2019 жыл - Гөбеклитепе жылы

Бұларды білетін бе едіңіз? - 19

1199057
2019 жыл - Гөбеклитепе жылы

Шанлыурфадағы Гөбеклитепенің әлем көлемінде ең ірі жаңалықтардың бірі екенін, 2019 жылдың Гөбеклитепе жылы деп жарияланғанын білетін бе едіңіз?

12 мың жасында екені болжалған Гөбеклитепе адамзат тарихына байланысты білетіндерімізді өзгертеді.  Гөбеклитепеден бұрын адам баласының егіншілікті бастаған кезде отырықшы тұрмысқа өткені,  темір қолданып білмегені,  сол секілді ыдыс-аяқ жасауды да бастамағандары айтылатын. Ал Гөбеклитепе адамдардың аң аулап күн көрген кезде де ғимараттар салып, отырықшы тұрмыстың бір түріне өткенін көрсетіп берді.  Сондықтан осы жер «тарихтың бастауы» деп аталады.

Гөбеклитепе неміс археолог Клаус Шмидттің басшылығында 1995 жылы басталған қазба нәтижесінде жарыққа шықты.  2018 жылы ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді. Аймақта қазбалар жалғасуда. Осы қазбалардың тағы 150 жыл жалғасатыны айтылады. Зерттеулер осы өңірде әлі жарыққа шықпаған 15 ғимарат пен 200-ден астам бағана тас бар екенін көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар