Қаратеңізде саяхат

Капитанның борт журналы - 2

1957971
Қаратеңізде саяхат

Қаратеңізде саяхат

Қайығымыз «Жиһангезге» қош келдіңіз. «Жиһангезбен» саяхатымызды Түркияның солтүстігінен бастаймыз. Сапарымызды неге Қаратеңізден бастаймыз? Себебі «Көгілдір саяхаттың» арқасында Түркияның Жерорта теңізі және Эгей теңізіндегі жағалауы өте танымад. Бірақ Қаратеңіз соншалықты танымал емес.  Біз сондықтан өзгеше ротадан бастауды жөн көрдік.

Қаратеңізді Украина, Ресей, Грузия, Түркия, Болгария және Румыния қоршап жатыр. Мыңдаған жыл бұрын Қаратеңіз үлкен көл болған. Босфор бұғазының қалыптасуымен жабық көл болудан құтылып, теңізге айналады. Қаратеңіз – тентек теңіз. Оның мінезін алдын ала болжау қиын. Екі мың жыл бұрын Рим ойшылы Аға Плиний бұл теңіздің «қонақ ұнатпайтын» деп аталғанын айтады.  Шындығында да Қаратеңіз дауыл мен қатты толқындары толастамайтын, паналайтын табиғи порттары жоқ бір теңіз. Жерорта теңізі мен Эгей теңізінің тыныш суында жүзген грек теңізшілер үшін қауіп пен қатерге толы Қаратеңіз. Көп уақыт бойы жергілікті халықтан басқа ешкім Қаратеңізде жүзу батылдығын көрсете алмайды. Кеме жасауда қолданылған материал мен техникалар жетілген сайын мықты кемелер салына бастайды.  Содан кейін ғана Қаратеңіздің адам бойынан асатын мықты толқындары грек теңізшілерін қорқытпайды. Оны сенімді теңіз деп қабылдай бастайды.  Тіпті «қонақ ұнатпайтын» деген атағын «қонақты жақсы көретін теңіз» деп өзгертеді.

Осылайша кемелер байлықтары туралы көп айтылған, бірақ баруға адам батылдығы жетпейтін Қаратеңізге қарай жолға шығады.  Қаратеңіз геосаяси тұғыры себебімен де назар аударады. Бірақ эллиндерді осы аймаққа тартқан нәрсе  - бір аңыз. «Алтын тері» деген аңызға қарағанда, аймақ алтын кені тұрғысынан да бай. Осындағы өзендерден де алтын ағып жатады. Алтынға қол жеткізу, бай болу – барлық дәуірде адамның арманы. Эллиндер дәуірінде де осындай ой болды және Қаратеңіздің байлығын алу үшін отар қалалар құрылады.

Осылайша Қаратеңіз ежелгі дәуірдің бөлінбейтін бөлшегі болады. Жерорта теңізінен кейінгі екінші маңызды орталыққа айналады.

Ауа ашық, аспанда бұлт жоқ. Жел жай еседі. Тыныш теңізде жолымызды жалғастырып отырмыз тап қазір.  Қаратеңіздің тентек суынан қорықпаңыздар. Уайымдамаңыз,  сақтықты да ұмытпаймыз. Жағалаудан көп алыстамаймыз. Әрдайым жағалау бойына жақын жүзіп отырамыз.

 Қаратеңіз аймағы өте байырғы дәуірлерден бастап адамдар әрдайым қоныс тепкен бір аймақ болған. Себебі су көздері тұрғысынан бай, аулауға болатын аңдар мол. Яғни біз адамдар үшін өміршең маңызға ие су мен азыққа қол жеткізу жеңіл. Әлем тарихында адамдар әрқашан суы мол өзен, көл немесе теңіз жағасын мекендеген. Айырықша Қаратеңіздің маңызды сауда жолдарының бойында болуы,  құнды кен резервтері және ормандары осы жерді тартымды аймаққа айналдырған.

Қаратеңіз тауларымен, ормандары және жайлауларымен танымал. Таулардың теңізден бастап тік көтерілуі жағалауда мекен етуге көп мүмкіндік бермейді. Жағалауға қарай сіз де қарасаңыз, көресіз. Адамдар бұрын ағын сулар қалыптастырған атырауларда орналасқан. Территорияның қатаңдығы себебімен археологиялық жұмыстар шектеулі алаңда жүргізіледі. Бірақ сонда да Қаратеңіз аймағында бүгінге дейін жеткен керемет ғимарат табылған.

Трабзонда географиялық шарттарға мойынсұнбаған керемет Сүмела монастыры, бұдан 2700 жыл бұрыннан қалған Синоп қамалы, шағын аралдың үстіне салынған Ризедегі Қыз мұнарасы.  Қаратеңізде сіздерді осы жерлерге алып барамын. Әрине тек тарихи және археологиялық мекендерді араламаймыз,  қайығымызды тоқтатып қойып, жап-жасыл жайлауларға көтерілеміз. Ауқымды ормандарда серуендеп,  әлемнің ең жылдам ағатын өзендерінің бірі Чорух өзенінде рафтингке қатысамыз. Қаратеңізде көруге болатын, қыдыруға болатын өте көп жер бар.  Сондықтан бүгінге дейін неге осы өңірге келмедік деп сұрауыңыз мүмкін.

Қараңыз, міне, Қаратеңізге тән балықшы қайықтарын көре бастадық. Такалар.  Олар така деп аталады. Така қайығы қызыл, жасыл, көк түстерде шағын, бірақ жүк тасу әлеуеті жоғары, баяу, бірақ сенімді қайық болып табылады. Бір таканың жанына жақындайық, капитанынан Қаратеңізді сұрайық. Көрейік, ол бізге не айтып берер екен. Біз онымен әңгімелесіп жатқанда, сіздермен қоштасайын. Сіздермен келесі апта кездеселік.



Ұқсас жаңалықтар