Христиандық үшін маңызды жеті шіркеу

Анадолының тұңғыштары - 6

1728264
Христиандық үшін маңызды жеті шіркеу

Анадолы жеріндегі адам баласы тарихының ең ежелгі мекені – тарихтың бастауы деп қабылданған, 12 мың жылдық Гөбеклитепе. Әзірге жиын орталығы деп аталады.  Бірақ қалдықтары сол кездің адамдарының нанымына байланысты жер екеніне ишарат етеді. Бәлкім діни рәсімдер ұйымдастырылды, бәлкім құрбан шалды аталарымыз сол жерде.  Құпиясы әлі ашылмаған осы жер бәлкім шыныменен де адам баласының ең байырғы ғибадат орны болар.

Бұл территория – құдайлар мен әйел құдайлардың да мекені.  Әйел құдай Кибеле нанымы осы жерде тараған.  Грек мифологиясындағы құдайларды Гомер жаратқан,  міндеттерін, есімдерін осы атақты ақын берген. Бізге сенбесеңіздер, бұны біз айтып отырған жоқпыз.  Мұны ежелгі дәуірдің атақты ойшылы Платон айтып кеткен.

**

Көп құдайлы діндердің мекені болғаны секілді,  жалғыз құдайлы діндердің де бесігі – Анадолы.  Діндер тарихы тұрғысынан айтар сөзі барлар міндетті түрде Анадолыны айтып өтеді. Анадолы – өркениеттер, мәдениеттер, тарих пен діндер тоғысқан жер. Сондықтан «діндер бесігі» деп аталады. Иудейлердің, христиандардың, мұсылмандардың ғибадатханалары мен қасиетті мекендерінің көптігі адамды таңғалдырады. Осы басты үш діннің ұстанушылары үшін бас тартылмас рота ұсынады. Христиандық үшін Иерусалимнен кейінгі екінші маңызды орталық – Анадолы.  Зұлымдықтан қашқандар және дін қайраткерлері Анадолыға өтіп, діндерін тарататын ыңғайлы аймақтарға қоныс тепкен.  Алайда жаңа дін Рим империясы билеп тұрған Анадолыда да қиыншылықтарға ұшырайды. Дін қызметкерлері әшкереленген кезде өлтіріледі. Иса пайғамбар өлтірілгеннен кейін анасы Әзірет Мәриямды Эфеске алып келген Әзіз Иоханна осында христиандықты таратады. Сондықтан Інжілдің жазушысы Әзіз Иоханна, басқа атымен Сан Джон грек аралдарының біріне жер аударылады. Аңыздарға қарағанда Әзіз Иоханна айдауда жүріп Әзірет Исадан ерекше хабарлар алып тұрады. Оларды хат қылып жазып, христиандықтың жеті жамағатына жолдайды.  Міне,  христиандар үшін өте маңызды және қасиетті деп есептелетін осы хаттар жолданған жерлердің барлығы батыс Анадолыда Измир, Маниса және Денизли территориясында.

Бүгін сіздерге қиямет төнгенде де құламай қалатыны айтылған «Жеті шіркеу», басқаша атымен «Махшардың жеті шіркеуі» немесе «Апокалипсис шіркеулері» туралы айтып береміз.

**

Христиандардың ең маңызды қажылық орталықтарының көбі Анадолыда орналасқан.  Осылардың басында Жеті шіркеу келеді.  Алайда Әзіз Иоханна хат жолдаған кезде Батыс Анадолыда шіркеу болмаған. Мақтау және ескертулер орын алған хаттар есімінде «шіркеу» сөзі болса да, физикалық тұрғыда шіркеу ғимаратына емес,  жаңа діннің Анадолыдағы жамағатына жолданады.  Бүгінгі күні барылатын ғимараттар - кейіннен Византия кезінде символикалық түрде салынған мемориалды шіркеулер.

Әзіз Иоханна бірінші хатты ежелгі әлемнің маңызды және көркем портты қаласы, Рим империясының Азия уәлаятының бас қаласы Эфеске жолдайды.  Жазған хатында христиандықты таныстыруға және адамдарды христиандыққа шақыруға тырысады. Пұтқа табынатындар көп өмір сүретін сол кездің үлкен қалаларының бірі Эфес. Көптеген тұрғыдан өте маңызды қала. Христиандықтың негіздері анықталған 3-ші консулдың жиналған мекені. Мәриям Ана соңғы жылдарын өткізген Бұлбұл тауындағы үйі де ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміндегі Эфес ежелгі қаласына жақын жерде.  Айырықша әрі христиандық,  әрі Ислам дінінде аты аталған «ұйықтап жатқан жеті адам» үңгірі және Әзіз Иоханнаның мемориалды қабірі де осы аймақта.

