Кыналызаде Али Эфенди

Анатолының дана - ғұламалары 24

992461
Кыналызаде Али Эфенди

Сөзбен айтылған даналық даналыққа жатпайды. Ол – Мылжың, ұсақшылдық деген сөз. Барлық көне даналықтар бұл шындықты жақсы біледі. Бұл себептен де көп сөйлегеннен гөрі, көп қозғалғанды жақтайды.

Анатолы дәруіштері де ахлақты бір ғылымнан гөрі бір практика ретінде көреді. Мәнерлі сөздерден гөрі шынайы іс-қимылға мән береді. Бізге ғасырлар бұрыннан келе жатқан нақты бір жолдама жасайды: «Я көрінгеніндей бол, Яки болғаныңдай көрін».

Бұл ахлақтық ұстанымның біздің салтымыздағы ең үлкен ұстазы Кыналызаде Али Эфенди болып табылады. Өйткені Али Эфенди өзінен бұрынғы Анатолы ғұламалары жасамаған бір жұмысқа кірісіп, ахлақ ғылымы жайлы теңдесі жоқ ұсталықпен бір кітап жазды. Бұл кітапқа орай «Османлының ахлақ пен тәрбиесін салған ғалым» ретінде аталды.

Анатолының дана-ғұламаларында осы апта Кыналызаде Али Эфенди жайлы баяндап береміз.

Кыналызаде Али Эфенди 16-шы ғасыр Османлы ойшылдарының шыңында тұрған тұлғаларының бірі деп саналады. Ыспартада ғалымдар мен жазушылар тәрбиелеген бір жанұяның перзенті ретінде дүниеге келген. Алғашқы хатты осында таныды, кейін Стамбұлға келіп жоғары оқуын табыспен аяқтады.

Бала шақта ақыл-есінің керемет екені көрінеді. Құрдастары тек аттарын ғана естіген шығармалардың әрбір жолын жаттағаны байқалған. Осы тұрғыдан ғылым есіктерін еш қиналмай біртіндеп ашқан.

Жоғары білімін аяқтаған соң сол дәуірдің шейхульисламы (ислам дінінің басшысы) тарапынан неге екені белгісіз, ешқандай ұстаздыққа тағайындалмайды. Ұзақ уақыт жұмыссыз күткен Али Эфенди ақыры бір күні жазған барлық шығармаларын жинап, шейхульисламның есігін қағады. Ол «Не керек?» деп сұрағанда «Барша болашақ есігінен орын алуға тырысып жатқанда, мен осыларды жазып отырмын. Қазір болса сізден хақым болған ұстаздық қызметін алуға келдім» деп жауап қайтарады.

Оның бұл әрекеті әсер еткен шейхульислам оны Эдирнедегі бір медресеге ұстаз ретінде тағайындайды. Күресіп жүріп тапқан осы міндетінде жылдам көтеріледі. Бурса, Дамаск, Каир сияқты маңызды Османлы уәлаяттарында төрешілік қызметін атқарады. Соңғы тағайындалған міндеті Анатолы әскери төрешілігі шейхульсламдықтан кейінгі мамандығында қол жеткізе алатын ең жоғарғы мәртебе болып табылады.

Ғылыми жинағымен өз дәуірінің алдынғы қатарлы ғұламасы болған Кыналызаде Али Эфенди өмірі бойынша 15-ке жуық кітап жазды. Бұлардың арасында «Ахлақ-ы али» (Жақсы ахлақ) атты шығармасы ғасырлардан бері халық арасында маңызын жоғалтпай келеді.

Түрік, араб және парсы тілдерін өлең жаза алатындай жетік білген Кыналызаде шынында да бір ойшыл, дін ғалымы және сөз ұстасы болатын. «Ғалымдардың алыбы» деген атаққа ие ұлы бір ұстаз еді. Жазған ахлақ кітабы түрік тіліндегі тұңғыш шығарма болатын және 400 жыл өткеніне қарамастан әлі одан асқан бір шығарма жазылған емес.

Кыналызаде Али Эфенди жайлы әрі замандастары, әрі кейінгілер өте аз нәрсе жазды. Осыларға қарағанда мына бір нәрсені өте нақты түрде байқаймыз. Ол туралы айтылған әрбір нәрсе бір дананың қалай өмір сүру керек екенін көрсетеді.

Баласы Хасан Челеби әкесінің ғылымын түсіндіргенде оны теңіздің астындағы інжу-маржанға ұқсататын. Мықты ақыл есі және әсер еткен уағыздаушылығы да осыған қосылғанда ол кірген барлық жиындарға жарық түсірген бір шыраққа ұқсайтын. Дегенмен осыған қарамастан еш даңқының артынан жүгірмеген, күшін ақшаға теңемеген.

Кыналызаденің басқалары жайлы жағымсыз сөз айтпағаны да өмір баянын жазғандар тарапынан назар аударып тіркелген. Адамдармен әңгімелерінде адамдар жайлы емес, әдептілік пен ахлақ жайында сөйлеуді жақтаған.

