10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күні

Бүгін Халықаралық Адам құқықтары күні атап өтілуде.

1745833
10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күні

Адамдардың барлығы еркін және тең деген пікірге мойынсұнған БҰҰ 1948 жылдың 10 желтоқсан күнін Адам құқықтары күні ретінде қабылдады. Түркия 1949 жылы сәуір айында БҰҰ-ның құрылу мәлімдемесін бекітті.

1949 жылдан бері Түркияда да Адам құқықтары күні жыл сайын 10 желтоқсан күні тойланып келеді.  Адам құқықтары күнінің әлемде атап өтілуі сонымен бірге адам құқықтары санасының артуы арқылы жүзеге асты. Екінші дүниежүзілік соғыс бойы араны ашылған диктаторлардың әлемді қиратуы миллиондаған адамның шайқас, сүргін,  қырғын және қантөгіс көруі адам құқықтарының халықаралық деңгейде кепілге алынуын қамдады.

Бүгінгі күні де осындай ірі соғыс болмаса да, Ирак,Сирия сынды елдердегі қантөгістер адам құқықтарын бұзушылыққа толы. БҰҰ сынды халықаралық ұйымдар осы бұзушылықтарды доғаруға тырысуда. Дүние жүзінің ешбір жерінде қақтығыс, келіспеушілік және террор лаңкестіктерінен туындаған адам құқықтарын бұзушылық болмасын деп тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар