"Немрут" тауының Дүниежүзілік мұра тізіміне енгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 8

1896553
"Немрут" тауының Дүниежүзілік мұра тізіміне енгенін білетін бе едіңіз?

Оңтүстік шығыс Анадолы аймағындағы Немрут тауының ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енгенін білетін бе едіңіз?

Әрі вулкандық тау, әрі табиғи ескерткіш, әрі де адам қолымен жасалған тарихи бір туынды ерекшелігіне ие «Немрут тауы» 1987 жылынан бері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде.

Оңтүстік шығыс Анадолы аймағының культтік тауы «Немрут» (Иеротезия) Адьяман қаласының Кахта ауданына жақын жерде орналасқан. Биіктігі 2150 метр болатын тауды біздің дәуірімізге дейінгі 1-ғасырда Коммаген патшалығы жұмбақ алып мүсіндермен жабдықтаған.

Патшалықтың ең танымал билеушісі Антиох Теостың атынан тауға орналастырылған биіктігі 10 метрлік алып мүсіндер бүгінде «Немрут» қирандылары ретінде аталып, жыл сайын мыңдаған келушіні «Немрут» тауында жинайды.

Қирандыларды 1881 жылы ауданды басқарған инженер Карл Сестер тапты. Неміс археологы Отто Пунчтейн және сол кездегі атақты ғалым Осман Хамди бей аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аймақтан көптеген қалдық пен құжатты тапты.

Табылған заттар арасындағы грек жазбасының арқасында өлке тарихы мен мүсіндер туралы егжей-тегжейлі мәлімет алынды. Тарихтың куәсі болған және сол кезде сенген құдайларды бейнелейтін бұл алып бас мүсіндер барлық діндер мен мәдениеттерді бір тудың астында жинауға арналған деп есептеледі.

Мүсіндер себепті «Құдайлар тауы» деп те аталатын «Немрут» шыңындағы бұл алып мүсіндердің қалай жасалғаны күні бүгінге дейін жұмбақ. Археологтар таудан табылған әктастардың пішіні сонда болған деп болжайды. Дүниежүзінде осыған ұқсас масштабтағы төбешіктердің бірі болып табылатын «Немрут тауы» күн батқанда және әсіресе күн шыққанда да көруге тұрарлықтай ерекше теңдесі жоқ бір атмосфераға ие.



Ұқсас жаңалықтар