Ежелгі Афродисиас қаласы

Түркияда туризм - 19

1195647
Ежелгі Афродисиас қаласы

Афродисиас – есімін махаббат пен сұлулық тәңірі Афродитадан алған ежелгі бір қала. Рим патшасы Август тарапынан «Бүкіл Азияда өзіме осы атты таңдадым» деген сөздерімен 1-ғасырда қорғауға алынған.

Қазіргі таңға дейін мықты сақталған құрылымдарымен ежелгі Афродисиас қаласы – Анадолыдағы маңызды археологиялық алаңдардың бірі.

Түркияның Эгей аймағында Айдын қаласы Карасу айданында теңізден шамамен 600 метр биіктіктегі бір платода орын алады. Тарих бойынша өзі орналасқан жағрафиялық табиғи ерекшеліктерімен маңызын арттырған қаланың ең үлкен байлық көзі маңындағы мәрмәр шахтасы болған.

Тарихы б.з.б. 5000 жылдарына дейін созылған Афродисиас б.з.б. 2-ғасырда қала мемлекеті мәртебесін алды. Рим патшасы Август тарапынан қорғауға алынғаннан кейін салықтан босатылып, автономиялық мәртебе берілген соң танылып, жылдам дамыды. Артынан Кария уәлаятының бас қаласы болған. Византия кезінде саяси, діни және экономикалық кемшіліктер себепті маңызын жоғалта бастады. 7-ғасырдағы үлкен жер сілкінісінің артынан қайтадан қалпына келтірілмеген, уақыт өткен сайын кішкентай бір ауданға айналған Афродисиастың тұрғандары 12-ғасырда толығымен қаланы тастап кетті.

Афродисиастағы мәрмәр ғимараттардың, мүсіндердің, ойып жазылған жазбалардың қорғанып сақталуы ежелгі қаланың археологиялық тұрғыдан маңызын одан да арттырады.

Қаланың маңындағы мәрмәр шахталарының байлығы, мүсін өнері саласында жоғары сапада бір орталыққа айналуын қамтамасыз еткен. Әсіресе 1- және 3-ғасырлар арасында қаладағы мүсін мектебінің даңқы шығып, Жерорта теңізі аймағында белгілі және көптеген маңызды туындыға таңба қалдырған ондаған мүсінші осы қалада білім алған. Мүсін саласындағы осы басшылық уақыт өткен сайын «Афродисиас стилі» деп аталған бір ағымды ортаға шығарды.

Көне дәуірдің алдынғы қатарлы архитектуралық, өнер және діни орталықтарының бірі Афродисиас ғибадатханасы алғаш рет ассириялықтар тарапынан махаббат және сұлулық тәңірі Иштар үшін салынған. 1-ғасырда римдіктер тарапынан Афродита атына қайтадан салынған.

Афродита ғибадатханасы 5-ғасырдың соңында қалаға христиан дінінің тарауымен үлкен бір шіркеуге айналдырылған және бұрынғы ғибадатханадан із қалмаған.

Себастеион ғибадатханасы, Хадриан моншасы, спорт және оқу мақсатты бір құрылыс, суды бақылауға алу мақсатты салынған бір бассейн – қаланың рельефтер және мүсіндермен безендірілген маңызды құрылымдары…

Жиналу және базар алаңы ретінде қолданылған 8 мың адамдық Агорада Рим императоры Диоклетианустың мәрмәрдің үстіне жазып дуалға ілулі бағалар тізімі бар. Осы тізім  - қала экономикасының ең маңызды көрсеткіші.

Афродисиас стадионы – ежелгі әлемнің ең жақсы сақталған стадиондарының бірі. Ежелгі театр болса Анадолының ең көне үш қабатты сахнасына ие.

Қала жүздеген жыл бұрын салынғанына қарамастан қазірге дейін монументалды қақпасы, архитектурасы және мәрмәр оюларымен көргендерді тәнті қылуда.

 

Афродисиас ежелгі қаласы аймақта орын алған ежелгі мәрмәр шахталарымен 2017 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне алынды.

Афродисиасты көру үшін Айдын қаласына барсаңыз, Дидим ауданындағы Аполлон ғибадатханасын араламай, теңдесі жоқ керемет теңізінде суға түспей, Эгей аймағының дәмді тағамдарынан татпай қайтпаңыздар...



Ұқсас жаңалықтар