Селимийе мешіті

Түркиядағы маңызды тарихи мешіттердің бірі Селимийе мешіті - толығымен бір шеберлік туындысы…

1151446
Селимийе мешіті

Селимийе мешіті

Тек Османлы-түрік сәулет тарихының емес, әлем сәулет тарихының да үздік туындысы ретінде көрсетіледі.

Сәулетшілік өнерінің ең керемет үлгілерінің бірі және адамның шығармашылық данышпандығының туындысы ретінде қабылданған Селимийе мешіті мен комплексі 2011 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енді.

Селимийе мешіті Стамбул жеңісі алдында Османлы мемлекетінің бас қаласы Эдирнеде 16-ғасырда салынған. Мимар Синан салған мешіт әлемнің бұрын-соңды болмаған ең үлкен және ең керемет сәулеттерінің бірі …

Сұлтан 2-ші Селим салдырған Селимийе мешіті мен комплексі, техникалық кереметі, мөлшері, эстетикалық құндылықтары тек қана өз кезеңінің емес, кейінгі кезеңдердің де туындылардың бірі ретінде қабылданады.

 

Тамаша көрінісімен келушілерін тәнті еткен Селимийе мешітінің құрылысы 1568 жылы басталған және құрылысында шамамен 15.000 адам жұмыс істеген мешіт 1575 жылы аяқталды. Өте алыстан тамаша көрінсе де, мешіттің ішіне кірген соң керемет сәулетімен таңқаласыз.

Селимийе мешітінде күмбез Мимар Синан қол жеткізген біліктіліктің шыңы болып қабылданады. Осыншама кең бір күмбезі болғанына қарамастан  күмбезді көтерген бағаналардың ішкі  кеңістікті бөлуіне рұқсат берілмеген. 6.000 адам ғибадат қылатындай бір алаңы бар. Мешіттің төрт бұрышында орын алған және әрқайсысы үш балконды мұнаралары болса өз категориясында әлемнің ең сәндісі болып табылады. Таңқалдыратын бір сәулетшілік шеберлігімен мұнаралардың ішіне бір-бірімен ұштаспаған 3 бөлек баспалдақ орналастырылған.

Әлем сәулетшілік тарихына керемет туындылар қалдырған Мимар Синан осы мешітті «Шеберлік туындым» деп атаған екен. Ішкі дизайнында қолданылған өз дәуірінің ең жақсы үлгілері болып есептелетін тас, мәрмәр, ағаш, седеп (меруерттен істелген құлпырмалы асыл зат)  және әсіресе шыны оюларымен күмбез мен діңгектердің сызу ұсталығы, ауласы, кітапханасы, оқу орындарымен бір өнер түрінің шыңын көрсетеді.

Осы керемет мешітті тамашалауға Эдирне қаласына барғанда саяхат уақытыңыз шілде айына дөп келсе, 600 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан Кыркпынар майлы түрік күресінде тамашалауды ұсынамыз.

Қаладағы римдіктер ұйымдастырған Какава фестивалінде де тамашалаймын десеңіз, мамыр айында барғаныңыз жөн болар.

 Эдирнедеги Денсаулық, Түрік-Ислам туындылары, Балкан соғысы мұражайын араламай, әйгілі бауыр қырмасының дәмін көрмей, бадам қамыры, сабын және ақ сыр сатып алмай қайтпаңыз.



Ұқсас жаңалықтар