Атақты географ Страбонның Амасияда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 30

1964959
Атақты географ Страбонның Амасияда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Әлемге танымал тұңғыш географтың Түркияның Амасия қаласында дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Амасия – Түркияның екінші үлкен өзені Йешилырмактың шетінде салынған бұлақтары, алма бақтары, таулары, жазықтары және көлдерімен көптеген сұлулыққа ие бір қала. Сондай-ақ география дегенде әлемде аты алғаш аталатын, географтардың атасы ретінде қабылданған Страбонның туып-өскен және өмір сүрген қаласы болып табылады.

Дүние жүзіндегі тұңғыш географ және философ, тарихшы Страбон біздің дәуірімізге дейінгі 64-ғасырда Амасияда ауқатты отбасының баласы болып дүниеге келген. Бүгінде қаланың қақ ортасында осы атақты тарихшы-географтың мүсіні бар.

Амасия – Анадолыдағы ең көне елді мекендердің бірі. Хетттерден бастап әртүрлі өркениеттердің орталығына айналған қаланың ең көне атауы әлі күнге дейін өзгермеген «Амасия» болып табылады.

Страбон жазған атақты география кітабында Амасияны «Amassei» деп те атайды. Страбонға қарағанда «Амасия» атауы осы жерде өмір сүрген Амазонкалар патшайымы «Амассистен» шыққан.

Амасия қаласының нақты құрылған уақыты белгісіз болғанымен, елді мекен Хетт дәуіріне дейін созылып, бүгінгі күнге дейін 19 түрлі мемлекеттің билігінде болғаны болжалуда. Біздің дәуірімізге дейінгі 281 жылы негізі қаланған Понти патшалығының бас қаласы болған Амасияда понти патшаларының патшалық жартас мазарлары бүгінгі күнге дейін сақталған.

Бұл қабірлер Амасия қамалының етегіндегі жалпақ қабырға тәрізді тігінен созылып жатқан әктас жартастарға қашалған. Йешилырмак алқабында әртүрлі көлемдегі 21 бейіт бар екені белгілі болғанымен олардың бірнешеуі ғана сақталған.



Ұқсас жаңалықтар