ризедегі ең маңызды тарихи мекендердің бірі.  Қамалдың қашан салынғаны белгісіз.  Бірақ Орта шақта керуендердің жолы бойында болғаны белгілі. Сонымен бірге тарихи Жібек жолы да осы жерден өткен. Зилкале Еуропаны шығыс мәдениетімен табыстырған Жібек жолы бойында қауіпсіздік қамдаған бір қамал болады.  Бүгінге дейін едәуір жақсы күйде жеткен қамал Түркияның ең көркем қамалдары арасында алғашқы орында. Артынан Качкар тауларының келбетімен Зилкале керемет көрінісімен одан сайын көркем болып көрінеді.

Ризеде назар аударатын басқа бір қамал да Қыз қамалы. Бұл қамал бір түбектің үстіне салынған,  сонымен бірге құрлықпен байланысы үзілген. Бүгінгі күні бір аралшықтың үстінде. Қыз қамалының тек бақылау мұнарағасы ғана бүгінгі күнге жеткен. Қамалдың тас шеберлігі таңғалдырады.

Ризе – Қаратеңіз аймағында не болса, барлығын көруге болатын бір жер. Тік бөктерлі сайлары, басы бұлттарға тиіп тұрған таулары, жасылдың ондаған түрімен жайлаулары, мұздық көлдері, бас айналдыратын жылдамдықпен ағатын жылғалары және әрине шай алқаптары. 

Бағдарламаның аяғына қарай келіп қалдық. Бірақ аяқтамас бұрын Мамыр шай деп те аталатын,  ерте жиналатын шай туралы айтып өтелік. Әлемде шай өсіретін елдер арасында бір ғана Түркияда шайдың үстіне қар жауады. Және осы қар шайдың жаңа жапырақ беруін қамдайды. Міне, қардың арқасында әдемі дәмі болатын осы шай «Мамыр шайы» деп аталады.  Осы шайды маркеттерде таба алмайсыз. Себебі шетелдердің сұранысына орай экспортталады.  Бірақ осында келгеннен кейін сіздерге мамыр шайын ішкізбей жолдамаймыз. Енді шай үшін үзіліс берелік. Осылайша сіз де Ризенің қарымен қоректенген әлемге танымал мамыр шайын ішесіз. Артынан жолымызды жалғастырамыз.

Келесі аптада жайлауға көтерілеміз. Мұздық көлдерін көреміз. Серуен сүйгіштерді ұмытпаймыз.  Рафтинг және кано саяхатын да ұйымдастырамыз.



Ұқсас жаңалықтар