Аңызға толы Ағры тауы мен Нұхтың кемесі

Анадолының тұңғыштары - 12

1661585
Аңызға толы Ағры тауы мен Нұхтың кемесі

Уақыттың куәгері, үнсіз, ұлы даналары... Жер бетінің ең мықты, ең көркем құбылыстары.  Табиғатты барлық құдіретімен, тұманды шыңдарымен қаптап тұрады таулар. Адам өзінің шын көлемін байқайды осы таудың етектерінде. Әрі іріліктері, әрі миллиардтаған жасы алдында өте кішкентаймыз. Жер шары қалыптасқаннан кейін дереу ортаға шыққан осы жер бедері әрдайым адам баласының қызығушылығын арттырды. Көп құдайлы діндер кезінде қасиетті деп қабылданады, көбі вулкандық осы таулардан адам әрдайым қорқады, зиян шекпеу үшін садақа береді.  Жер бетіндегі барлық мәдениеттерде және діндердің көбінде таулар маңызды орын алады. Шыңдары бұлттармен қапталған осы биік және құдіретті құбылыстарды құдайға ең жақын жер деп қарайды адам.  Тауы жоқ территорияларда құдайға жету үшін зиггурат деп аталған биік мұнаралар салады. Дәл Вавилон мұнарасы секілді. Грек мифологиясында Олимп – Құдайлар өмір сүретін тау. Қытайда таулардың рухы бар деп сенеді адамдар.  Жер астына ашылады кейбір тау, кейбірі өлімсіздіктің мекені, кейбірі әлемнің орталығы. Жапониядағы қажылар қасиетті Фужи-Яма тауына барады. Муса пайғамбар құдаймен кездескен және он бұйрықты алған жер – Сина тауы.  Христиандарға қарағанда Әзірет Иса крестке шегеленген Галгота төбесі әлемнің орталығында орын алады.  Мұсылмандар Әзірет Мұхаммедке уәхилер келген тау деп есептелгендіктен Хира тауын қасиетті деп есептейді.  Таулардың адам өміріндегі орны осыншама маңызды.

**

Түркілердің тұңғыш жазбалары болып табылатын Көктүрік немесе Орхон ескерткіштерінде де жиі аты аталады Өтүкен тауының. Өтүкен қасиетті деп қабылданады.  Аңыздарда да маңызды орын алады таулар.  Ергенекон дастанында таудағы темірді ерітеді,  жол ашады және әлемге тарайды түркілер. Анадолы территориясында да таулар аңыздарға арқау болған. Қаз таулары деген кезде Сары қыз аңызы, Мың бұлақты Ида деген кезде әйел құдайлардың сұлулық байқауы еске түседі. Сүпхан тауының Киік аңызы немесе Король Немруттың атымен аталған Немрут тауы да аңыздары көп айтылатын таулар. Бірақ осы жерде бір тау мен ол туралы бір аңыз бар, оны білмейтін адам жоқ десек қателеспейміз. Ағры тауы бұл. Мұздықтары, базальт және андезит лавалардан қалыптасқан құрылымы, шалғындарымен Анадолы және Еуропаның ең биік шыңы. Атақты саяхатшы Марко Поло осы тауға ешкім көтеріле алмайды деп айтып кеткен. Әлемнің ең атақты таулары арасында орын алады. Аты аңызға айналған бір тау – Ағры тауы. Нұх пайғамдардың кемесінің осы тауда екеніне сенеді адамдар.  Бүгінгі күні адам баласының ең үлкен ортақ нанымдарының бірі деп қабылданады Нұх топаны мен Нұхтың кемесі. Шумер жазбаларында,  Гылгамыш дастанында және үш үлкен діннің қасиетті кітаптарында орын алады осы топан. Тіпті Мексика және Австралиядағы мифтерде де кездеседі осы топан туралы мәліметтер.  Өлім мен өмір тоғысқан, бүкіл әлемге тараған бір аңыз бұл.

**

Адамдар дұрыс жолдан шығып, жамандықтарға бет алған соң Құдай ашуланады және оларды топан су арқылы жазаландыруға шешім береді.  Өзіне иман қылған Нұх пайғамбарға кеме салуын, кемеге көп уақытқа жететін азық-түлік жинауын және жер бетіндегі барлық жандылардан еркек және ұрғашыларды алуын бұйырады. Нұх пайғамбар айтылғандарды жасайды, алайда қалғандары оған сенбейді және оны мазақтайды. Дайындықтар аяқталғанда аспан бірден жарылып,  топан басталады.  Қырық күн, қырық түн жауған жаңбыр тауды, тасты теңіздермен бірлестіреді,  кемеден басқа ешбір жанды тірі қалмайды. Нұхтың кемесі бес ай бойы суда жүзеді.  Құдайдың бұйрығымен су тартылғаннан кейін кеме бір таудың басына барып тоқтайды.  Кемесінен шыққан Нұх пайғамбар таудың етегіне орналасады және жер етінде тіршілік қайта басталады.  Осы аңызда аты аталған тау – Ағры тауы.