Әңгімесі жақсы болса да, сөзді созуды жақтырмайтын. Жиындардан басқа уақытта үндемей жүргенді жақсы көріп, ойлануға мән беретін. Көптеген адам әңгімеге жұмсаған уақыты себепті ойлануға уақыт та таппай жатса, ол ойлауды ешқашан тастамайтын.

Осыған қоса жазушы зиялы қауымда көп кездескен өкінішті көріністер одан аулақ жүретін. Керісінше күлімсірегенді, адамдарға ілтипат етуді, олардың жаман қылықтарын жабуды жақсы көретін. Ренжіту ол қатты қорыққан нәрселер қатарында болатын.

Ол тіршілігінде көп нәрсеге куә болды. Дегенмен төңірегінде сезімдерінен пайда боған бір шеңберге рұқсат етпеді. Сезімдерінің әсерінде жүрген емес, оларды басқарған бір құрылымға ие еді. Не өтіп кеткен күндеріне көз жасы төгетін, не де болашақ жайлы түкке тұрмайтын қиялдарға бататын. Кыналызаде өмір сүрген кезеңнің адамы болатын және өтіп бара жатқан сәттің хақын беретін. Ғылыммен, кішіпейілділікпен, жақсылық жасаумен... Осы себепті де мінез-құлқымен барлық кезеңдерге тән нағыз бір дана болды.

Кыналызадеге қарағанда ахлақ практикалық бір ғылым болатын. Яғни, теорияда қалмауға тиісті еді. Мұны түсіне алмаған бір рух жетістікке қол жеткізуді күтпеуге тиісті болатын.

Жаман қылықтар рухты мазаласа, ахлақ адам рухын емдеуге көмектесетін бір дәрігерлік іс еді. Адамға әр нәрсеге ие екенін және оны өзіне тән болғанын үйрететін. Және бір жұмысты қалай істеу керек болса қорықпай оны жасауға дәріптейтін. Адам рухы тек қана шынайы және нағыз бір тіршілікте бақытты бола алады.

Кыналызаде мынаған сенетін: Адам рақымшылықпен де өмір сүре алады, мейірімсіздікпен де. Бірақ бұл тақырыпта таңдайтын жолы оған бақытты болудың немесе бақытсыздықтың есігін ашатын еді.

Бақытты болуға қол жеткізу үшін рақымшылыққа бағытталу керек болатын және осылар: Хикмет, тазалық, батылдық және әділет. Адам осыларды көтере білген кезде оған қайғы жоламайтын.

Хикмет білікті адамның саналы түрде қозғалуы деген сөз. Осыған жақсы қылықты қосатын болсақ, әділет пайда болады. Тазалық өкінішті сезімдерге рұқсат бермеу деген мағынаға келеді. Батылдық болса күшін жақсы қылыққа сай ортаға салу деген сөз.

Рақымшылдықпен қозғалмаған адам дұрыс мағынаға қарама-қайшы қозғалғаны үшін бір тентек болудан құтыла алмайды. Кейде азғырушылықтың торында, кейде зұлымдыққа бағытталып әрқашан жаңылысқа түсе береді.

Әйтпесе адамның табиғатында әрқашан тыныштық пен рақымшылдық салмақты орын алады. Табиғаттың және тіршіліктің теңдігі жақсылықтың жамандықты әрқашан жеңуімен байланысты.

Біздің салтымыз адамды «Эшреф-ул Махлукат» яғни, мақұлықтардың ең абыройлысы ретінде атайды. Оны жаратылғандар арасында ең жоғарғы мәртебеде көреді. Осы тұрғыдан батыстың пікірінше күнәкар адам көзқарасынан бөлек ойлайды. Ислам салты болса адамға берген құндылығы аясында оған әрі сенеді, әрі оның жауапкершілігін арттырады.

Кыналызаденің шығармаларында да осыған ұқсас жағдай кездеседі. Бір жақтан адамдағы үлкен күшті көрсеткісі келеді, басқа жақтан оны жаңа нысаналарға бағыттауға тырысады. Бұл тұрғыдан «Ахлак-ы Алаи» атты шығармасы біліктіліктің бір жинағы сияқты.

Кыналызаде алдымен адамның ойлау және ақылын қолдану күшіне тоқталады. Оған қарағанда бұл үлкен қабілетті қолдануды үйрету біліктіліктің алғашқы қадамы болып табылады.

Кейін де баршаны оқиғалар алдында шыдам мен сабыр сақтауға шақырады. Өйткені әдептілікке сай және нәзік қылықтарды үйрену, адам болудың ең жоғарғы сатысын үйретеді.

Баршаға қарсы сүйіспеншілік ортаға қою және дұрыс қозғалу осының тәжі болады.

Осылардың барлығының үстінде киелі билікті құрметтеу және тәңірді ең жақсы дос ретінде қабылдау бар.

Адам әділетті біліктілік әдісімен орната алады. Әйтпесе өзіне және әлемге әрі жамандық, әрі зұлымдық жасайды.



Ұқсас жаңалықтар