Судан бастау алған мәдениет - 1

Өмірдің өзі... Берекеттің символы...

1504002
Судан бастау алған мәдениет - 1

Табиғатқа жан берген,  егінді көгерткен су... Жер бетінде тіршілік басталмастан бұрын болған,  қәдім су... Өмірдің өзі... Берекеттің символы... Жандылар мұқтаж болған ең маңызды нәрсе... Өркениеттер құрған,  өркениеттерді қиратқан, мемлекеттердің күшті қылған немесе әлсіз қылған су... Тарихқа бағыт берген,  тарихпен бірге жасаған су... Ғасырлар бойы өзі үшін соғыстар болған, адам өлтірілген су... Себебі су кімде болса, барлық нәрсе соның қолында. Су – бас тартылмас нәрсе!

Адам баласы тарихта пайда болғаннан бері мифологияда,  аңыздарда,  дастандарда басты ролде болған су кеше қаншалықты маңызды болса, бүгінгі күні де соншама маңызды. Себебі өміріміздегі барлық нәрсе тікелей немесе жанамалай суға байланысты, су әлем коньектурасында сөзі өтетін немесе мықты болғысы келетін елдер үшін енді стратегиялық элемент.

Табиғи ресурстардың барлығында болғаны секілді судың да экономикалық құны бар.  Алайда судың құны барлығынан асып түседі,  себебі тіршілік пен атмосфера сумен ғана мүмкін. Яғни су болмаса, ешбір табиғи ресурстың мағынасы болмайды біз жандылар үшін. Сондықтан су - елдердің болмысы,  болашағы, қауіпсіздік мүдделері және экономикалық дамуы тұрғысынан өте маңызды элемент.

Міне, сондықтан күнделікті тұрмысымыз бен болашағымызға тікелей әсері бар су тақырыбын жан-жақты қолға алғымыз келді «Судан бастау алған мәдениет» атты бағдарламамызда.  Тарих, мәдениет және өркениет тұрғысынан Анадолыда судың тарихын баяндаймыз. Қалалар құрылған кезде судың ролі, сәулет ғимараттарында,  өнерде,  әдебиетте қандай орын алған? Анадолыдағы тұңғыш су бөгеті, су жолдары,  су қоймалары, моншаларды баяндап береміз. Су құқығы және су қауіпсіздігі секілді 21-ғасырда елдердің саясаттарына бағыт берген ұғымдарды түсіндіруге тырысамыз.

Су деген кезде еске алдымен не түседі? Көзіңізді жұмып, бір сәт ойланып көріңізші.  Су деген не? Сіз үшін қандай мағынада? Есіңізге теңіздер,  көлдер,  өзендер келген болар... Бәлкім суға байланысты сөздер, түс, бәлкім сиқырлы әлем...

Суды түсіндіру әрі оңай,  әрі қиын.  Себебі су әрі қарапайым, әрі күрделі. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық жерінде,  барлық сәтінде су бар! Өсімдіктерге,  жануарларға және адамдарға жан берген,  олар үшін бас тартылмас табиғи ресурс, өз алдыне үлкен әлем су деген!

Ауыз су иісі жоқ, түсі жоқ және дәмі жоқ бір қосынды. Екі сутегі, бір оттегі атомынан тұрады. Бәлкім әлемдегі ең белгілі химиялық формула. Денеміздің 70 пайызы судан тұрады. Өміршең маңыздағы органдарымыз ми,  жүрек, өкпе және бүйрегімізде де сондай мөлшерде су болады.  Су дене температурасын теңгереді, жадымызды нығайтады, жасушыларға қоректерін жеткізеді және зиянды нәрселерден тазалайды. Алайда осыншама маңызды болған су адам денесінде жинақталмайды. Сондықтан адам бірнеше күн бойы аштыққа шыдай алса да, шөлге шыдай алмайды. Осылайша таза ауыз судың маңызы тағы бір рет айқын көрінеді.  

    Жер бетінде тіршілік басталмастан бұрын су болғаны туралы мәлімет мифологиядағ аңыздарда және дастандарда жиі кездеседі.  Мысалы түріктердің «Жаратылыс» дастанында Жер шарының бастапқыда сумен қапталағаны былай айтылады: «Жер беті теңіз еді, не аспан болған жоқ,  не жер болған жоқ, барлық жер су болды бір кездері... Құдай Үлкен ұшып жүріп бір қонатын жер таба алмады...»

Тек түріктерде емес,  көптеген үлттың жазбаша және ауызша аңыздарында,  дастандарында орын алған нәрсе су. Рим және грек мифологиясында, шумер, Скандинавия, Азтек және Қиыр Шығыс аңыздарында кездеседі.  Көне қоғамдарда судың тіршілікті бастағаны жөніндегі наным артынан қасиетті кітаптарға да енген.

Су тарихтың алғашқы кездерінен бері өркениеттердің қалыптасуында ең маңызды фактор болған, өркениеттер әрдайым су жағасына құрылған және дамыған.  Ауылдар мен қалалар құрылатын алаңдар анықталған кезде таза ауыз судың болмысы өте маңызды болған. Егіншілік те,  сауда да өзен бойында басталған.  Судың тапшылығы аштыққа, жұқпалы індеттерге және көшке әкеліп соққан. Бақылауға алынбаған жағдайларда болса су тасқындары үлкен қирауға дейін апарған. Тіршіліктің көзі болған су өркениеттерді де жоятын күшке айналған.  бүгін адам баласының ортақ санасындағы Нұқ топаны осыған үлкен мысал. Нұқ топаны үш үлкен діннің қасиетті кітаптары Тәурат, Інжіл және Құранда да орын алады.

Су – мөлдір, таза, шипа. Көптеген наным мен діни жазбада қасиетті деп есептеледі. Ислам дінінде Мекке маңынан шығатын зәмзәм суының шипалы екеніне сенеді. Сонымен бірге христиандар Франциядағы Лордат суын, индуизм болса Ганж өзенін киелі және шипалы деп қабылдайды. Әсіресе үлкен үш дінде діни ғибадаттардың және рәсімдердің басты нәрсесі- су. Иудаизмде тазалануды су қамдайды, христиандықта дүниеге келген нәресте сумен тазаланады. Исламиятта болса су – күнделік ғибадаттың бас тартылмасы.  Намаз оқымастан бұрын сумен дәрет алу қажет,  себебі денені тазаламастан Алланың алдына шығуға болмайды.

**

Анадолы – тарихтың бастауына куә болған бір территория, тарихқа түбегейлі із қалдырған жер. Адам баласы жазуды осы жерде үйренген, тарихтағы тұңғыш бейбітшілік келісімі осы жерде қол қойылған, ақша бірінші рет осы топырақта қолданылған, тарихтағы белгілі алғашқы су заңдары осы территорияда ортаға шыққан. Әрине,  осымен шектелмейді. Сіздерге мысал ретінде келтіріп отырғанымыз осы. Осы территорияда ондаған өркениетке мекен болу тек судың арқасында берекетті топырақпен ғана мүмкін.

Егіншілік сулаудағы табыстарымен өркениетке бастау болған шумерлерден Анадолыда тұңғыш су бөгетін салған хеттерге, Рим империясы кезіндегі қалалар арасындағы су жолдарынан Османлы кезіндегі су ғимараттарына дейін ауқымды қазынаға, ғаламдық мәдени мұраға ие осы жерлер.  Барлығы да баяндауға татиды.



Ұқсас жаңалықтар