Армения сайлауын «Азаматтық келісім партиясы» жеңді

Еуразия күн тәртібі – 79

1668928
Армения сайлауын «Азаматтық келісім партиясы» жеңді

Бүгінгі бағдарламамызда Арменияда өткізілген жалпы сайлауға тоқталамыз.

2021 жылы 20 маусымда Арменияда ерте жалпы сайлау өткізілді. 21 партия мен 4 одақтас бәсекеге түскен сайлаудың нәтижесіне қарағанда билік басындағы лауын дауыстың 53.91 пайызын алып, жеңіске жеткендерін жариялады. Оппозициядағы Роберт Кочерянның басшылығындағы «Армения Одағы» дауыстың 21.09 пайызын алды. Бұрынғы президент Серж Саркисянның «Менің абыройым одағы» 5.22 пайыздық дауыспен парламентке кіруге құқық алған үшінші партия болды. 2 миллион 600 мың сайлаушы тіркелген елде жалпы сайлауға 49.39 пайыз сайлаушы қатысты. «Азаматтық келісім партиясы» дауыстың көбін ауылдан алды және парламенттегі 105 орынның 71-іне ие болды. Оппозиция сайлау нәтижесін танымады, алайда дауысты қайта санау да нәтижені өзгертпеді. Халықаралық бақылаушылар сайлаудың заңға сай өткенін білдірді.

44 күн жалғасқан Қарабах соғысында жеңілгенін қабылдаған премьер-министр Никол Пашинян оппозицияның митингтері себепті ерте сайлау өткізуге мәжбүр қалды. Осы процесте Бас Штаб төрағасы Оник Гаспарян да премьер-министр Никол Пашинянды отставкаға кетуге шақырды. Әскерлердің бұл әрекеті төңкеріс талпынысы деп бағаланды. Президенттік сарай мен сот органы да Пашинянның отставкасын сұраған болатын.

Көптеген маман осы оқиғалардан кейін Пашинянның сайлауда жеңілетінін немесе дауысының азаятынын мөлшерлеп отырғанда армян халқы Пашинянды қайтадан билікке әкелді. Мұның басты себебі армяндардың қиын, шектелген өмір шарттарынан, соғыстан құтылуды қалауы, бейбітшілік пен тыныштық орнаған бір елде өмір сүруді армандауы деп қарауға болады. Сайлау нәтижелерін «Армян халқы әсіресе Грузия мен Түркияның әсеріне ұшырауда, болашақтарын аймақ халқымен жақын ынтымақтастықта іздеуде» деп бағалаған жөн.

Қарабах жеңілісінің жауапкерлігін тек қана премьер-министр Пашинян арқаламайтынын армян халқы осы сайлауда айқын көрсетті. Арменияның бұрынғы барлық саяси партия лидерлерінің сайлауға қатысып, жеңілуі мұны айқын ортаға салды. Бұл сайлауда армян халқы «шабуылшылыққа қарсылығын» көрсетті. Теледидар талас-тартыстарында оппозиция лидерлерінің Пашинянның қарсысына шықпауы да халық алдында оларды әлсіз көрсетті. Сонымен бірге оппозицияның сайлау нәтижесін қабылдайтынын айту үшін әлі ерте. Армян саясатында күшін жоғалтқан Қарабах тобы елдегі жаңа процесті шайқалту үшін стратегиялар жасауы мүмкін. Мысалы Роберт Кочарян сайлау нәтижесін Атазаң сотына апаратындарын білдірді.

Пашинянның сайлау жеңісіндегі сөзінде «Ұжымдық Қауіпсіздік келісім ұйымы және Еуразия Экономикалық одағымен, яғни Ресеймен қарым-қатынасты тіпті бекемдейміз» деген мәлімдемесі Түркия мен Әзербайжан ұсыныс еткен аймақтық «Алтылық платформаның» болашақта Арменияда да күн тәртіпке келетіні мағынасында. Сайлау алдында Пашинянның командасындағылар осы жайлы баяндамалар жасаған болатын. «Азаматтық келісім партиясының» үкімет құру үшін коалицияға мұқтаж болмауы көршілерімен қарым-қатынастарды жақсартуы үшін тамаша орай. Пашинян көршілерімен қарым-қатынастарды оңау арқылы елінің экономикасын өркендете алмаса, ішкі саясаттағы былықпалық та жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар