Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жылдығын тойлады

Еуразия күн тәртібі – 2

1704194
Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жылдығын тойлады

Бүгінгі бағдарламамызда тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқан Қырғызстан мен Өзбекстанның жағдайына тоқталамыз.

30 жылдың алдында Кеңестер Одағының ыдырауымен Орталық Азиядағы Түркі Республикалары тәуелсіздікке қауышты. Қырғызстан мен Өзбекстан 1991 жылы 31 тамызда тәуелсіздігін жариялады. Сол күні Өзбекстан Жоғарғы Кеңесі 1 қырүкйекте Тәуелсіздік күні ретінде құттықтауға шешім қабылдады. Қырғызстан 31 тамызда Тәуелсіздік күнін тойлауда.

Екі ел де тәуелсіздігінің 30 жылдығын 31 тамызда түрлі іс-шаралармен еске алды.

Өзбекстанда бас қала Ташкент маңындағы Жаңа Өзбекстан саябағында салтанатты рәсім ұйымдастырылды. Рәсімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және көптеген қонақ қатысты. Қырғызстанда бас қала Бішкектегі Алатау майданында 2 мың әскердің қатысуымен әскери парад рәсімі өткізілді. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров рәсімдегі сөзінде: «Осы маңызды тарихи күнде алдымен «Егемен Қырғызстан тәуелсіздік кезеңінде не істелді?» деген сұраққа жауап іздейміз» деді және Қырғызстанның демократия жолында ілгерлегенін білдірді. Жапаров елдің азаматтық қоғамы тарапынан қырғыздардың «еркіндікті ұнататын бір халық» екені бейнесі қорғалғанын айтты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Жаңа Өзбекстан саябағында өткен рәсімдегі сөзінде тәуелсіздік жылдарында жаңа бір ел мен қоғам құруда үлкен де маңызды жұмыстар жасалғанын білдірді және Өзбекстанның әлемде абыройлы орынға ие болғанын атап көрсетті.

Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жылдық барыста тәуелсіздіктерін бекемдеу үшін мықты қадамдар басты. Екі елдің де БҰҰ-н қамтыған халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүшелігі мен әлемдегі көптеген елмен дипломатиялық қарым-қатынастары бар. Қырғызстан мен Өзбекстан мүше болған Түркі Республикалары халықаралық ұйымдарының да осы кезеңде халықаралық саладағы іс-шаралары артты. Түрік Кеңесі соңғы жылдарда табысты жұмыстар тындырды. Қырғызстан мен Өзбекстанның халықаралық саладағы ұсыныстары қабылдануда.

Аймақтық тұтастық тұрғысынан да маңызды қадамдар басылды. Орталық Азия лидерлерінің бейресми жиналыстарында қабылданған шешімдер Өзбекстанның Қырғызстанмен бірге бастаған шекарада ортақ сауда орталықтары, ортақ виза қатарлы тәртіптері осының айқын белгісі болмақ. Аймақтық тұтастық бекемделген сайын Қырғызстан мен Өзбекстанның тәуелсіздігі де нығаяды, алпауыттардың қысымына қарсы осы елдердің табандылығы да артады.

Қырғызстан латын әліпбиіне өтуде екіұдай болып отырғанда, Өзбекстан латын әліпбиіне толық көшуге шешім қабылдады. Қырғызстан да ерте ме, кеш пе латын әліпбиіне көшіп, басқа Түркі тілдес Республикалармен тіл саласында жақындау саясатына қосылады.

Осы табыстарымен бірге Өзбекстан мен Қырғызстан арасында шешім күткен мәселелер де бар. Ауғанстаннан келуі мүмкін қауіпсіздік мәселесі басты орында. Аймақтың қауіпсіздігін қамдау үшін Орталық Азия Республикаларының осы салада күштерін бірлестіргені жөн.

Екі елдің пандемия себепті зиян тартқан экономикалары жылдам оңауды күтуде. Сонымен бірге Ферғана қойнауында аймақ тұрақтылығының ең үлкен кедергісі болған шекара қақтығыстары бар. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның осы мәселені жылдам шешімге қауыштыруы қажет.



Ұқсас жаңалықтар