Аллергиялық конънюктивит (көзге аллергия)

«Денсаулық зор байлық» - 35

1819412
Аллергиялық конънюктивит (көзге аллергия)

«Денсаулық зор байлық» - 35

Бүгінгі бағдарламамызда аллергиялық конънюктивитке (көзге аллергия) табиғи шешімдерді тілге тиек етеміз.

Көздің қызаруы, көздің жасы және қасумен өзін көрсететін аллергиялық конъюнктивит өте жиі кездесетін бір көз ауруы болып табылады. Аллергиялық конъюнктивит екі көзге де бірдей әсер етеді.

  • Көздің қышуы және қызаруы,
  • Көздегі жану сезімі,
  • Қабақтың ісінуі,
  • Көздің суы жалпы белгілер.

Аллергиялық конъюнктивиттен сақтану үшін алдын алу шараларын төмендегідей атауға болады:

  • Тозаң қарқынды және күн сәулелері жерге ең тік түскен кезде сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін қажет болмаса күнге шықпау,
  • Көшеге шыққанда күннен қорғайтын көзілдірік, баскиім, қолшатыр қолдану,
  • Үйде тозаң сүзгілері бар кондиционерлерді пайдалану,
  • Тозаң маусымында үй мен көлік терезелерін жабу,
  • Химиялық заттар, бояу мен парфюмериядан аулақ болу,
  • Жүнді үй жануарларынан аулақ болу,
  • Темекі түтінінен және дымқыл ортадан аулақ болу,
  • Үйде шаң тұтатын кілем мен қалы сияқты заттарды қолданбау.

Көзді қорғау шаралары;

  • Көзіңізді қасымаңыз,
  • Суық компресс жасау. Компресс қышуды және қабынуды азайту арқылы пайдалы.
  • Жасанды жас тамшыларын көзге салқын кезде тамшылату және
  • Контактілі линза пайдалануды уақытша тоқтату.

Ардақты тыңдаушылар, бұл шараларға қоса

Триггерлерден аулақ болу 

 Суық компресс

Зақымдалған көздің үстіне салқын компрессті таза бір шүберек, дәке немесе сүлгімен жасаңыз, қышу мен ауырсынудың жеңілдеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ ісінуді азайтуға көмектеседі. Дегенмен екі көзге бір шүберекті қолданбаңыз, әр көзге әртүрлі шүберек қолданған жөн.

Қою шайдың пакеті

Аллергиялық конъюнктивитті емдеу үшін тағы бір тиімді әдіс болса қою шай пакеттерін пайдалану. Қою шайдың құрамындағы таниндер көзіңізді тыныштандырады және ауырсыну мен қабынуды азайтуға көмектеседі.

2 кесе ыстық суға 5 шай пакетті қойыңыз. Шай пакеттерін алып, оларды таза табаққа салып, салқындатыңыз.

Шай пакеттерін көзіңізді жұмып болғаннан кейін 15-20 минуттай көзіңізге ұстаңыз. Жағдайыңыз жақсарғанға дейін бұл әдісті күніне 3 немесе 4 рет жасаңыз.

Түймедақ

Түймедақ шайы салқын компресс немесе көзді жуу материалы ретінде пайдаланған кезде қышу мен көздің тітіркенуін жеңілдетеді.

2 пакет түймедақ шайы пакетін 2 стакан ыстық суға салып, 5 минуттай тұндырады. Шай пакеттерін шығарып, тоңазытқышқа қойыңыз. Салқындаған шай пакеттерін көзіңізді жұмып болғаннан кейін 10 минуттай көзіңізге ұстаңыз. Жылдам емделу үшін күніне 3 немесе 4 рет қайталаңыз.

Сондай-ақ күніне 2-3 рет таза дайындалған жылы түймедақ шайының суымен көзіңізді жууға болады.

Раушан су тамшысы

Таза раушан суы тыныштандыратын және салқындатқыш қасиетімен көздің қызаруын кетіруге көмектеседі.

Көзіңізді күніне 2 немесе 3 рет таза раушан суымен жуыңыз.

Раушан суына малынған мақта шарын күніне 2 немесе 3 рет көзіңізге 15-20 минут қойыңыз.

Базилик

1 стакан ыстық суға бір уыс өте жақсы жуылған базилик жапырақтарын салып, бетін жауып, 10 минутқа қалдырыңыз.

Суды сүзіп, суығанша күтіңіз. Осымен күніне 2 немесе 3 рет көзіңізді жуыңыз. Сондай-ақ түк қалдырмайтын бір матаны бұл суға малып, жылы компресс жасауға болады.

Қияр

Салқындатылған қияр аллергиядан туындаған қабыну мен қышуды жеңілдететін жақсы бір құрал.

Қиярды қалың тілімдерге кесіңіз. Кесілген кесектерді тоңазытқышта 10 минутқа салқындауға қалдырыңыз.

Суық тілімдерді жабық көздеріңізге 10 минут бойы немесе салқындығы кеткенше қалдырыңыз.

Әдісті күніне бірнеше рет қайталаңыз.

Салқын сүт

Таза бір мақта шарын қайнағаннан кейін салқындатылған сүтпен сулаңыз. Көзіңізді жұмып, айналасын ысқылаңыз. Мұны күніне 2 немесе 3 рет қайталаңыз.

Сондай-ақ түгін қалдырмайтын бір матаны салқын сүтпен сулаңыз және жұмған көзіңізге 15-20 минутқа ұстаңыз. Мұны күніне 3 немесе 4 рет жасай аласыз.

Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар