Қарапайым сұлулықтың көркемдігі - Айя-София

Анадолының тұңғыштары - 35

1833179
Қарапайым сұлулықтың көркемдігі - Айя-София

Анадолының тұңғыштары -35

Бірінші рет барған жеріңізде нені көргіңіз келеді? Ашық жерлер мен алаңдар ма? Әлде сіздің басымдығыңыз мұражайлар немесе тарихи орындар ма? Бұл сұрақтың жауабы әрбір кісіге қарай өзгереді әрине.  Алайда мәдениет туризмі шеңберінде қарасақ,  діни ғимараттар баратын жерлердің басында келеді.  Көбі қаламен астасып кеткен,  кейде қаладан да бұрын аты аталатын осы ғимараттар діннен тәуелсіз бір мекенге айналады,  сәулетімен және ішкі жағының дизайнымен адамдарды өзіне тартады. Бір діни ғимараттың түрлі нанымдағы адамдар немесе ештеңеге сенбейтін адамдар тарапынан зиярат етілу себептерінің басында ғимараттың көркемдігі келеді.  Себебі осы ғимараттар таңғалдыру және өзіне ұқсас басқа ғимарат болмауы секілді ойлармен салынады.  Міне, бүгінгі күні храмдар, шіркеулер мен мешіттерге сол себептен адамдар көп келеді.

Орта шақта құдайдың үлкендігіне, шіркеудің қолсұғылмаушылығына және адамның әлсіздігіне назар аудару мақсатымен өте үлкен готикалық сәулет нысандары, соборлар салынған Еуропа қалаларында. Алайда олардан ғасырлар бұрын Анадолыда болса керемет сәулет үлгісі бой көтереді. Айя-София.

**

Жер бетінде адам ең көп келетін құнды мәдени болмыстардың бірі – Айя-Cофия. Тарихтың барлық кезеңінде саяси, діни және әлеуметтік оқиғалардың орталығында болған Стамбулдың жүрегіне салынған.  Тоғыз жүз жылдан астам уақыт шіркеу, бес ғасырға жуық мешіт, 86 жыл мұражай ретінде адам баласына қақпасын ашқан.  Көркем Айя-Cофия 2020 жылы қайтадан мешітке айналдырылды.

Айя-Cофия Шығыс Рим немесе кең таралған атымен Византия Империясының ең үлкен шіркеуі.  Салынған кезде пирамидалардан кейінгі ең үлкен ғимарат болған.  Осы ерекшелігін мың жыл бойы сақтаған.  Бір жерде үш рет салынады.  Бірінші рет салынғанда Үлкен шіркеу деп аталады.  Қайта салынғаннан кейін «Қасиетті даналық» деген мағынаға келетін Айя-Cофия аты беріледі.

Осы ғимараттың көркемдігі мен сұлулығы соншалықты сол кездің ұлы ақындарының бірі Павлос мың жолдан көп ұзын дастан секілді поэма жазады оны мақтау үшін. Көрген адамды таңғалдыратын Айя-Cофия сәулетін, құрылысында қолданылған материалдарды, мозаикаларын егжей- тегжейлі баяндайды. Павлостың 6-ғасырда жазған осы туындысы тілі жоқ ғимараттың тілі болады.  Ғасырлар бойы адам баласына нұсқаулық қызметін көрсетеді.

**

Барлық нәрсесімен адамды сиқырлап алады Айя-Cофия, бірақ оған әлемнің ең үлкен екінші ғимараты деген атақты алып берген, теңдесі жоқ күмбезі.  Себебі биік және ауқымды күмбезі әрі сырттан керемет көрінеді,  әрі іште алпауыт болып тұр. Шаршы жоспарлы ғимараттың үстіне орналастырылған жалғыз дәу күмбез Византия Империясының күші мен ірілігін бейнелейді. Кереметтігі соншалықты өзі салынған дәуірде әлемнің сегізінші кереметі деп аталады.

Айя-Cофия үшін империяның билігі астындағы жерлерден материал жеткізіледі.  Анадолы және Сириядағы ежелгі қала қалдықтары да қолданылады. Осылардың арасында назарды ең көп аударатыны – Эфестегі Артемида храмының бағаналары. Айя-Cофияда қолданылған ақ, жасыл, қызғылт және сары түсті мәрмәрлер Мәрмәр аралы, Грекия, Сирия секілді жерлерден жеткізілген. Ішкі қабырғалары мен едені толықтай мәрмәрмен қапталады. Осында қолданылған мәрмәрлердің барлығы үлкен блоктар күйінде екіге кесіліп, симметриялық түрде төселеді.  

**

Айя-Cофия өзі салынған кезден бастап әрдайым назар аударып келді.  Түрлі мәдениеттерге,  түрлі нанымдарға куә болды. Әлемде әрі өнер, әрі сәулет, әрі діни тұрғыдан осыншама құнды және маңызды ғимарат өте сирек.  Паганизм, христиандық және Исламияттан іздерге ие. Сондықтан ғимарат мағынасында да, символикалық мағынада да әлемнің алдынғы қатарлы ескерткіштерінің бірі.

Айя-Cофияның аты өзі салынған кезден бүгінге дейін әрі тарихи, әрі саяси мәтіндерде кездеседі.  Сонымен бірге аңыздарда да. Кереметтігі соншалықты жоспарын адамдар емес, Құдайдың өзі жолдаған және белгісіз әлемнен келгені айтылған біреу сызды деп айтылады. Осындай ғимаратты жоспарлап,  салуға адам ақылы жетпейтіні атап көрсетіледі. Тілден тілге тараған аңыз осылай жырлайды. Сонда да алғашқы кезден-ақ Айя-Cофияның сәулетшілерінің кім екені белгілі. 

**

Айя-Cофия тоғыз ғасырдан көп уақыт Византия Империясының ең ірі діни ғимараты ретінде қалады. Салынған күннен бастап императорлардың барлығының тәж кию рәсімдері осында жүзеге асады.  1453 жылы Фатих Сұлтан Мехмет Стамбулды жеңіп алғаннан кейін басқаша ерекшеленеді. Фатих христиан әлемі үшін мағынасы зор осы ғимараттың мешітке айналдырылуын қалайды және мұнара, мінбер және михраб секілді исламдық элементтер қосылады.

Айя-Cофия Османлы кезіндегі ең маңызды реставрацияларының бірін Сұлтан Абдулмежит кезінде басынан өткізеді.  Итальян текті Фосатти ағалы-інілі сәулетшілер әрі ғимараттың күмбез, бағана секілді негізгі элементтерін,  әрі ішкі және сыртқы декорациясын жаңалайды.  Осы жөндеу барысында бір итальян шебер қабырғадан төгілген мозаикалардан Сұлтан Абдулмежиттің тұғрасын жасайды.  Мозаика бөлшектерімен жасалған Османлы падишаларының жалғыз тұғрасы бұл.

**

1923 жылы Түркия Республикасы құрылғаннан кейін Айя-Cофия тағы бір рет куәлігін өзгертеді және мұражай ретінде ашады есігін.  Айя-Cофия, Ипподром, Айя Ирини, Кіші Айя-Cофия мешіті және Топкапы сарайын қамтыған «Археологиялық саябақ» шеңберінде ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енеді. Адам баласының осы ортақ мұрасы 2020 жылы Айя-Cофия мешітіне айналды.

Айя-Cофия – осы топырақтың ең үлкен екі империясының өнер, сәулет және тарихының ең мемориалды ескерткіші. Архитектура тарихында бірінші рет қолданылған элементтері,  мозаикалары және әлемнің ең үлкен «мешіттегі көркем жазуымен» белгілі бір уақытқа жатпайтын туынды. Көлемі алпауыт болса да,  қарапайым сұлулықтың көркемдігімен қарсы алады адамды.



Ұқсас жаңалықтар