Локман Хәкім

Анадолының тұңғыштары - 21

1693429
Локман Хәкім

Барлық жандылар туады,  өседі және өледі.  Ал адам баласы ше? Өлімсіздік деген нәрсе бар ма? Кейбір ғалымдар мен футурситтер яғни «болашақшылар» осы тақырыпта зерттеулерін арттырды.  Биологтар азықтары жартылай азайтылған және зиянды тағамдар берілмеген тышқандардың өмір мерзімінің қырық пайыз созылғанын дәлелдеді. Әрине біздер барлығы бақылауға алынған бір лабораторияда өмір сүрмейміз, алайда бұл зерттеу дұрыс тамақтанудың адам өмірін созумен байланысын көрсету тұрғысынан маңызды. Футуристтер де ұзын өмір және өлімсіздік жөнінде зерттеу жүргізеді. Медицина және технология саласындағы жетістіктерге қарап,  өте жақында рак және иммунитет жүйесіне байланысты аурулар секілді көптеген аурулардың жойылатынын және осылайша адам өмірінің ұзағынан болатынын айтады футуристтер.

         Адам баласының негізінде өлімсіз екенін және мұның ДНК-мызда жазылғанын, өндірілетін жаңа технологиялар арқылы адам баласының мәңгі өмір сүретінін алға тартатындар да бар.  Осы пікірді қолдағандардың бірі атақты астрофизик Стивен Хокинг. Осындай көзқарастар ақылға сыймаса да,  өлімсіздіктің мүмкін екеніне көп адам сенеді.

Ал осы ой бүгінгі технологиялық жетістіктерден кейін қалыптасты ма? Адамдар өлімсіздікті қашаннан бері іздеп жүр?

**

Үнді, қытай, жапон, Скандинавия, грек және түрік мифологияларында адамдардың өлімсіздікті іздеуі тақырыбы жиі орын алады. Осы өркениеттердің кейбірі мұхиттың түбінен шығарылған бір сусында, кейбірі өсімдіктерде, кейбірі суда, кейбірі жануарларда іздейді өлімсіздіктің құпиясын. Мыңдаған жылдық аңыздарда адамдардың осы сырды ашқандары, бірақ қайтадан жоғалтып алғандары айтылады.

Шумерлердің аты аңызға айналған қаһарманы Гылгамыш іздеп табады адамды өлімсіз қылатын «өмір шөбін», гректердің медицина құдайы Асклепий Медузаның қанын қолданады өлімді тоқтату үшін. Македониялық Ескендір де іздейді өлтірмейтін сусынды. Локман Хәкім болса өлімсіздіктің сырын ашу мақсатында өсімдіктердің тілін үйренеді.

**

Гылгамыш дастанындағы «өлімсіздік немесе өмір шөбі» аңызы Анадолы территориясындағы Локман Хәкім аңызына ұқсайды. Локман Хәкім шыныменен болған бір кісі ме әлде аңыз кейіпкері ме белгісіз. Осы жерде мыңдаған жылдан бері көптеген ойшыл, ғалым және дәрігер, емші жетілген. Барлығының болмаса да көбінің аты, туған жері мен уақыттары жазбаша мәліметтерде орын алады. Ал Локман Хәкім аты ешбір жерде кездеспейді. Кейбірі алғашқы дәуір дәрігері Алкмеон дейді оны, атының ұқсастығына қарап. Алайда бұл дәлелденбеген көзқарас. Кейбір медицина тарихы мамандары өмірбаяндарындағы ұқсастыққа байланысты Асклепий, Гиппократ және Галлен деп пікір білдіреді. Кейбір зерттеушілер де алғашқы дәуірлерден бері айтылып келген аңыз әңгімелер арқылы оның кім екенін анықтауға тырысады.  Тек Анадолыда ғана емес, Балқан, Иран, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстанға дейін ауқымды бір территорияда аты атылады Локман Хәкімнің. Түрік әлемінің атақты ғалымы, дәрігер Ибн Сина  «өз дәуірінің Локман Хәкімі» деп аталады мысалы.

