Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келді

Еуразия күн тәртібі – 38

1829721
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келді

Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына сапарына тоқталамыз.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 10-11 мамыр күндері Түркия Республикасына тұңғыш сапармен келді. Қазақстан делегациясы алғашқы аялдамасында Анткабірге барды. Артынан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алды. Қарсы алу рәсімінен кейін президенттер оңаша бас қосты. Кездесулер кеңейтілген түрмен жалғасты. Кездесу соңында Түркия мен Қазақстан арасында 15 келісімге қол қойылды. Президенттер екі ел арасындағы Кеңейтілген Стратегиялық Әріптестікке байланысты ортақ құжатқа қол қойды. Осылайша Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар «Кеңейтілген Стратегиялық Әріптестік» өресіне көтерілді. Бештепедегі Ұлттық кітапхананы аралаған Тоқаев кітапханаға кітап сыйлады.

11 мамырда президент Тоқаев түрік іскерлермен жиналыс өткізді. Жиналысқа Түркия президентінің орынбасары Фуат Октай да қатысты. Тоқаев жиналыстағы сөзінде пандемия кезінде Қазақстандағы түрік инвестициясының азаймағанын, қазір 4 мың түрік қаржылы компанияның елде жұмыс жасағанын, Қазақстанда келер ай өткізілетін Атазаң референдумынан кейін инвесторлар үшін тіпті жақсы жағдайлар жаратылатынын айтты. Президент Тоқаев Коч Холдинг, Йылдырым Холдинг сияқты түрік компаниялардың төрағаларымен жеке-жеке кездесті. Кездесуде миллиард долларлық келісімдер жасалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия сапары бірнеше салада өте маңызды болды. Сапар аясында Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсібі компаниясы мен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге сай Түрік ұшқышсыз әуе көлігі «ANKA» Қазақстанда өндіріледі және «ANKA» өндірілетін тұңғыш ел болады. Қорғаныс саласында барлау мәліметтерін бөлісу тақырыбында жасалған келісімдер аймақтағы тепе-теңдікті қорғау, Қазақстанның қауіпсіздігі тұрғысынан ерекше маңызды болып табылады.

13 мамырдан бастап екі ел арасындағы ұшақ рейстері екі есе артты. Бұдан кейін екі ел арасында аптада 124 ұшақ рейсі іске қосылады. Сапар кезіндегі келісімдер шеңберінде Қазақстан Түркия үшін транзит өткел құжаты санын 2 мыңнан 15 мыңға көтерді. Батыс елдері Ресейден айналып өтетін қатынас дәліздеріне беталған қазіргі кезеңде Түркия мен Қазақстан маңызды транзит елдер ретінде осы саладағы ынтымақтастығын бекемдеп келеді.

Қазіргі 5 миллиард доллардан асқан сауда мөлшерін президенттер 10 миллиард долларға көтеру нысанасын белгіледі. Екі жақтылы қарым-қатынастардағы жанды күш осы нысанаға алдағы жылдарда жету мүмкіндігін беруде. Ескерте кетейік, Түркия Қазақстанның ең ірі бесінші сауда ортағы ерекшелігінде.

Қорыта айтқанда, президент Қасым-Жомат Тоқаевтың Түркия сапары ойдағыдай өтті. Әсіресе қорғаныс, барлау, экономика, жаңашыл технологиялар, қатынас салаларында маңызды келісімдерге қол қойылды. Түрік-қазақ ынтымақтастығының бекемделуі Түркі әлемінің күшеюіне де есе қосады.



Ұқсас жаңалықтар