Бедрийе Тахир Гөкменнің Түркияның алғаш әйел ұшқышы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 45

1519321
Бедрийе Тахир Гөкменнің Түркияның алғаш әйел ұшқышы екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның алғаш әйел ұшқышы – Бедрийе Тахир Гөкмен. 1932 жылы Веджихи Ұшу мектебінде авиация оқуын бастаған Бедрийе Тахир бір жақтан мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істеп жүріп, басқа жақтан ұшу оқуын жалғастырады. Өзінің авиациялық қызметіне байланысты оған көптеген наразылық көрсетіліп, кедергілерге тап болады. Авиациямен шұғылданғаны себепті еңбекақы қысқартылады, соңында жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Сонда да ұшу қиялынан бас тартпайды. Түркияның алғаш парашютшісі және Парашют мектебінің алғашқы директоры Абдуррахман Түріккушу 1933 жылы біліктілігін арттырып, лицензиясын алған Бедрийе Тахирге «Гөкмен» деген лақап қояды. 1934 жылы «Тегі туралы заңның» шығуымен Бедрийе Тахир «Гөкмен» тегін алды.

1934 жылы студенттер төсбелгілерді бекіту үшін емтиханнан өткізілуі талап етіледі. Бірақ емтихан делегациясы келген кезде мектептің ұшатын жалғыз ұшағы бұзылғаны үшін емтихан өткізілмейді және қысқа уақыттан кейін мектеп жабылады.

Пилоттық лицензиясы ресми түрде бекітілмегенмен Бедрийе Тахир Гөкмен көгілдір аспандағы алғаш түрік әйелі ретінде авиация тарихында орын алды.



Ұқсас жаңалықтар