**

Адам баласының ортақ жадында орын алған осы ең байырғы аңыз көптеген жылдар зерттеушілердің назарын аударды.  Адамдар Нұхтың кемесін іздеуден еш жалықпады. Ал кеме аңызы әлі күнге құпиясын сақтауда. Діни мәліметтерге сүйеніп Нұх пайғамбардың кемесін табу үшін Ағры тауының шыңына алғаш болып шыққан зерттеуші, неміс табиғаттанушы және саяхатшы Фридрих Паррот болатын. Паррот осы саяхатында көп үміттенеді, бірақ кеменің қалдықтарын таба алмайды. Алайда Ағры тауына жасалатын өрмелеулердің бастаушысы болады.  Осыдан кейін жазған кітабында аймақтың экономикалық және мәдени құрылымын, Ағры тауының өсімдік және жануар әлемінің ерекшеліктерін баяндайды.

87 жылдан кейін бір орыс ұшқыш ұшу барысында кеме қалдықтарына ұқсас кейбір көріністер көреді.  Және артынан Ағры тауында зерттеу жасауын бастайды. Өкінішке орай оның да кемені табу ынталары нәтижесіз қалады. Араға Екінші дүниежүзілік соғыс кіреді де,  соғыс барысында және соғыстан кейін әрі орыс ұшқыштар, әрі америкалық ұшқыштар кеме қалдықтарын көргендерін білдіреді. 

1959 жылы Ұлттық Қорғаныс министрлігіне қарасты Карта дирекциясында міндет атқаратын капитан Илхами Дурупынар аймақтың картасын сызады. 4000-4500 метр биіктіктен түсірілген фотоларды тексере отырып, Нұхтың кемесіне қатты ұқсайтын бір көріністі байқайды. Бұл Ағры тауы маңында кемеге ұқсас бір шұңқыр. Егжей-тегжейлі жұмыс жүргізу үшін бір фотограф ерікті болады.  Дауылды ауада ескі бір ұшақпен тоғыз рет ұшып, сурет түсіреді. Суреттер жарияланғанда әлемде жаңғырық туғызады. Себебі Інжілде айтылған кеменің өлшемі мен суреттегі шұңқырдың өлшемі тура келеді. Суреттерді түсірген кісі Түркияның ең атақты фотографы Ара Гүлер еді. Ара Гүлер «Мен суретті түсірдім, қалғанын ғалымдар жасайды. Егер бұл Нұхтың кемесінің ізі болса,  әлемде бірінші рет көрген және суретке түсірген мен боламын» дейді.

Зерттеушілер дереу жұмыс істеп бастайды. Көріністің пішінінің шыныменен адам қолынан шыққан кемелерге ұқсастығы адамды таңғалдырады. Оның үстіне кей жерлерінде кеме бағаналарына ұқсас бостықтар болады. Осы құбылыстың шыныменен Нұхтың кемесінің құрлыққа отырған жері ме, әлде топырақ көшкінімен қалыптасқан жер бедері ме екені әлі талқылануда. Себебі аймақ топырақ көшкіні көп болатын жерлердің бірі. Кейбір ғалымдар зерттеу топырақ көшкініне жол ашуы мүмкін дейді.  Ал кейбірі керісінше ғылыми деректерді жаңа топырақ көшкінінде жоғалтып алмай тұрып жинау керек дейді. Бұл бәлкім шыныменен Нұхтың кемесі,  бәлкім жер бедерінің бізді алдайтын ойыны.  Бірақ ескерткіш болып қалған осы пішін бүгінгі күні табиғи қорғау алаңы деп аталды және ашық ауа мұражайы ретінде қорғауға алынды.

Адамдар екі ғасырдан бері Нұхтың кемесін іздеуден бас тартпады. Бүгінгі күні де түрлі аймақтан ғалымдар, түрлі мекеме мен ұйымдардың өкілдері осы тақырыпты зерттеуде. Табылмаған сайын қызығушылық арта түседі, адам баласы тарихының кең тараған аңызы құпиясын әлі күнге жасырып келеді.

**

Тауларды тек географиялық құбылыс деп қарау әділетсіздік болады.  Себебі олардың мағынасы терең. Оның үстіне Анадолыда түрлі құрылымға бүркенеді.  Жанданады,  тілге келеді. Аңыздардың арқауы, кейде аңыздың дәл өзі. Билеушілердің зұлымдығынан қашқандардың панасы, қазыналар ізделген белгісіз жерлер.  Кейде махаббаттардың алдындағы үлкен кедергі. Кейбірі ғашығы үшін тауды теседі,  кейбірі ғашығымен бірге тауда жасырынады. Әулиелердің мекені болады. Ертегілердегі керемет Қап тауы болады.  «Арамызға таулар енді» деп жатамыз, егер біреу өте алысқа кетсе.  Онда «Тау таумен қауышпайды, адам адаммен қауышады» дейміз. Себебі күндердің күнінде міндетті түрде кездесетінімізге сенеміз. Мақалдарда, мәтелдерде, өлеңдерде, романымызда таулар орын алады.  Себебі олар тіршілігіміздің бір бөлшегі. Кейде бір батырдың атын алады, кейде діни бір ғұламаның есімін.  Кейде көрінісінен есімі шығады. Қарғыстан туындаған таулар да бар, дұға нәтижесінде қалыптасқандар да.  Немрут тауы,  Хасан тауы,  Тавр таулары, Қашқарлар және басқа да көптеген тауға мекен болды Анадолы. Шыңында ерімейтін мұздығы, атына романдар жазылған, фильмдер түсірілген, дастан мен аңыздарға толы Ағры тауының орны басқа.



Ұқсас жаңалықтар