Түркияның Теңіз мұражайы

Бұларды білетін бе едіңіздер? - 51

1322959
Түркияның Теңіз мұражайы

Түркияның алғашқы және жалғыз теңіз мұражайының Стамбулдың Бешикташ ауданында екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның алғашқы және жалғыз Теңіз мұражайының Стамбулда Бешикташта ашылуы кездейсоқ емес. Османлы флоты 16-ғасырдан 19-ғасырдың ортасына дейін жыл сайын көктем айларында Бешикташ портынан жорыққа шығатын еді. Алпауыт қайықтар, кемелер жорықтан бұрын портта тоқтап, бірнеше күн тұрғаннан кейін салтанатты түрде шығарып салынатын.  Османлы теңіз саласында дәстүрге айналған осы рәсімдер Бешикташтың теңіз тарихында айырықша орынға ие болуын қамдады.

16-ғасырда ұлы түрік теңізшісі Барбарос Хайреттин паша Бешикташ жылғасының аузында мешіт пен медресе салғызды.  Қайтыс болғаннан кейін атақты сәулетші Мимар Синан салған Бешикташ ауданындағы күмбезге жерленді.  Ұлы түрік теңізшісіне деген осындай  құрмет теңізшілер мен Бешикташ арасында байланыс тууына себеп болды. Сондықтан Түркияның алғашқы және жалғыз Теңіз мұражайының 1961 жылдан бері Бешикташта қызмет беруі теңіз саласы тарихы тұрғысынан өте мағыналы.



Ұқсас жаңалықтар