Мараш балмұздағы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 09-2022

1900514
Мараш балмұздағы

Тіркелу уақыты:  18.04.2018 

Азаттық соғыстағы жеңісімен Түркияның тарихында ерекше орынға ие Кахраманмараш қаласы Түркияның Жерорта теңізі аймағының шығыс шетіне және Жерорта теңізі климаты мен құрлық климатының тоғысқан жеріне орналасқан. Қаланың осы географиялвық ерекшелігі ауыл шаруашылығы, әсіресе іріқара малын өсіру мен сүт өнімдері секторының дамуына үлкен есе қосуда. «Мараш балмұздағы» атымен әлемге танылған қалаға тән балмұздақ Кахраманмараш Сауда және өреркәсіп палатасының өтінішімен 2018 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына енді. «Мараш балмұздағы» Османлы Империясы кезінде сарайларда «Карсамбач» атты бір мұздатылған тәтті негізінде дамытылған. Балмұздақ Кахраманмараш уәлаятының шекарасы ішінде жайлауда өскен жебіршөп, гиацинт (жаңбыр гүлі)  және шафран (крокус) сияқты гүлдермен қоректенетін ешкі сүті мен табиғи салеп сусыны қоспасынан жасалады.

«Мараш балмұздағы» басқа балмұздақ түрлерінен аз көлемімен, ерекше дәмімен, шайналатын серпімді құрылымымен, ашық ақ түсімен және еруге төзімділігімен ерекшеленеді. 


 



Ұқсас жаңалықтар