Стратоникея ежелгі қаласы

Анадолының тұңғыштары - 12

1911016
Стратоникея ежелгі қаласы

Стратоникея ежелгі қаласы

Анадолының он мыңдаған жылдық хикаясы бір-бірінен қызықты нәрселерге толы. Оның байлығы еш күтпеген жерден алдыңызға шығады. Ежелгі дәуірден бұрынғы қасиетті рәсімдер ұйымдастырылатын бір алаң немесе зұлымдықтан қашқандар паналаған үңгірлер. Адам баласы тарихы бастау алған жер немесе ғасырларға мойымай тұрған теңдесі жоқ ғимараттар.  Бұлардың барлығы уақытта сапар шеккендей сезімге бөлейді. Анадолы территориясы осыған мүмкіндік беретін керемет мекен. Біз де «Анадолының тұңғыштары» атты бағдарламада бүгін әлемде еш теңдесі жоқ ежелгі қала Стратоникея туралы айтып береміз.

**

Стратоникея ежелгі қаласы Анадолының батысындағы Муглада. Адамдар осы мекенде қола дәуірінен бері үздіксіз тұрған. Бірақ оны басқа ежелгі қалалардан ерекшелендіретін қасиеті – бірнеше дәуір бірге көрінетін елді мекен болуы. Себебі бұл жерде ежелгі дәуірден бастап Рим, Византия, Селчук, Османлы және Республика кезеңдерінің ғимараттарының іздері бар. Осы аты аталған кезеңдердің барлығы бірге және бір жерде көрінеді.

Стратоникея ежелгі қаласы үш мың жылдық жәдігерлерге ие.  Үйреншікті қалалардан өте ерекше Стратоникея ежелгі қаласы, себебі қалада жүріп отырып адам әрі қазіргі кезеңге, әрі өткен кезеңге де куә болады.  Ежелгі қаланы аралайтындар эллиндік дәуірден қалған театрды да көреді, Селчук дәуірінен қалған моншаны да. Бір жағында Рим дәуірінен қалған Мәжіліс ғимараты бар,  бір жақта Османлы кезінде салынған мешіт. Әлемде бір мезетте және бір жерде түрлі дәуірлердің ғимараттары тұрған басқа бір ежелгі қала жоқ. Сондықтан Стратоникея ежелгі қаласы өте ерекше. Сондықтан да ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізіміне енген.

Кейбір деректерге сәйкес, әлемнің ең ірі мәрмәр қаласы ретінде қабылданады Стратоникея ежелгі қаласы. Бұл жерді ежелгі дәуір жазушылары Геродот, Страбон және Павсаний мақтап жазған. Стратоникея «Гладиаторлар қаласы» деп те аталады.  Себебі гладиаторлар осында жаттығудан өткен және шайқасты тастағаннан кейін, яғни құрметті демалысқа шыққаннан кейін осы қалаға қоныстанған.

Стратоникея ежелгі қаласы – Анадолының ең көркем гимназияларының біріне ие.  Гимназиялар ежелгі дәуірде жастар орталығы болған.  Жастар гимназияда әрі спортпен шұғылданған,  әрі білім алған. Сонымен бірге Геката және Зевске арналған екі үлкен қасиетті алаңға ие жалғыз қала мемлекет бұл жер. Қалада табиғи бөктерге салынған он бес мың адамдық театр ғимараты бар.

Қаланың жақын жерінде сол кездің діни орталығы болған Лагина ежелгі қаласы орналасқан.  Осы екі ежелгі қала бір-бірімен қасиетті жолмен байланысқан. Лагина Османлы дәуірінде батыс Анадолыда Осман Хамди мырза тарапынан басталған алғашқы археологиялық қазба алаңы болу ерекшелігіне ие.

 Соңғы кезде Стратоникея ежелгі қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында 1600 жылдық мозаикалар жарыққа шығарылды.  Мамандар осы мозаикаларды төсеу үшін ежелгі қала Эфестен шеберлер келген деп болжап отыр.

Қалаға кірген кезде сізді Османлы және Республика дәуірі ауыл алаңы қарсы алады.  Біраз жүргеннен кейін Эллиндік, Рим және Византия кезеңдерінен қалған бағаналы даңғыл жолдарда жүресіз. Бір сәтте жүздеген жыл өткенге ұшып келгендей боласыз. Артынан алдыңызда Селчук кезеңінен қалған ғимарат шығады. Бұл сізді таңғалдырады,  себебі өзіңізді қай ғасырда екеніңізді сезбей қаласыз. Бағаналы жолдары, гимназиясы, мәжіліс ғимараты, моншалары, мешіттері және Османлы үйлерімен керемет жер бұл жер.  Стратоникея ежелгі қаласында сізді тарихтың іздері күтіп тұрады.



Ұқсас жаңалықтар