Ежелгі әлемнің жеті кереметінің екеуі Түркияда орналасқанын білесіз бе?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 19

1931392
Ежелгі әлемнің жеті кереметінің екеуі Түркияда орналасқанын білесіз бе?

 

Жеті саны ежелгі дәуірде белгілі бес планетаның, күн мен айдың қосындысы болғандықтан, гректер үшін құнарлылық пен кемелділікті білдірген. Сондықтан жеті саны әрқашан қолданылған. Солардың бірі әлемнің 7 кереметінің тізімі  классикалық ежелгі дүниенің алғашқы және ең тамаша үлгісі. Ежелгі дәуірлерден бүгінге дейін Жерорта теңізі төңірегіндегі әлемнің ең керемет табиғи және қолдан жасалған сұлулықтары жинақталып қалыптастырылған тізімдегі жеті кереметтің екеуі – Анадолы жерінде.

Әлемнің жеті кереметі тізімінде тұрған Түркиядағы екі жердің бірі – Артемида храмы. Измирдің Селчук ауданындағы Эфес ежелгі қаласына шамамен 4 км қашықтықтағы храм біздің дәуірімізден бұрынғы 550 жылдары салынған деп болжалады. Толығымен мәрмәрден салынған және құрылымы шамамен 120 жыл жалғасқан Артемида храмынан бізге тек бірнеше мәрмәр бағана келіп жеткен.

Түркиядағы екінші әлем кереметі болса Галикарнастағы мавзолей. Бүгінгі күнгі таңдаулы демалыс орталығы Бодрумның территориясында орналасқан мавзолей біздің дәуіріміздің 350 жылы салынған. Кария патшасы Мавзолос үшін әйелі және қарындасы тарапынан салғызылған керемет ғимарат жер сілкінісінде қираған.  15-ғасырда Кресті жорық барысында аймаққа келген армиялар Бодрум қамалын салған кезде мавзолейдің бөлшектері құрылыста қолданылған. Сондықтан мавзолейдің қалдықтары көбіне кем және ашық алаң мұражайы секілді көрінеді. Ғимараттың кейбір бөлшектері Ұлыбританияда Бритиш мұражайында тұр.



Ұқсас жаңалықтар