Өткен күндерде Франция, Голландия және Бельгияда ереуілдер болды.

Күн тәртібі-50

1107540
Өткен күндерде Франция, Голландия және Бельгияда ереуілдер болды.

 

Өткен күндерде Франция, Голландия және Бельгияда ереуілдер болды. Голландия және Бельгиядағы «сары жилеттердің» ереуілдері белгілі көлемде болғанымен, Франциядағы ереуілдер кең көлемді өтті. Француз қауіпсіздік күштерінің 1700 ереуілшіні ұстаулары  және аяусыз күш жұмсауы  Францияның күн тәртібіне келді. Сонымен қатар Францияда ереуілшілдердің ішінде PKK-мен байланысы болған күштердің және басқа топтардың вандализм жасауы назар аударды. Франция президенті Эммануэль Макронның жасаған халыққа үндеуі Франциядағы дағдарыстың азайтылуын көздеген еді.

Францияда «сары жилеттер» ереуілдеріне француз полициясы аяусыз күш жұмсады.  Француз қауіпсіздік күштерінің ереуілшілерге қарсы  қатал түрде көз жасаурататын газ шашуы және пластикалық оқ атуылары кесірінен Франция көшелері соғыс алаңына айналды. Осы барыста бір ереуілші жарақат алды. Сонымен қатар кейбір ереуілшілердің ұсталуы барысында полицияның қол жұмсағандары байқалды. Француз полицияларының кейбір ереуілшілерге  пластикалық оқ атулары, сондай-ақ  француз армиясының ереуілшілерге қарсы  қарулы көліктер қолдануы  және аяусыз күш жұмсаулары өте аянышты жағдай болып табылады.  

Франциядағы ереуілдерде француз қауіпсіздік күштерінің аяусыз күш жұмсаулары адам құқықтарына және демократияға қайшы бір әрекет. Осыған қарамастан батыс және әсіресе Еуропа баспасөзі Франциядағы оқиғаларда аяусыз күш жұмсалмағанын жазды. Әлемнің басқа жерлерінде ереуілшілерге қарсы полициялардың аяусыз күш жұмсағанын айыптаған көптеген медиа ұйымдары Франциядағы оқиғаға келгенде  көм жұмғаны назар аударды. Бұл нақтылы сыңар жақты тұғыр болып табылады. 

Енді бір жағынан «сары жилеттер» ұйымдастырған  ереуілдерді түбегейлі түрде бейбітшілік деп айтуда қиын. Ереуілшілер ішінде вандализм жасаған бірнеше адам және белгілі топтар бар. Көшелерде автокөліктер мен қоқсықтардың өртелуі, полицияға қарсы күш қолдануы және дүкендердің тоналуы сынды көптеген вандализм оқиғалары болды. Франциядағы ереуілдерде жасалған вандализм барысында ғимараттардың қабырғаларына жазылған жазулар және кейбір әлеуметтік медиа арқылы PKK-мен бірге әрекет еткен кейбір ұйымдардың да ереуілшілер ішінде орын алғаны байқалды.  Әсіресе PKK-мен бірге Сирияда Францияның да қолдауымен соғысқан кейбір радикал солшыл ұйымдар да орын алуда.  Францияның террор ұйымдарымен ымыраласуы айыпталатын бір жағдай. Ал енді Франция үкіметі не істейді? Бұл маңызды бір мәселе. Осы тұрғыдан алғанда француз теледидарында «сары жилеттер» атынан сөз сөйлеген бір  кісінің ереуілдердегі күш қолданылуы жөнінде «радикал күрдтермен байланысты топтарды» айыптауы өте маңызды еді.

Тағы бір тақырып болса, Франция үкіметінің Франциядағы ереуілдер себепті «шетелдік күштерді» айыптауы болып табылады. Ереуілдердің айтақтаумен болғанын алға тартып, Ресеймен қатар Америка Құрама Штаттарын айыптағаны назар аударды.

Франциядағы ереуілдерде болған вандализм және полицияның аяусыз күш жұмсауынан кейін Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу тастады және уәделер беріп, Франциядағы дағдарысты тыныштандыруға тырысты. Сауалнамаға қарағанда халықтың Макроны қолдау деңгейі 26 пайызға төмендеген еді. Франция президенті Макрон  жасаған үндеуінде айына 2000 евродан аз айлық алғандардың айлығын көтеретінін, кейбір адамдардың ренжігенін түсінгенін айтты. Осы арқылы халықтың көңілін алуға тырысты.



Ұқсас жаңалықтар