«Байрамич ағының» тек Қазтауында өсетін эндемикалық түр екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 20

1932293
«Байрамич ағының» тек Қазтауында өсетін эндемикалық түр екенін білетін бе едіңіз?

 

Анадолының батысында, мифологиялық аты «Ида» болып табылатын Қазтауларының солтүстік бөктерлеріндегі Чанаккаленің Байрамич ауданында өсетін «Байрамич ағы» - нектариннің бір түрі.  Дәмі мен иісі жағынан басқа нектарин түрлерінен ерекшеленеді.  Қазтауларынан келетін орман ауасы және теңіздің атмосферасы арқасында дәмі керемет.  Байрамичтегі осы климат «Байрамич ағының» басқа бір жерде өсуіне мүмкіндік бермейді.

Түсі,  дәмі, иісі тұрғысынан 2013 жылы «Байрамич ағы» деген атпен Түркияда географиялық түрде бекітілген жеміс 2021 жылдың 16 сәуір күні Еуропа Одағы Ресми газетінде жарияланып,  Түркияның Еуропа Одағынан географиялық белгі алған жетінші өнімі. Үш науқанда жиналатын осы жеміс нектариннің басқа түрлеріне қарағанда көп уақыт сақталады.

«Байрамич ағы» - денсаулыққа пайдалы. Антиоксидантқа бай, қатерлі ісіктер мен ішек ісігі секілді ісіктің кейбір түрлерінің алдын алатын табиғи қасиетке ие. Калориясы да төмен болғандықтан салмақ тастауға тырысқандар үшін де керемет жеміс. Құрамындағы лютеин көзге пайдалы. Теріге де жақсы әсері бар осы жеміс косметика саласында да қолданылады. Осы ерекшеліктерімен жеміс Түркияның экспорт өнімдерінің бірі ретінде үлкен сұранысқа ие.



Ұқсас жаңалықтар