Пири Реис -2

Анадолының тұңғыштары - 23

1797406
Пири Реис -2

Кейбірі тауларды ұнатады,  кейбірі теңізді. Ұнататыны соншалықты, одан алыста өмір сүргісі келмейді. Сенім мен тыныштықты тауда табады, өзін соған арнайды. Кейбірі өмірін ұшы қиыры жоқ теңізде өткізеді. Міне,  солардың бірі өмірінің 75 жылын теңізде өткізген, өзі сызған әлем карталарымен танымал теңізші, Османлы флотының адмиралы – Пири Реис.

             **

Пири Реис Христофер Колумбтың жоғалып кеткен картасынан іздер табылған әлемдік карталарымен танымал. Ал оның өте маңызды бір туындысы бар. Теңіз кітабы, Китабы Бахрие. Бұл кітап әлем теңізшілігінде тұңғыш жол көрсетуші кітап ретінде қабылданады.  Еуропалық теңізші замандастары тарапынан ұқсас кітаптар жазылса да, Пири Реистің кітабы кейбір қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұдан шамамен бес ғасыр бұрын жазылған кітап теңізшілер үшін бас тартылмас дереккөз болған.  Пири Реис кітабына қырық бес жылдық Жерорта теңізі сапарларындағы бақылаулары,  көргендері және тәжірибелерін сыйдырған.

Пири Реис Гелиполиде дүниеге келеді.  Гелиполи – Османлы мемлекетінің атақты теңіз порты.  Көптеген теңізші өсіп жетілген сол қалада.  Пири Реис он жасына келгенде теңіздің шақыруына қарап қала алмайды. Бүкіл Жерорта теңізіне танымал немере ағасы Кемал Реиспен бірге теңізге шығады. Ол өте қабілетті, әрі талантты болған. Осы теңіз жорықтары барысында теңізшілікті және капитандықты үйренеді.  Жүйелі түрде және егжей-тегжейлі көрген білгендерін жазып отырады. Немере ағасы қайтыс болғаннан кейін Гелиполиге оралады, теңізге бір мезгіл шықпайды. Жазғандары және қолындағы карталардан сол атақты карталарының алғашқысын сызады. Осы егжей-тегжейлі карта Христофер Колумбтың табылмай кеткен картасынан іздерге ие. Сол дәуірге қарағанда қате үлесі өте аз. Олқы қалған жерлерді толықтыру және қате жерлерін түзету үшін он бес жылдан кейін қайтадан карта сызады Пири Реис. Карталарының қасына түсіндірме жазбалар қалдырады және өзі дереккөз ретінде қолданған карталар туралы айтады. Христофер Колумбтың картасынан пайдаланғанын міне,  осы жазбаларында білдіреді.  Дереккөз көрсетуі оның ғалым ретінде аталуын қамдайды.

**

Пири Реис карталарын өте егжей-тегжейлі сызады, қасына жазба жазады. Бірақ карталарда жеткілікті мәлімет бере алмағанын сезінеді.  Өзінен кейінгі ұрпақ үшін жол көрсететін кітап жазғысы келеді.  Жерорта теңізін қамтитын қырық бес жылдық жорықтарындағы тәжірибесін «Теңіз кітабында» тілге тиек етеді.  Пири Реис Чанаккаледан бастап сағат тілінің бағытына керісінше бір ротада жүзеге асырады жорықтарын. Жерорта теңізінің барлық жағалауы туралы мәлімет береді.  Аралдарды да қосып жазады. Кітаптың кіріспесінде қолындағы мәліметтерді картаға сыйғыза алмайтынын түсінгенін айтып, сондықтан кітап жазғысы келгенін білдіреді және теңіздегі істерін баяндайды. Екінші тарауда дауылдар мен жел туралы айтады. Компас пен карталарды қалай қолдану керектігін үйретеді.  Мұхиттар мен оларды қоршап тұрған құрлықтарды таныстырады. Еуропалық жаңалық ашушылардың саяхаттары туралы баяндайды. Колумбтың Жаңа Әлемді ашуына байланысты айтқандары да осы тарауда.

