Мысық асыраудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 2

1335194
Мысық асыраудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 2

Адам мен жануарлар арасындағы байланысты зерттеген ғалымдар мысық асыраудың денсаулық үшін кейбір пайдалары болғанын ортаға шығарды. Үйде мысық асырау әлеуметтік байланысты арттырады және одан көп күлуді, ойнауды және жаттығуды қамтамасыз етіп, депрессияны азайтады. Осылайша иммунитеттік жүйе одан жақсы жұмыс істейтін болады.

Адам мен мысықтың байланысын дәлелдейтін ең ескі дерек Кипрде бір адамның мазарында табылған 9500 жылдық мысық сүйегі… Анадолыдан келген алғашқы жұптар жабайы мысықтарды қайықпен аралға әкелгенше Кипрде мысық болмаған. Бұл жағдай мысықтар мен адамдардың Анадолыда 10.000 жылдан ұзақ уақыттан бері егіншілік кезеңі басталғалы өмір сүргендерін көрсетеді.

Ең жақсы мысық түрлерінің бірі ретінде Ван мысығы тек қана Ван көлі бассейнінде өмір сүрген ақбас тұқымды мысықтың бір түрі болып табылады. Бұл мысықтардың бір көзінің көк, бір көзінің кәріптастың түсіндей болуы жиі кездесетін генетикалық бір бұзылу. Түлкінің құйрығына ұқсас үлпілдек бір құйрығы мен ақ, жібектей түктері бар. Суда жүзуді жақсы көреді. Ван мысығы құндылық ретінде 2006 жылы 22 сәуір күні тіркелді.

 


Этикеттер: #мысық

Ұқсас жаңалықтар