Әлем тарихында жазылған ең үлкен жеңістің "Чанаккале теңіз жеңісі" екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 28

1958509
Әлем тарихында жазылған ең үлкен жеңістің "Чанаккале теңіз жеңісі" екенін білетін бе едіңіз?

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды майдандарының бірі Чанаккаледегі соғыстың басталуы және аяқталуы әлем тарихында ешқашан ұмытылмайтын бір жеңістің алғашқы қадамы болды.

Антанта державалары 1915 жылы одақтастары Ресейге Дарданелл бұғазынан өтіп жәрдем жеткізбек болды. Осы уақытқа дейін жеңіліс көрмеген Ұлыбритания теңіз флоты Осман мемлекетіне шабуыл жасап, осылайша соғыста Османлы мемлекетін жоюды жоспарлайды.

Дегенмен одақтас мемлекеттер үшін жоспарланған ешбір нәрсе орындалмайды. Осман мемлекеті одақтас мемлекеттердің теңіз флотына қарсы 1915 жылы 18 наурыз күні үлкен жеңіске жетіп, бұл жеңіс тарихқа «Чанаккале теңіз жеңісі» деген атпен енді.

1916 жылдың 9 қаңтар күні дейін созылған Дарданелл соғыстарында көптеген қызықты оқиғалар тіркелді. Соғыс кезінде бір шаршы метрге орташа есеппен 6000 оқ тасталды.

Бұл дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Екі оқтың ауада соқтығысу ықтималы 600 миллионнан бір деп аталады. Чанаккаледе жүргізілген ұрыста қорғаныс бекіністерінің бір-біріне жақындығы себепті ауада соқтығысқан және бір-бірінің ішіне кірген көптеген оқ табылды. Чанаккале шайқасында түрік армиясында ер адамдармен қатар әйелдер де жаяу әскер және мерген болып соғысты. Соғыс кезінде ефрейтор Сейіт атты бір жауынгер 250 фунттық үш оқты адамдық күшімен арқасына көтеріп, зеңбірекке өзі салған.

Ұрыс майданын әуеден бақылап ұшқан бір британдық ұшқыш жағалаудан 50 метр жерде теңіздің қызыл қанға боянып жатқанын көріп, мұның өмірінде көрген ең қорқынышты оқиға екенін баяндайды. Тараптар үлкен шығынға ұшыраған бұл соғыс пен басқа да соғыстарда көрген азаптың бұдан былай әлемнің ешбір жерінде болмауын тілейміз.

Бағдарламамызды Мұстафа Кемал Ататүріктің мына сөзімен аяқтаймыз: «Ұлт өміріне қауіп төнбесе, соғыс - бұл кісі өлтіру».



Ұқсас жаңалықтар