Когнитивтік бұзылу (ми тұманы)

«Денсаулық зор байлық» - 34

1815952
Когнитивтік бұзылу (ми тұманы)

Бүгінгі бағдарламада «Когнитивтік бұзылуларға (ми тұманы) арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Мидың тұмандығы когнитивтік функциялар шектелген жағдай ретінде анықталады. Адамдардың когнитивтік қызметінде қиындықтар туындағанын көрсетеді және көптеген созылмалы аурулармен бірге жүреді.

Мидың тұманы іс жүзінде медициналық жағдай емес, бұл созылмалы аурулардан кейін байқалатын белгілердің бірі ғана.

  Бұл белгілерді төмендегідей атауға болады:

- Ұмытшақтық, назардың/концентрацияның болмауы,

- Ойыңызды жүйелеу және сөздерді табуда қиналу,

- Заттарды таба алмау, заттарды жиі жоғалту және тіпті күнделікті істерді шатастыру сияқты проблемаларды бастан кешу,

- Шешім қабылдау, тапсырманы бастау немесе аяқтауда қиындықтар,

- Ұйқы проблемалары болуы,

- Күнде таңертең шаршап тұру, құлықсыз, бақытсыз бастау,

- Мазасыздық пен алаңдаушылықтың болуы, жағымсыз ойлардың артуы,

- Орынсыз ашулану, шамадан тыс реакция көрсету,

- Әлсіздік сезімінің жан мен тәнді орауы,

- Күндізгі уақытта ұйықтау, сананың шатасуы және сананың ауытқуы.

  Мидың тұманын қалай емдейді?

  • Ми тұманын емдеуде қарастырылатын бірінші мәселе - тамақтану. 3 ай бойы глютенсіз, қантсыз және сүтсіз диеталық бағдарлама қолданылуы керек. Бұл тамақтану бағдарламасында негізінен жаңа піскен көкөніс мен жемістерді, зәйтүн майы, сары май, кокос жаңғағы сияқты пайдалы майларды, дұрыс ақуыз көздерін, шикі жаңғақтарды және ферменттелген өнімдерге дастарханыңызда орын беріңіздер!
    • Егер сізде созылмалы стресс болса, психологиялық стресті азайту және жақсы ұйқы режиміне ауысуыңыз керек. Ұйықтау қиын болса, мелатонин қолдауымен бірге сізге ұйықтауға көмектесетін валериана, бальзам, майоран, анис, кәдімгі шайқурай сияқты өсімдіктер пайдалы болады.
  • Дене белсенділігін арттыру арқылы ашық ауада қысқа мерзімді 20 минуттық серуендеу ми тұманына жақсы әсер ететіні белгілі. Сондай-ақ демалыс күндері ашық ауада, теңіз жағасында, табиғатта уақыт өткізу жақсы әсер етеді.

  Ми тұманымен күресу үшін;

  • Тыныс алу жаттығуын жасаңыз.
  • Жаяу немесе созылу әрекеттеріне назар аударыңыз.
  • Минералды заттарға бай тағамдар мен сусындарды қолданыңыз.
  • Шөлдемеңіз. Көп су ішіңіз.
  • Күні бойына жеткілікті протеин алыңыз.
  • Түскі ас кезінде оңай қорытылатын тағамдарды жеңіз.
  • Қантты тұтынуды азайтыңыз.
  • Ұйқыңызға назар аударыңыз.
  • Шай мен кофені тұтынуды азайтып, сағат 14:00-ден кейін ішпеңіз.
  • Мелатонинге бай тағамдарды тұтыныңыз. Мысалы шие, зәйтүн, зәйтүн майы, анар, брокколи, жаңғақтар, дәндер мен тұқымдар.
  • Триптофанға бай диетаны қолданыңыз. Басқаша айтқанда жануар ақуыздарын, жаңғақ пен бұршақтарды тұтыныңыз.
  • Ішек денсаулығыңызға назар аударыңыз. Сүйек сорпасын ішіңіз, глютен мен қантты пайдаланбаңыз.
  • Қызанақ, шай, банан, дәмдеуіштер, йогурт, ірімшік және цитрус жемістерін тұтынуды азайтыңыз.
  • Қанықпаған майлар мен омега 3-ті тұтынуды арттырыңыз. Мысалы балық, балық майы, жаңғақ, бақша қараоты және зығыр тұқымы сияқты.
  • Глютенді тұтынбаңыз.
  • Қоспалары бар тағамды тұтынбаңыз.
  • Өте газды, қасқыржем, алма және бұршақ дақылдарын шектеулі түрде тұтыныңыз.
  • Диетаңыздан тазартылған көмірсулар мен қантты алып тастаңыз.
  • Серотонин деңгейін арттыратындай тамақтаныңыз. Триптофан, ақуыз және В дәруменіне бай тағамдар (балық, теңіз өнімдері, жұмыртқа, саңырауқұлақтар)
  • В12 дәруменіне бай диетаны қолданыңыз. (балық, ет, жұмыртқа, бауыр)
  • Фолий қышқылына бай диетаны қолданыңыз. Жасыл, көкөніс, бауыр, балық, дәмдеуіштер, тұқымдар және дәндер сияқты.
  • В6 дәруменіне бай диетаны қолданыңыз. Жануарлар ақуызы, тәтті картоп, тамырлы көкөністер, каштан, сәбіз, шпинат, авокадо сияқты.
  • С дәруменіне бай диетаны ұстаныңыз. Бұрыш, көкөністер, жемістер сияқты.
  • Селенге бай диета жасаңыз. Кешью, дәмдеуіштер, жұмыртқа, жапырағы жасыл көкөністер, қызыл ет, балық, теңіз өнімдері, қара бидай.
  • Йодқа бай диетаны ұстаныңыз. Балық, қарақұйрық, теңіз өнімдері, теңіз аскөгі, йодталған ас тұзын қолданыңыз.
  • Темекі тартпаңыз.
  • Тәттілендіргішті қолданбаңыз.
  • Жүйелі түрде жаттығу жасаңыз.
  • Йога және медитациямен айналысыңыз.
  • Стреспен күресуді үйреніңіз.

       Ми тұманы қалай ретке келеді?

     - Стресті жақсы басқарыңыз.

     - Депрессияңыз болса, емделіңіз.

     - Ұйқы проблемаларын түзетіңіз.

     - Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін жойыңыз.

     - Гормоналды проблемаларыңыз болса, емдеңіз.

     - Жаттығуды назардан тыс қалдырмаңыз.

     - Ішек флорасын теңестіріңіз.

     - Және көбірек Омега 3 (DHA) алуға тырысыңыз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар