Түркияның достық көпірлері-4

ТИКА--осы таңда 150 елде жұмыс істеуде.

1133249
Түркияның достық көпірлері-4

 

«Түркияның достық көпірлері» атты бағдарламамызда үш аптадан бері Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ны сіздерге таныстыруға тырыстық. Бүгінгі бағдарламамызда ТИКА-ның жалпы жобаларын таныстырғаннан кейін, ТИКА тақырыбын тамамдаймыз.

Техникалық инфрақұрылымнан ұйымның деңгейін арттыруға дейінгі ТИКА жобалары:

1995 жылына дейін бауырлас елдерде экономика, әлеуметтік және мәдени салаларында жұмыс істеген ТИКА сол кезден бастап, білім беру және мәдени ынтымақтастық жұмыстарына көңіл бөледі. Баршаға аян, әр нәрсенің басы білікті және жақсы жетілген адам санына ие болу. Сондықтан ТИКА 1995 жылынан кейін білім беру жұмыстарын тездетті. Түрлі елдерде мектептер, кітапханалар, лабораториялар салды және университеттерге техникалық жабдықтар жағынан жәрдем берді.

2000-шы жылдары басталған процесте әлем жаһандану және жаһанданудың ықпалы шығыстан батысқа көптеген географияда сезілді. Бұл кезеңде бауырлас елдердің дамуы тақырыбында қол жеткізген жеңістермен бірге ТИКА-ның аймақта жасаған жобалары ұйымдық деңгейді арттыру жобаларына айналды. Мемлекетіміз және ТИКА ортақ тарихи мұрағаттарға ие болуымен мақтанады. Сондықтан Атажұрт территориялары үшін жасаған жобалары жалғасуда.

Еліміздің әлемде және аймағында маңызды бір актерге айналу талпынысының бір жалғасы ретінде 2000-шы жылдардан бастап, сыртқы саясат тұғырымызда үлкен өзгерістер болды. Бұл өзгерістер аясында ТИКА-ның жұмыс істейтін географиясы кеңейді. 2002 жылы 12 болған бағдарлама координация офис саны 2011 жылы 25-ке, ал 2012 жылы болса 33-ке ұласты. ТИКА-ның шетелдегі офис саны күн сайын артуда. ТИКА--осы таңда 59 елге 61 бағдарлама координация офисі арқылы 150 елде жұмыс істеуде. Түркияның ТИКА арқылы дос елдерге бағытталған жұмыстарының негізінде бір бейбітшілік белдеу құру талпынысы бар.

ТИКА мемлекеттік органдар мен ұйымдар, университеттер, азаматтық ұйымдар және жеке сектор арасындағы ынтымақтастық механизмі міндетін атқаруда. Сондай-ақ осы секторларды ортақ мүдделерде табыстыруда және Түркияның даму жәрдемдерін тіркеуге алуда. 

2002 жылы еліміздің даму көмектері 85 миллион доллар болған кезде, бұл санақ 2017 жылы 8 миллиард 120 миллион долларға көтерілді. Сонымен қатар Түркия--әлемде ең көп гуманитарлық жәрдем жасаған ел.

ТИКА офистері ашылған елдерімен бірге 5 құрлықта  150-ге тарта елде даму ынтымақтастық жұмыстарын жасауда. Мемлекетіміз ТИКА арқылы Тынық мұхиттан  Орталық Азияға, Орташығыс және Африкадан Балканға, Кавказдан Латын Америкаға дейінгі көптеген елмен мағлұматтарын және тәжірибелерін бөлісуде.



Ұқсас жаңалықтар