**

Сол кездерде жақсы дәрігер және фармацевт болудың жолы дәрі ретінде қолданылатын өсімдіктерді танып білу, ұрпақтан ұрпаққа жеткен мәліметтерге жаңасын қосудан өтеді. Бүгінге дейін жеткен халық емшілігі және фитотерапияның тамыры да сол ескі уақытқа сүйенеді.  Шипалы өсімдіктер ерекшеліктеріне қарай демленеді, қайнатылады, езіліп, кептіріледі. Майы шығарылып дәрі жасалады. Қолданылатын әдістер секілді өсімдіктің қай жерінен пайдалану керектігі де маңызды. Аурудың түріне қарай шипалы шөптердің тамыры, жапырағы, тұқымы, гүлі немесе жемісі қолданылады.  Міне,  осылардың барлығын жақсы меңгерген, жасаған кісі Локман Хәкім.

Локман Хәкімнің барлық ағаштардың, гүлдердің және шөптердің тілін түсінгені айтылады. Өсімдіктердің құпиясын ол біледі,  ол да ауруларға шипа болатын дәрілерді осылай жасайды. Анадолының әрбір түкпірінде танымал болса да Локман Хәкім көбіне Адана және Чукуровада белгілі. Аңызға қарағанда, Анадолыны қарыстап аралап, өсімдіктердің құпияларын үйренген Локман Хәкім. Әртүрлі өсімдік өсетін Чукуроваға келетін болсақ, осы берекетті топырақтарға қоныс тебуге шешім береді және Мисис қаласына орналасады. Науқастарды емдей бастайды, енді ешкім ауырмайды. Адамдар Локман Хәкімнен өлімсіздікке айла табуын сұрайды. Тағы бір рет жолға шығады Локман Хәкім, Чукурованың берекетті сайларын, биік шыңды Тавр тауларын аралайды.  Бір ағаштың көлеңкесінде ұйықтап жатып бір дауыс естиді: «Осыншама уақыттан бері сен іздеп жүрген шөп мен боламын,  мен – өлімге айламын. Бұдан былай адамдарға да, малға да өлім жоқ» дейді. Дереу сол шөптің қасына барады және дәрінің қалай жасалатынын да үйренеді. Дәптеріне жазып алады. Шөпті де алып, оралады. Ол өмір сүретін Мисис қаласының жақынындағы көпірден өтіп бара жатқанда, жел шыға ма әлде көрінбейтін біреудің қолы тиіп кете ме белгісіз, дәптер де,  шөп те өзенге ұшып кетеді. Осылайша өлім тағы айласы жоқ нәрсе ретінде қалады.

Сол өзен Чукуроваға нәр беріп тұрған Джейхан өзені.  Локман Хәкім өткен көпірдің аты да бүгінгі күні «Өлімсіздік көпірі» деген атпен аталады. Жеті мың жылдық тарихы бар Мисис қаласы сауда жолдарының бойында болғандықтан Рим дәуірінің ең маңызды қалаларының бірі ретінде аталады.  Локман Хәкім аңыздарына байланысты «өлімсіздік қаласы» деп те аталады.  Осы қалада Хетт, Ассирия, Рим, Византия, Селчук және Османлы іздері кездеседі.

**

Бүгінгі таңда дәрі шикізаттарының көп бөлігі өсімдіктерден алынады. Синтетикалық дәрілер табылса да, әлемде көптеген адам әлі күнге өсімдік дәрілерімен ем қабылдауды таңдайды. Байырғы дәуірлерден келе жатқан өсімдіктермен емдеу Анадолыда да ғасырлардан бері қолданылып келеді. Локман Хәкім аңызы да осы байырғы даналықтан нәр алады және халық емшілік дәстүріне бастау болады. Локман Хәкімнің ғасырлардан бері денсаулық тақырыбында аты аталады,  түрлі хикаяларға да арқау болады. Мәулана шығармаларында, Юнус Эмренің өлеңдерінде, халық әндерінде алдымызға шығады Локман Хәкім. Бәлкім шындық,  бәлкім аңыз, бірақ он мыңдаған адам одан медет сұрайды, көмек күтеді.



Ұқсас жаңалықтар