Моңғолияда 24 маусымда жалпы сайлау өткізілді

Еуразия күн тәртібі – 27

1447905
Моңғолияда 24 маусымда жалпы сайлау өткізілді

Бүгінгі бағдарламамызда Моңғолияда ұйымдастырылған жалпы сайлауға тоқталамыз.

2020 жылы 24 маусымда Моңғолияда жалпы сайлау өткізілді. Сайлауда 13 партия, 4 коалиция және тәуелсіздер, жалпы 606 үміткер бәсекеге түсті. Билік басындағы Моңғолия Халық партиясы 76 орынды парламентке 62 депутат жолдады. Оппозициядағы Моңғолия Демократия партиясы 11 орын иеледі. 3 орынды басқа коалициялар бөлісті. 2 миллион сайлаушы бар елде жалпы сайлауға 73 пайыз сайлаушы қатысты. Моңғолиядағы бұл сайлаудың бірнеше ерекшелігі бар.

Бастысы Моңғолия пандемия кезінде табысты бір сайлау өткізді. Сайлаудың тыныш өтуі үшін 23-25 маусымда Ұланбатырда арақ сату шектелді. Сайлау күні Ұланбатырда халықтың ұзақ қатарға тұруы сайлаушылардың пандемияға қарамай, сайлауға мән бергенін көрсетті. Сайлау орталықтарында сайлаушыларға маска мен қолғап таратылды. Сайлау кезінде ерекше оқиға туылмады. Моңғолиядағы сайлау Оңтүстік Кореядан кейін пандемия кезінде сайлау процесін табысты өткізуге болатынын көрсетті.

Сайлауда табысты болған Моңғолия Халық партиясы жалпы сайлауда арт-артынан жеңіске жетті. Моңғолия Халық партиясының сайлауда жеңіске жетуінде пандемия процесін ойдағыдай басқаруы әсерлі болды. Қытайдың іргесіндегі Моңғолия COVİD-19 індеті пайда болған күннен бастап сақтық шараларын мықты жасап, індетпен күресті табысты жүргізудің үлгісіне айналды. Елде індетті 219 кісі жұқтырды, індеттен өлім болмады.

Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың сайлауда жеңіске жеткенімен, жұмысы да жеңіл емес. Пандемиямен бірге ауырласқан экономикалық қиыншылықтар алдағы күндерде арта түседі. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга Демократия партиясынан. 26 маусымда Моңғолия президенті талапқа сай дауысты қайта санауды сұрады. Алайда сайлау нәтижесінде үлкен өзгеріс болмайтын көрінеді.

Моңғолиядағы сайлаудың өзге бір ерекшелігі Демократия партиясының лидері Сондомзундуи Эрдэнэнің сайлау жеңілісінен кейін төрағалықтан кететінін жариялауы болды. 1996 жылы билікке келген және елдің соңғы 25 жылында маңызды рол ойнаған Моңғолия Демократия партиясының билікке қайта оралуы үшін атқаратын саясаттарын бақылап шығуы керек.

Соңғы сайлауда әйел үміткерлер 13 орынды иелеп, тәуелсіз Моңғолия тарихында осы санға тұңғыш рет жетті. Өткен кезеңде 11 әйел депутат бар еді.

Моңғолиядағы сайлауда кейбір олқылықтар да болды. Пандемия себепті сайлауға шетелдегі моңғол азаматтары дауыс бере алмады. Пандемия кезеңі ұзаратын болса, сайлау өткізетін елдер бұл мәселеге шешім қарастыруы керек.

Сайлаудың жеңімпазы Моңғолия Халық партиясы бағдарламасында әлеуметтік ел дәріптелді. Партия бағдарламасында денсаулық сақтауды қамтыған азаматтарға тіпті көп қызмет өтеу және оңайлық жасау саясаты басты орынға шықты. Пандемияның адамзатқа әкелетін табысының бірі әлеуметтік ел түсінігі маңызының артуы болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар