Интернетті өзгертетін технология: ChatGPT

Ең қызықты деректер - 18

1929094
Интернетті өзгертетін технология: ChatGPT

 

 OpenAI әзірлеген «ChatGPT» деп аталатын робот диалог түрінде өзара әрекеттесетін тіл үлгісі ретінде көптеген тақырып бойынша қанағаттанарлық жауап бере алады. Оны өлең жазуға мәжбүрлейтіндер де, одан кодтауды сұрайтындар да бар...

OpenAI әзірлеген «ChatGPT» деп аталатын робот диалог түрінде өзара әрекеттесетін тіл үлгісі ретінде көптеген мәселелер бойынша қанағаттанарлық жауап бере алады. Оны өлең жазуға мәжбүрлейтіндер де, одан кодтауды талап ететіндер де бар...

**

ChatGPT – жасанды интеллект пен машиналық оқыту арқылы оқытылатын тіл үлгісі. Оны 30 қарашада «OpenAI» жасанды интеллект зерттеу компаниясы бүкіл әлемге қол жетімді етті және шамамен бес күнде бір миллион пайдаланушыға жетті. Пайдаланушылардың ChatGPT-пен сөйлесулерінде жүйенің көптеген мәселе бойынша логикалық және қанағаттанарлық жауап бере алатыны байқалды.

Адамға ұқсас жауаптар бере алатын модель интернеттен алынған үлкен мәтіндік деректермен оқытылды және ол алдағы жылдары іздеу моторларының орнына келуі мүмкін.

ChatGPT-тің артында қандай технология жатыр?

ChatGPT жалпы бүгінгі күнге дейін тілдерді өңдеудің ең үлкен және қуатты технологияларының бірі ретінде аталған GPT-3 технологиясын пайдаланады. ChatGPT-ті ерекше ететін нәрсе - «диалог» үшін оңтайландырылған болуы.

Технологиялар академиясының негізін қалаушы Деврим Данял ChatGPT-нің пайдаланушылардың пікірлерімен толықтырылатынын атап өтті.

ChatGPT қандай тақырыптарда сөйлесе алады?

ChatGPT-нің не істей алатынын тізіп айту қиын. Мысалы ол қалаған тақырыпқа мақала жаза алады, сағат сайын кесте жұмысын жасай алады, жақсы жоба ұсынысын дайындай алады, тіпті мәтін, әңгіме, сценарий мен тағам рецептін жаза алады ...

ChatGPT болашақта қалай дамуы мүмкін?

ChatGPT әзірге өте шектеулі және «OpenAI» жүйенің әлі тестілеу кезеңінде екенін айтып отыр. Бұл модель интернеттен алынған үлкен мәтіндік деректермен дайындалғандықтан, ол беретін ақпарат растауды қажет ететінін есте ұстаған жөн.

Технологиялар академиясының негізін қалаушы Деврим Данял болашақта мақұлданған, расталуды қажет етпейтін ақпаратты ұсынған жағдайда, ол шешім қабылдау механизміне айнала алады деп ойлайды.

 



Ұқсас жаңалықтар