Анадолыда «Көлдер аймағы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 85

1687602
Анадолыда «Көлдер аймағы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Анадолыда Жерорта теңізінің ішкі аймақтарында «Көлдер аймағы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Бурдур, Ыспарта, Денизли, Афионкарахисар және Конияның қалалық территориясына таралған, бір-біріне жақын көптеген көл орын алған аймақты «Көлдер аймағы» деп атайды.

«Көлдер аймағы» делінгенде алғаш ойға түсетін екі қала Бурдур мен Ыспарта болып табылады. Ыспарта – әлемде қалалық шекаралары көлдер мен тоған саны бойынша ең бай қаласы.

Аймақта орын алған Салда, Караташ, Ярышлы, Гөлхисар мен Языр, Бейшехир, Эғирдир, Аджыгөл, Бурдур, Ылгын, Акшехир, Эбер, Суғла және Ковада көлдерінен бастап үлкен және кіші көптеген көл жабайы тіршілік тұрғысынан өте бай және маңызды ресурс болып табылады.

Бурдур қаласының шамамен 60 шақырым батысында орналасқан Салда Түркияның ең терең, ең таза және мөлдір ерекшеліктерге ие көлі ретінде белгілі. Әлемдегі ең таза көлдер арасында бесінші орында. Теңіз деңгейінен биіктігі 1140 метр. Көл суының құрамында магний, сода мен саз-балшық болуы кейбір тері ауруларын емдеуге пайдалы.

Ақ құмы, шыныдай көгілдір суымен Түркияның Мальдиві деп аталады.



Ұқсас жаңалықтар