Түрік локумының жүздеген жылдық бір тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 01

1875556
Түрік локумының жүздеген жылдық бір тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Түрік локумының жүздеген жылдық бір тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Османлы дәуірінде сарай асханасының маңызды бір бөлігі болған түрік дәмдерінің жүздеген жылдық тарихы бар. Парсы империясында б.з.д. 226 және 652 жылдар арасында билік еткен Сасанидтер жиі тұтынатын «абхиса» тәттісі локумның "атасы" деп есептеледі.

Анадолы географиясында шамамен 15-ғасырда қайта жанданған түрік локумы 17-ғасырда өте танымал және сұранысқа ие бір ләззәтке айналды. 18-ғасырда саяхатшылар арқылы Еуропада таныла бастады және осы елдердің барлығында танымал болды. Сұраныстың артуымен 1777 жылы Османлыда жаппай өндіріс басталды. Алғашында бал, жеміс шәрбаты мен ұн араластырып өндірілген локум крахмал және тазартылған қант шыққаннан кейін бүгін таңда дәмі өзгерді.

Түрік локумы әдетте түрік кофесімен бірге ұсынылады. Соңғы кездері шай ішетін уақытта да қанттың орнына тұтынылатын локум печеньенің арасында тойдыратын бір дәмді тағам ретінде тұтынылады.

Бүгінгі таңда құрамына грек жаңғағы, жаңғақ, пісте, даршын, раушан және жемістер қосылған түрік локумы - түрік асханасының тәттісі ретінде таңдалған әдемі сыйлықтардың бірі.



Ұқсас жаңалықтар