Помпео Украина, Қазақстан, Өзбекстан елдеріне барды

Еуразия күн тәртібі - 6

1354055
Помпео Украина, Қазақстан, Өзбекстан елдеріне барды

 Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2020 жылы 31 қаңтар - 3 ақпан күндері арасында Украина, Қазақстан және Өзбекстан елдерін қамтыған аймақтық сапарға шықты. Соңғы кезеңде АҚШ-тың Еуразиядан шегінгені айтылып жүргенімен, Помпеоның аталмыш сапары жағдайдың басқаша екенін көрсетті. Ендеше осы сапарларға бір көз жүгіртейік.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сапарын Украинадан бастады. Украинаның Ресеймен дағдарыста АҚШ пен Еуропа Одағына арқа сүйегені белгілі. Дегенмен Украина мен АҚШ қарым-қатынастарын жоғары өреде деп айта алмаймыз. Стратегиялық деп аталған екі жақтылы қарым-қатынастарға қарамастан, АҚШ Киевке жаңа өкілетті елші жолдаған жоқ. Трамптың Украина арнайы өкілінің орны да бос тұр. АҚШ-та президент Дональд Трампқа қарсы басталған импичмент тергеулерінде Украинаның аты аталғандықтан өткен жылы сайланған Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа алғашқы сапарына әлі шықпады. Бұл тараптар арасында таласқа айналды. Жоғарыдағыдай жағымсыздықтарға қарамастан екі жақтылы қарым-қатынастардың жалғасатынын және АҚШ-тың Еуразия саясатында Украинаның орны бөлек екенін айтуға болады.

Майк Помпео 1 ақпанда Беларуське барды. Ресеймен тұтастық және энергия тақырыптарында келісе алмаған Беларусь 26 жылдан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысын күтіп алды. Сапар алдында Александр Лукашенко Ресейден алынатын энергияны қажетті деп қаралса АҚШ-тан алатындарын жариялады. АҚШ бұған қарымжы ретінде Беларусьті виза шектелген елдер тізімінен шығарды. Лукашенко мен Помпео кездесуінде АҚШ өкілетті елшілігі жаңа ғимаратының құрылысы, 2008 жылдан бері келмеген өкілетті елшінің тағайындалуы, мұнай экспорты тақырыптары қолға алынды. Аталмыш сапар екі жақтылы қарым-қатынастарды қысқа уақытта қалыпқа түсіре алмайды. Алайда Лукашенконың Кремльмен кездесулерде мұны көлденең тартары айқын.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан басшысымен кездесті. Помпеоның Қазақстан сапары күн тәртібінде АҚШ компанияларының іс-шаралары, екі жақтылы экономикалық байланыстар мен Қытайдың азшыл ұлттарға деген саясаттары болды. Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласында Қытайдан келген қазақтардың өкілдерімен де бас қосты. Бұл кездесу АҚШ-тың Қытайға қарсы Шыңжаңдағы адам құқықтарының аяқ-асты етілуін сылтау ретінде қолданатынына меңзейді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы 3 ақпанда Ташкентте ел басшысымен кездесті және «С5 1» жиналыстарына қатысты.

«С5 1» жиналыстары өзге бір бағдарлама тақырыбы болғандықтан Помпеоның Өзбекстандағы сапарын кейінге қалдыралық.

2018 жылғы санды деректерге негізделгенде АҚШ-тың Украинамен сауда мөлшері 4 миллиард доллар, Қазақстанмен саудасы 2.1 миллиард доллар, Беларусьпен 500 миллион доллар, Өзбекстанмен саудасы 300 миллион доллар болған. АҚШ үшін аталмыш елдер көбінесе Қытай мен Ресейге қарсы әрекет жасау, олардың іргесінде жүру тұрғысынан маңызды. Әсіресе Ресейдің төңірегінде болу үшін осы елдермен байланыстары тиімді. АҚШ 29 қаңтарда Ресейге жаңа эмбарго келтірді. Аймақтағы аталмыш елдер тұрғысынан да Қырым шабуылынан кейін Ресейді тепе-теңдікте ұстайтын күш ретінде АҚШ-пен қарым-қатынастарын бекемдеу өте маңызды болып табылады.

Түркия Еуразияның маңызды елдері Украина, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстанмен қарым-қатынастарын бекемдеп, аймақтағы орнын күшейтуде. Аймақ елдерімен ымыраласу баршаға пайдалы. Президент Ердоғанның биыл Украина мен Беларуське сапарлай баруы, Қазақстан мен Өзбекстан лидерлерін елімізде күтіп алуы осы мақсатқа қызмет көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар