Түркияның тұңғыш отандық басқару жиынтығы: HGK-1

Қорғаныста ұлттық жобалар - 5

1040913
Түркияның тұңғыш отандық басқару жиынтығы: HGK-1

Түркия түрлі қауіптерге қарсы ұлттық қауіпсіздігіне қорғауға тырысу және террорлық ұйымдармен күресу барысында кейбір кездері одақтастарының қару және оқ-дәрі эмбаргосына душар болуда. Сатып алынған қорғаныс өнімдерінің қолданылуында проблема шығып қалады. Түркия осы саладағы әрбір дағдарысты мүмкіншілікке айналдыруда табысты болып келеді. «Ауыз жүзіндегі» одақтастарымыз ұшқышсыз әуе аппараттарын сатудан қашқақтайды.  Алайда Түркия өзіне қажетті ұшқышсыз әуе аппараттарын өзін өндіреді.  Одақтастарымыз камиказе дрондарын бізге сатқысы келмейді.  Түркия өзіне керек нәрселерді өндірумен қатар әлемнің басқа елдеріне сататын деңгейге келді.  Одақтастарымыз әскери бомбалаушы ұшақтарда қолданылатын бомбаларды «ақылды» жағдайға келтіретін Жоғары дәлдіктегі жинақтар тақырыбында кедергі шығарған соң, Түркия өзі өндіре бастады.

 Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

Осындай ақылды оқ-дәрілер мен қаруларда сыртқа тәуелділікті жоюдың стратегиялық маңызы зор. Мысалы Америка Түркияға сатқан ақылды қаруларын белгілі мерзімде бақылау мүмкіндігіне ие.  Сатқан оқ-дәрілері,  қолданылған және қалған оқ-дәрі санын бақылап отырады. Ең маңыздысы осы оқ-дәрілердің қай координаталарға лақтырылғанын білу құқығы бар.  Басқаша айтқанда,  Түркияның террорлық ұйымдарға қарсы күресі барысында АҚШ-тан алынған осындай «ақылды» оқ-дәрілерді қолдану саны мен координаталарға кедергі шығару мүмкіндігі бар.  Тіпті Түркияның PKK және PYD секілді террорлық ұйымдарына қарсы қолданбауы үшін АҚШ-тың оқ-дәрі сатпаған кездері де болды. Сондықтан Түркияның тәуелсіз ел ретінде қозғалуында ақылды оқ-дәрілерді отандық мүмкіндіктермен өндіруі өте маңызды.

ЖДЖ (HGK) жаппай өндірісіне қалай кедергі жасалды?

Әсіресе кейбір елдер Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің отандық болуына кедергі жасау үшін бірқатар стратегия қолдануда.  Кейде қорғаныс өнімдерін сатпау арқылы,  кейде сатқандарын қолдануға кедергі жасау секілді,  кейде отандық өндіріске кедергі болу үшін өнімдерді арзанға сату секілді түрлі әдістер жасайды.

Әсіресе Түркия өзіне қажетті қорғаныс өнімдерін жетілдіре бастаған соң,  бағасын өте төмендетіп,  өнімнің жетілдірілуінің алдын алады. Осы кедергілердің бірі Жоғары дәлдіктегі жинақтар (HGK) өндірісінде болды.

Түрік Әуе күштері ақылды оқ-дәріде сыртқа тәуелділіктен құртылу үшін 2005 жылы жұмыстарын бастады.  Сол кездегі басшылар ақылды оқ-дәрілердің ұлттық мүмкіндіктермен өндірілуі үшін қажетті нұсқауларды берді. Қысқа уақытта жүргізілген жұмыстар арқылы 2006 жылы Жоғары дәлдіктегі жинақтар (HGK) өндірілді.  Алайда бұдан бұрын көптеген өнімде болғаны секілді бұл жолы да Түркияның отандық өндірісіне кедергі жасау үшін одақтастарымыз қадам басады.

Түркия өзіне қажетті жоғары дәлдіктегі жиынтықтарды қамтыған JDAM оқ-дәрілерін әрқайсысын 120 мың доллардан АҚШ-тан сатып алатын еді.  Түркия 2006 жылы өзі шығарған Жоғары дәлдіктегі жиынтықты 90 мың долларға өндіреді. Оның үстіне жаппай өндіріске өткенде, құны одан да азая түседі.  Түркия сол күндері жаппай өндірісті бастайтынын айта бастағанда,  АҚШ-тан өнімнің бағасын алтыдан бір арзандату ұсынысы келеді.  АҚШ 120 мың долларға сатқан JDAM-ның бағасын бірден 20 мың долларға түсіреді. Құны төмендемесе де, бағаның осыншама түсуі қызық, әрине.  АҚШ-тың бағаны осыншама төмендетуіндегі мақсаттардың бірі де – отандық оқ-дәрінің жаппай өндіріске шығуына кедергі жасау.  Баға төмендеген соң отандық өндірістің құны 4,5 есе қымбат жағдайға келді.  Сондықтан жаппай өндіріс процесі кешігеді.  Алайда Түркия тәуелсіз отандық қорғаныс саясатының қажеттілігіне сай қысқа уақытта жаппай өндіріс жұмыстарын қайта бастады.

Түркия жаппай өндіріске өтті

Жоғары дәлдіктегі жиындар TÜBİTAK Қорғаныс өнеркәсібі зерттеу институтындағы инженерлердің 5 жылдық еңбегі нәтижесінде жетілдірілді. Түрік Әуе күштері инвентарына енген тұңғыш отандық жоғары дәлдік оқ-дәрілері HGK-1 3-ші Әуе күтім зауытында өндірілді. Мемлекеттік әскери кәсіпорын ретінде қызмет беретін осы зауытта міндеттендірілген офицерлер мен жұмысшылар 2013 жылы бірінші өндірісті жүзеге асырды. Бұдан бұрынғы Білім, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү 2017 жылдың қараша айында Түркия Мәжілісі Бюджет және жоспар коммисиясында сөйлеген сөзінде HGK-1 оқ-дәрісінің жаппай өндіріле бастағанын сүйіншіледі. Бұндай оқ-дәрі бұдан бұрын әлемде тек АҚШ, Ресей және Израильде өндірілетін. Түркия сонымен бірге отандық мүмкіндіктермен осы өнімдерді өндірген әлемнің 4 елінің біріне айналды. HGK-1 оқ-дәрілері Евфрат қалқаны, Зәйтүн бұтағы операцияларында және терроризммен күрестегі басқа да операцияларда қолданылды.

Өндірушілерінің берген мәліметтерге сүйенсек, ерекшеліктері мынадай: «Әскери ұшақтар қарапайым бомбаларды 5-6 км қашықтықтан лақтырса, Жоғары дәлдіктегі жиындарда осы қашықтық 25 километрге жетеді.  Үстіндегі қосымша қанаттар және арнайы қондырғыларымен ақылды бомбалар ауада ұшып жолын табады. Ұшақ қауіпті аймаққа енбей-ақ міндетін сенімді түрде жүзеге асырады. Қарапайым бомбалардың үстіне қондырылатын түрде жобаланған жаңа оқ-дәрі координаталары анықталған нысананы спутник және арнайы сенсорлердің көмегімен 6 метр секілді өте аз қателік көрсеткішімен жояды. Осылайша нысана тысындағы жерлерге зиян келтірместен міндетін атқарады».

Арзан бағаға өндірілетін және өте маңызды ерекшеліктерге ие жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілерді бүгін Таяу Шығыс, Азия және солтүстік Африка елдері жақыннан бақылап отыр.



Ұқсас жаңалықтар