Сафранболу (Карабүк)

Сафранболу ауданы – Түркияның солтүстік батысында өте сүйкімді бір қалашық...

1147874
Сафранболу (Карабүк)
safranbolu1jpg.png
safranbolu2jpg.png
safranbolu.jpg
safranbolu.jpg
safranbolu.jpg
safranbolu.jpg

Сафранболу ауданы (бұрынғы дәуірлерде қала болған) – Түркияның солтүстік батысында өте сүйкімді бір қалашық... Бүгінгі бағдарламамызға тақырып болу себебі болса түрік қала тарихының бұзылмаған бір үлгісі болуы...

Дәстүрлі қала салты, ағаштан салынған үйлері және ескерткіштей құрылымымен толығымен қорғауға алынған Сафранболу сирек қалалардың бірі болып табылады. Осы тұстарымен 1994 жылдан бері ЮНЕСКО Әлем мәдени мұра тізімінде орын алады.

 

Қаратеңіз жағалауын батыс және Орталық Анадолы аймағымен байланыстырған Сафранболу қаласы жағрафиялық тұғыры себепті бұрынғы дәуірлерден бері тұрғын орталығы болған. 14-ші ғасырдың бастарынан бері түріктердің билігінде болған қала әсіресе 18-ші ғасырда Азия мен Еуропа арасындағы сауданың маңызды бір аялдамасына айналды. Мәдени және экономикалық тұрғыдан дамыған. Сауданың артуымен салынған керуенсарайлар, қаланы қонатын орталыққа айналдырған.

 

 

Сафранболу түрік мәдениетін әрі дәстүрі, әрі сәулетімен назар аударған тарихи атмосферасын қорғаған бір қала... Осы ерекшеліктерінің барлығына орай «Әлем қаласы» атағы берілген. Әр көшесінде, әр бұрышында тарихтың іздері байқалған Сафранболу қазір ашық түрдегі мұражай қала іспеттес… Көне қалада шамамен 600 жылдық тарихи моншалар мен медреселер бар. Дәстүрлі үйлерімен даңқы шыққан Сафранболу әлемнің түкпір-түкпірінен келуші туристтерге қонақжайлық жасауда.

 

Сафранболу үйлері халықтың тіршілігін, мәдениеті мен сәулеттік қабілетін  көрсеткен ғимараттар болып табылады... Құрылысында тас, кірпіш, кафель және ағаш қолданылған үйлердің барлығы көршісінің көрінісіне кедергі жасамайтындай қылып салынған. Аймақтың құрылымында табиғат, адам, үй, көше және базар белгілі бір тәртіпте орналасқан.

Екі немесе 3 қабаттан тұратын осы үйлердің үлкен бір ауласы бар және ағаш шеберлігінің керемет үлгілері төбелерге қоса үйдің әр жеріндегі ою-өрнектерімен өзін көрсетуде.

 

Көшелер мен аулалар «албан жаяу жолы тастары» деп аталған кішкентай тастармен төселген… Бұл әрі жаңбыр суларының топыраққа жеңіл сіңуіне, әрі ағаш пен өсімдік тамырларының одан рахат суарылуын қамтамасыз етеді. Карабүк қаласына қарасты  дәстүрлі құрылымымен ғасырлардан бері өзгермеген Сафранболуға баратын болсаңыз, ежелгі керуенсарай мен моншаларды, қаланың тарихи мұражайын, сауда орталығы базары, мұражай үйлерді аралаңыздар. Тарих беттеріне апарған тас төселген көшелерді араламай, хауызы бар бір түрік үйінде түрік кофесі ішпей қайтпаңыздар!

 

Сондай-ақ мұражай ауылы деп аталған көшпелі Йөрүк ауылы, Инджекая су көпірі, Кристал терасса, Токатлы мен Дүздже каньондары да аймаққа жақын тамашалауға тиісті орындар. Әлемге әйгілі атақты Сафранболу локумы, құдық кәуабы, баклава сіз ұнататын ләззаттар арасында...



Ұқсас жаңалықтар