Ыспарта раушан гүлі майы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 11-2022

1907180
Ыспарта раушан гүлі майы

Тіркелу уақыты:  07.03.2019 

Раушан өсімдігі Түркияның Жерорта теңізі аймағына орналасқан Ыспарта қаласының символы. Тарих бойынша көптеген салада қолданылған раушан гүлі сонымен бірге гүл майының да шикізаты болып табылады. Түркияда 25 түрлі раушан гүлі өскеніне қарамай, Ыспарта раушан гүлі өнеркәсіп саласында көлемді қолданылады. Раушан гүлі майы Ыспарта Сауда палатасының өтініші бойынша 2019 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Ыспарта раушан гүлі өсімдігі жылы климатқа ие, ауасы жақсы және жарығы мол егістік алаңдарда көктем кезінде құрғақшылық пен тоңазу болмаған, гүлдену кезінде шық түскен аймақтарды ұнатады. Гүл ашу кезінің соңы болған шілде айында раушан гүлдері қолмен бір-бірлеп жиналғаннан кейін «Аламбик» аталған қазанда су қосылып қайнатылады. Осы әдіспен «Аламбик» ішіне орташа 45 литр суға 15 килограм жаңа раушан гүлі салынады және екі сағат қайнатылады. Осы жұмыс үш мәрте қайталанғаннан кейін су мен майды бөлу үшін соңғы рет ажыратылады және мөлшермен 15 литр май өндіріледі. Ыспарта раушан гүлі майы косметика өнеркәсібінде және тәтті-дәмділерде қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар