Туындыларында Анадолыны еш ұмытпаған жазушы – Яшар Кемал

Ең қызықты деректер - 28

1971416
Туындыларында Анадолыны еш ұмытпаған жазушы – Яшар Кемал

Анадолыны еш ұмытпаған жазушы – Яшар Кемал

 

Шығармашылық өмірінде көптеген туынды жазған және жалпы Анадолы туралы әңгімелерімен танымал шебер қаламгер Яшар Кемал 1923 жылдың 6 қазан күні дүниеге келді. Қиын балалық шақты бастан кешкен жазушы 3 жасында бір апат нәтижесінде сол көзінен айрылып қалады. Жазуға 8 жасында құмарта бастаған әдебиетшінің табиғатқа, төңірегіне және өз қоғамына деген ықыласы ең үлкен шабыт көзі болады.

Алғашқы кітабы 1943 жылы жарияланды.

Чукурова және Тавр таулары аймағынан жинақталған жоқтаулардан тұратын «Жоқтаулар» атты алғашқы кітабы 1943 жылы жарияланды.

Яшар Кемал 1946 жылы әскери борышын өтеп жүріп Кайсериде алғашқы повестер жинағын жазды.

1951 жылы Стамбулға көшіп барған жазушы жазушылық өмірін «Яшар Кемал» деген қолтаңбамен жалғастыруға шешім қабылдайды. Туындыларында Анадолы азаматтарының экономикалық және әлеуметтік мәселелерін баяндауға тырысады. Оның еңбектері шет тілдерге аударылып, Еуропада да танымал бола бастайды.

«Сары ыстық» атты кітабын 1952 жылы жазған шебер қаламгер осы туындысында кедейлік, зорлық, ұйымшылдық, табиғат сүйіспеншілігі, адам мен табиғат қақтығысын арқау қылады.

«Индже Мемет» бетбұрыс болды

Яшар Кемал алғашқысын 1955 жылы жазған 4 томдық «Индже Мемет» романы жазушының әдебиет әлемінде жаңа парақ ашты. Бұл кітап 40-тан астам тілге аударылды.

Атақты жазушы туындыларында қарапайым тіл қолдануды таңдайды. Роман мен әңгімелерінде көбіне Чукурова өңіріндегі адам тағдырларын қолға алды.

Жазушының 9 туындысы көркем фильмге арқау болды.  Көптеген туындысы театрда қойылды. Кітаптарында Анадолының аңыз бен ертегілерінен де пайдаланған жазушы 1970 жылдан кейін романдарында қала тұрғындарының өмірі туралы жазды.

Жазушы 7 университеттен «Құрметті доктор» атағын алды.  Осы университеттердің екеуі – шетелдік университеттер. 1973 жылы Нобель Әдебиет сыйлығына кандидат ретінде көрсетілген қаламгердің атағы әлемге тарады. Артынан тағы да бірнеше мәрте осы сыйлыққа ұсынылды.

Өлең, роман, хикая, естелік, сұхбат, публицистикалық шығарма, драматургиялық шығарма, мақала және сценарий секілді көптеген әдеби түрде туынды берген Яшар Кемал түрік әдебиетіне 26 роман, 11 публицистикалық шығарма, 9 сұхбат, 2 хикая және поэзияда көптеген шығарма қалдырды.

Яшар Кемал денсаулығы нашарлап, 2015 жылдың 28 ақпан күні 92 жасында дүниеден озды.



Ұқсас жаңалықтар