Екінші хат Смирнаға, яғни Измирге жолданады. География ғылымының атасы деп есептелетін Страбон «барлық қалалардың ең сұлуы» деп атайды осы қаланы.  Ашық алаңдардағы ескерткіштердің және ақшалардың үстіне «Азия провинциясының үздігі», «Ионияның әшекейі» деп жазады смирналықтар. Театры, гимназиясы, моншалары, порттарымен әрқашан тартымды қала. Тарих бойы саяси және саудадағы маңыздылығынан еш айрылмайды Измир.

Пергам, яғни Бергама -  үшінші хат жолданған жер. Ежелгі әлемнің алдынғы қатарлы мәдениет және өнер орталықтарының бірі.  Ежелгі дәуірдің ең тік театры осында. Кіре беріс қақпасында «Бұл жерге өлім кіре алмайды» деп жазылған,  Анадолының алғашқы және ең ауқымды ауруханасы деп есептелген храмы да осында. Ең маңызды ғимараты болса  Зевс альтары. Үшінші хатта кездесетін «шайтанның тағы» сөзі осы Зевс альтары үшін айтылған деседі.  Рим дәуірінде Мысыр құдайлары үшін кірпіштен салынған Қызыл аула Византия дәуірінде «Жеті шіркеу» үшін шіркеу ретінде қолданылады.

**

Әзіз Иоханна жеті хаттың ең ұзынын Манисаның Акхисар ауданындағы Тиатрияға жолдайды.  Қала - ежелгі дәуірде күлгін түстегі матасымен танымал текстиль орталығы.  Айырықша осы ежелгі қала гладиатор шайқастарымен де танымал. Өзін пайғамбар деп жариялайтын,  халықты ахлақсыз қимылдарға бағыттайтын бір әйел туралы айтылады және қала халқына ескерту жасалады осы хатта.

Әлемнің тұңғыш банкі құрылған Лидия патшалығының бас қаласы Сардеске келеді кезекті хат.  Сардестегі нанымы бар қоғамның өзін жөндеуі, қайтадан жандануы және ұйқысынан оянуы керектігі айтылады.

Анадолының батыс пен ішкі аймақтары арасындағы маңызды сауда орталығы – алтыншы хат жолданған Филадельфия шіркеуі. Жүзім, текстиль және тері өнімдерімен атақты осы ежелгі қала бүгінгі күні Маниса Акхисар территориясында. Смирна және Филадельфия  шіркеулері туралы жаман сөз айтылмаған.

Бүгінгі күні Денизли территориясындағы, соңғы хат жолданған Лаодакея ЮНЕСКО-ның Әлемдік табиғи және мәдени мұрасының уақытша тізімінде орын алады. Хаттарда айыпталған  жалғыз жер осы жер. Әзіз Иоханна оларға қай дінге сенетінін білмей өмір сүрудің бос өмір екенін айтады.

**

Анадолы аркаикалық дәуірден бері «құдайлар елі» деп аталады.  Көп құдайлы діндерден жалғыз құдайлы діндерге дейін өткен уақытта мұсылмандар үшін де,  христиандар үшін де сансыз қасиетті мекен салынады. Осы жерлерге көптеген турист әрі діни мақсатты,  әрі мәдени саяхат мақсатты келеді.  Христиандықтың кітабы Інжілде аты кездесетін «Жеті шіркеу» болса қажылық орталығы болуына орай айырықша ерекше осы дінді ұстанушылар үшін. Әзіз Иоханна Рим империясы кезінде ең бай және ең қалың адамы бар қалаларда жасырынған христиандарға жазады хаттарын. Хаттары арқылы оларға дінді таратуға тырысады, қате қимылдағандарға ескерту жасайды. Қорлық пен зұлымдықтарға сабыр көрсеткендерді Құдайдың марапаттайтынын айтады.  Барлығы Анадолыда болып табылатын осы жамағаттар тұратын ежелгі қалалар өздері куә болған нәрселерін жүздеген жылдан кейін келушілермен бөліседі.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар