Немрут тауының ұлттық саябақ екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 9

1901683
Немрут тауының ұлттық саябақ екенін білетін бе едіңіз?

Оңтүстік шығыс Анадолы аймағындағы Немрут тауының сондай-ақ ұлттық саябақ екенін білетін бе едіңіз? 

Оңтүстік шығыс Анадолы аймағында алып мүсіндерімен танымал Немрут тауын қамтитын «Немрут тауы» ұлттық паркі 1988 жылы ұлттық парк мәртебесін алған 13 мың 827 гектарлық бір аумақты құрайды. 

Ұлттық саябақ алаңында аралайтын көптеген жерлер бар. Немрут тауына баратын бірінші орын - келушілер күннің шығуын тамашалайтын шығыс террассасы. Бір жерге дейін көлікпен барып, орта есеппен бір сағат тау төбешікпен жүруді қажет ететін қиын жолмен жетеді. Жол бойындағы тамаша көрініс барлық қиындықтарға тұрарлық. Шығыс террассасында сіз күнді Немрут тауының мүсіндерімен бірге қарсы аласыз. Немрут тауының батыс террасасы пирамида тәрізді кесененің арғы жағындағы шығыс террассамен және құдайлар галереясындағы мүсіндермен бірдей. Мұнда Коммаген патшасы Антиох I-нің құдайлармен амандасып жатқан және бір арыстан бейнеленген, барлығы бес рельеф бар. Арыстан рельефі 25 000 жыл сайын болатын «Арыстан гороскопы» деп аталатын астрологиялық оқиғаны білдіреді және әлемдегі ең көне «грек гороскобы» деп айтылады. Батыс террассында аймақтың ең биік тауы Немруттың басқа таулар мен төбелердің үстіне түскен көлеңкесінен қалыптасқан пейзаждың сұлулығы да көруге тұрарлық. 

Ұлттық саябақтың ішінде сондай-ақ «Ескі қамал» деп те аталатын «Арсамей» қирандылары бар. Сонымен қатар Немрут тауының «Қаракуш» төбесінде Коммаген патшалығына тиесілі бір ескерткіш бар. «Немрут тауы» ұлттық саябағында әлі де қолданыста жүрген әлемдегі ең көне көпірлердің бірі Джендере көпірі де бар. Ұзындығы 120 метр, ені 7 метрлік көпір үстіндегі латын жазуы бойынша б.з.д. 200 жылы Рим императоры Септим Северус өзінің сүйікті әйелі мен ұлдарының атына салған. 

Көпірмен жаяу ғана жүруге болады. Джендере көпірі түрік кинематографиясында да көп рет пайдаланылды. 



Ұқсас жаңалықтар