Анадолылық жаңалық ашушы - Кизик Евдоксы

Анадолының тұңғыштары - 27

1806758
Анадолылық жаңалық ашушы - Кизик Евдоксы

Өзіміз өмір сүретін әлемнің құпиясын ашу тек қазіргі уақыттың адамдарына тән бір ізденіс пе? Жаңалық ашушылар тек заманауи әлемнің батыл адамдары ма? Бұл ізденіс технологияның дамуымен ортаға шықты ма әлде ежелгі дәуірлерден бері бар ма? Жаңалық ашу, өнертапқыш және жаңалық ашушы сөздерін естігенде көбіміздің есіне 15-ғасыр түседі. Себебі «Жаңалық ашушылар» дәуірі ретінде танымал 15-ғасыр. Марко Поло, Макеллан, Христофор Колумб теңіздерге таңба басқан географиялық ашушылар. Құрлықта жүргізілген полюс жаңалықтары кейінгі ғасырларда 19-ғасырда жүзеге асады. Ал сізге алғашқы дәуірде Ұлыбритания жағалауын ашқан, кітабында түн ортасындағы күн, полюс мұздықтары туралы жазған бір жаңалық ашушы бар деп айтсақ қалар болар еді? Ежелгі грек географы және жаңалық ашушы Пифей жазған осы тақырыптарға байланысты Исландияға жеткен деп ойлайды мамандар. Сол секілді тағы бір жаңалық ашушы бар алғашқы дәуірде.  Анадолы жерінде өмір сүрген Кизик Евдоксы.

**

Кизик Евдоксы ежелгі дәуірдің маңызды теңізшісі және жаңалық ашушы деп қабылданады.  Себебі ол Африка құрлығын айналып өтуге тырысқан тұңғыш теңізші. Үндістанға жету үшін балама жол іздейді Христофор Колумб секілді. Бірақ одан жүздеген жыл бұрын. Қызыл теңізден Үндістанға қарай жорықтар ұйымдастырады. Бірінші жорығынан құнды бұйымдар және түрлі дәмдеуіштермен оралады.  Артынан жаңалық ашу үшін ыңғайлы жабдықтармен жабдықтап үш кемемен қайтадан жорыққа шығады. Бұл жолы Африканың төңірегінен айналып Үндістанға жетуге тырысады, бірақ одан қайтып хабар келмейді. 15-ғасырға дейін ешкім Африканы оңтүстіктен айналып өтуге ниеттенбейді.

Бүгінгі күні Балыкесирдің Ердек ауданында табылатын Кизик Белкыз деген атпен танымал. Ежелгі дәуірде үш порты болған маңызды қалалардың бірі.  Мәрмәр теңізіндегі осы үш табиғи порт пен әрі Дарданель бұғазын, әрі Мәрмәр теңізін бақылап отыратын тұғырына орай өте стратегиялық маңызда. Мәрмәр теңізіндегі сауда жолдарының қауіпсіздігін қамдайды Кизик. Анадолының батысқа ашылған қақпасы болған осы портты қала шығымды топырағында өсетін жүзім және зәйтүннің арқасында ежелгі дәуірдің маңызды экономикалық күштерінің бірі болған.

Кизик – Балыкесир, Маниса, Бурса және Чанаккаленің бір бөлімін қамтып тұрған Мисия аймағының алдынғы қатарлы қаласы. Аймақта ең ерте монета басқан қала сонымен бірге Кизик. Құрлық жолының қауіпті болуы саудагерлерді теңіз жолын таңдауына итермелейді. Осылайша Кизик байи түседі және өз монеталарын бастырады. Жүргізілген қазбаларда екі жүзден астам түрлі электрон монета жарыққа шығады.  Анадолы тысында Болгария, Румыния және Ресейде де қолданылған монеталардың барлық жерде жарамды, өтімді және халықаралық деңгейде болуы осы қаланың экономикалық күшін көрсетеді.

**

Атақты географ Страбон Кизиктің Кіші Азияның, яғни Анадолының алдынғы қатарлы қалаларымен жарысатын жағдайда екенін жазады.  Қаланың үлкендігін, сұлулығын және басқаруының кереметтігін мақтайды. Кизик көптеген ежелгі қала алуға тырысқан Неокория, яни Империяның қасиетті орталығы деген атақты алады.  Артынан 33 қала арасынан уәлаят орталығы болып сайланады. Күшіне күш қосады.

Кизик – Анадолыда Бергама және Эфестен кейін император храмы болған үшінші қала. Атын Рим императорынан алған Гадриан храмының Эфестегі Атемида және Дидимдегі Аполлон храмдары секілді үлкен болғанын атап көрсетеді мамандар. Храмның көркемдігі соншалықты ежелгі дереккөздерде әлемнің сегізінші кереметі деп айтылады.

Кизик қазбалары барысында Рим дәуірінде жасалған ең үлкен бағана басы ортаға шығарылады. «Соншама үлкен храм салыпсыңдар,  таулардың орнына келген.  Теңізшілер қалаларды тауларынан таниды, бірақ енді храмыңыз таулардың орнына өтті. Қалаңыз маяк және ишарат байрақтарынсыз теңізшілерге жол көрсететін жалғыз қала» дейді сол кездегі ойшыл Аристед. Осы сөздер мен табылған бағана басы храмның үлкендігі жөніндегі бізге пікір береді.

**

Кизик ежелгі қаласында Гадриан храмы секілді назар аударатын басқа бір ғимарат та амфитеатр.  Анадолыдағы үш маңызды амфитеардың бірі ретінде көрсетіледі Кизик амфитеатры. Жылға қойнауына салынғандықтан Рим Колизейі секілді және Бергама амфитеатры секілді сумен толтырылып, теңіз шайқасы күресіне сахна болған. Әрине жабайы жануарлардың, құлдардың және гладиаторлардың шайқасына да.

Қаланы қоршап тұрған қорғандар мен агора, яғни қаланың алаңынан қалған қалдықтар да Кизиктің қаншалықты бай және үлкен болғанын дәлелдейді.  Ежелгі жазушылардың көбі ол туралы жазып кетсе де, Эфес және Бергама секілді көркем болса да олар секілді көп танымал емес Кизик. Әділетсіздік емес пе? Соншама көркемдікті бастан кешіргеннен кейін топырақтың астында ұйықтап қалу және ұмытылу. Басынан өткен жойқын жер сілкіністерінде Рим дәуірінен бұрынғы ғимараттардың толығымен жоқ болып кетуі оның күнәсі ме? Бұрынғы салтанатты күндерінің қайта оралуын күтіп жүрген кезде бір күні керемет оқиға болады. 2016 жылы Ердекте соңғы жылдардың ең үлкен теңіздің тартылу оқиғасынан кейін қаланың су астында қалған кемежайы жарыққа шығады. Бір табиғат құбылысы кереметті ортаға шығарады. 

**

Ежелгі дәуірдің маңызды теңізшісі және жаңалық ашушысы Анадолылық болатын.  Көру және білу ынтасымен бұрын соңды ешкім қолданбаған роталарға желкен ашады.  Африканың төңірегінен айналып өткісі келеді.  Ежелгі дәуірде осыны армандаған алғашқы адам еді Кизиктен Евдокс. Керемет Гадриан храмымен әлемнің сегізінші кереметі деп аталған Кизик. Амфитеатры, сирек кездесетін үш порты,  мәжіліс ғимараты,  театры және ауқымды территорияда қолданылған монеталарымен ежелгі Рим дәуірінің беделді портты қаласы және сауда орталығы болатын.  Басқа ежелгі қалалардың көлеңкесінде қалса да, Рим дәуірінен қалған ең үлкен бағана басы, жер сілкінісі және тарихи жәдігер саудасымен айналысатындардан қалған қалдықтарымен көруге татиды Кизик қаласы.



Ұқсас жаңалықтар