Пири Реис туындысын жеңіл тілмен,  қарапайым түрде, сөйлесіп отырғандай қылып жазады. Оның үстіне кітаптың екінші тарауында орын алған техникалық информацияны есте сақтау және жеңіл жаттау үшін ыңғайлы қылып жазады.

       **

Кітабында екі жүзден астам карта орын алады.  Жерорта теңізінің тоқтайтын жерлеріне, түбіндегі ерекшеліктеріне,  су астындағы жартастарға, теңіз табанының құм немесе балшық болуына дейін барлық ерекшеліктерін жазады. Теңізшілік үшін өте маңызды жағалаудың желге қарсы тұғыры және сол өңірлердегі жел туралы арнайы сөз қозғайды.

Пири Реис Жерорта теңізінің табиғаты туралы да мәлімет ұсынады.  Өсімдік және жануар түрлілігі де орын алады туындыда.  Ағынды сулар мен ауыз су мүмкіндіктері де. Бірақ кітапты сол дәуірдің ұқсас кітаптарынан ерекшелендіретін нәрсе – Пири Реистің қала халқы, мәдениеті және нанымдары туралы да жазуы.  Кітаптаорын алған жағалаудың қай мемлекеттікі екенін білдіреді,  сол жылдары болған тарихи оқиғаларға тоқталады. Айя-Софияның салынуы, Венеция қаласының құрылуы секілді тарихи маңызды көптеген оқиға орын алады кітапта.

Қалаларды сол дәуірдің сызу техникасына сай, екі көлемді және шындығына сәйкес мөлшерлеп сызады.  Қамалдар, қорғандар, көпірлер, діни ғимараттар мен көптеген ғимарат картаға мұқият орналастырылады. Тарихи қалдықтар, ежелгі қалалар, кен орындары, метеорологиялық мәліметтер және жағалаулардағы эрозияға дейін көптеген информация береді кітабында Пири Реис. Сондықтан «Теңіз кітабы» тек теңізшілік кітабы емес.  Ол сонымен бірге біраз география, біраз тарих оқулығы. 19-ғасырға дейін Жерорта теңізі осыншама терең баяндалған басқа бір кітап кездестірмейміз.

**

Теңіз қарақшылары туралы көркем фильмдердің бас тартылмас ерекшеліктері бір көзі жабық, қолында қаруы бар капитандар, тірегінде бас сүйегі суреттелген тулар желбірейтін кемелер мен әрине қазынаның орнын көрсететін карталар. Қарақшылар жөнінде емес,  бірақ теңізшілерге жол көрсететін көптеген карта сызады Пири Реис.  Олардың Жерорта теңізіне байланыстыларын атақты туындысы «Теңіз кітабына» алады. Туынды теңізшілік және әлем географиясы тақырыбында тұңғыш нұсқаулық кітап болу ерекшелігінде.  Көптеген карта табылатын осы кітапта бір теңізшіге керекті компас, карталар және символдар туралы да мәлімет береді,дауыл және желдерді таныстырады. Кітапта бұғаздар, шығанақтар, аралдар, порттарға қалай жақындау керектігі,  дауыл тұрғанда қайда паналау керектігі және роталар жөнінде теңдесі жоқ мәлімет бар.  Жер бетінің тек төрттен бірінің құрлықтан тұратынын айтады Пири Реис. Парсы шығанағы, Үміт мүйісі, Үнді мұхиты, Тынық мұхиты туралы баяндайды. Теңізді ұнататындар жүздеген жыл Жерорта теңізінің толық атласы секілді осы кітапты нұсқаулық ретінде қолданады.

**

  Бүгін сіздерге өзі сызған әлем карталарымен тек түрік теңізшілік тарихында ғана емес, бүкіл әлемде үлкен жаңғырық туғызған, өмірін теңіз бен теңізшілікке арнаған Пири Реис туралы және оның атақты кітабы жайлы айтын бердік. 



Ұқсас жаңалықтар