Түркия мен Грекия арасындағы Эгей теңізі дағдарысы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 19

968158
Түркия мен Грекия арасындағы Эгей теңізі дағдарысы

Түркия мен Грекия арасындағы Эгей теңізі дағдарысы жаңа бір тұғырға көшті. Қарым-қатынаста қызу артты. Грекияның (террормен байланысы және төңкеріс әрекетіне қатысы дәлелденген) FETÖ мүшесі әскерлерді ұстап бермеуі және өздері туралы тұтқындау шешімі жарияланған жүздеген FETÖ мүшесіне құшақ жаю салдарынан пайда болды.

Бұл жаңалықтар өткен жылдарда «ASALA» және жақын уақытта PKK үшін ашқан лагерьлерге қоса, PKK-ның террорист басшысы Абдуллах Өджаланға берген қолдаулары ұмытылмай жатып жүзеге асты. Бұл тұрғыдан грек соттарының қашқын FETÖ мүшесі әскерлер үшін алдында Түркияға қайтаруға шешім қабылдап, кейін басқа шешімдер қабылдауы саяси мүдделердің сот процесіне ықпалын көрсетеді. Бұл кезеңде Германияның бұл процеске бағыт бергені жайлы көзқарастар қоғамда кең тарауда. Дегенмен екі жақты қарым-қатынасқа ықпал еткен дағдарыстың Эгейге дейін созылуында Грекия Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің Түркияға бағытталған арандатушы мәлімдемелерінің ролі үлкен деуге болады. Грекияның Эгейге бағытталған бастамаларына Түркия тұтқындаған екі тыңшы грек әскерін босатпауының ықпал еткенін айтуға болады. Бірақ грек үкіметі Түркиямен салыстырғанда өте шектеулі әскери күшімен Түркияға қауіп төндіре алмайтынын жақсы біледі. Осыған қоса бұл ұстанымды грек ішкі қоғамының назарын басқа тақырыпқа аудару әрекеті және Еуроодақтың қаржы одақтарына бағытталған бір жолдама деуге болады. Әйтсе де қауіп төнгені жайлы бір сезім оятып, мұны Еуроодақ жеріне бағытталған бір қауіп сияқты көрсетуде. Осында Еуроодақ бюджетінен қосымша қаржы алуды мақсат еткенін аңғаруға болады.

Грекия Қорғаныс министрі Камменос болса осылай армандағандарға өкілдігін жасауда. Бірақ бұл дағдарыс шынында Грекияның мүддесіне сәйкес келмейді. Грек қоғамының министрге наразылықтарын назарға алғанда, Түркия үшін Грекияда әлі де ұстамды бір әңгімелесуші табуға болатынын көреміз.

Естеріңізде шығар, өткен күндері Эгейде әскери жаттығу өткізген грек әскерлеріне үн қатқан Қорғаныс министрі Камменос «қастық жасаған дұшпан» деп Түркия туралы сөз қозғап, елінің Эгейдегі грек аралдарына қосымша 3 мың 500 әскер жібергені, Мерич өзені арқылы белгіленген Түркия шекара желісіне болса 3 мың 500 әскер жіберетіні жөніндегі мәлімдемелері наразылық туғызды. Камменостың Эгейдегі дағдарысты арттыратын бұл сөздері тек қана түрік баспасөзінде емес, грек баспасөзде де кең орын алды. Тіпті мәлімдеменің артынан грек баспасөзі Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың Камменоспен кездесіп, жасаған мәлімдемелері үшін ескерту жасайтынын алға тартты.

Грекия мен Оңтүстік Понти әкімшілігінің Шығыс Жерорта теңізінде табиғи газ іздеу әрекетінің артынан Түркия Эгей теңізінде әскери жаттығу жүзеге асырды. Афины әкімшілігінің ұқсас бір жаттығуға дайындалуын түрік үкіметі өзіне қарсы бір провокация ретінде бағалады.

Эгейде Түркияға тиесілі аралдарды Грекияның тұрғындар үшін қонысқа ашу және соңғы сатыда басқыншылық кезеңін бастауында Камменостың үлесі бар екенін айтуға болады. Негізінде Камменостың елінде де Түркияда басқыншылық жасаған түрік аралдары тақырыбында маңызды наразылық көрсеткен бір орта бар екенін назарға алуы және арандатушы әрекеттерден бас тартуы міндетті. Осылай жалғасатын болса Грекияда жаңа саяси тұрақсыздық кезеңі басталуы мүмкін.

Тараптар арасындағы келіспеушіліктің шешімі үшін жауабы ізделетін көптеген мәселе бар. Грекия қарусыз болуға тиісті көптеген аралға қару орналастыруда. Әрине бұл жағынан жауабын іздеген көптеген сұрақ бар. Осылардың бірі - Эгей теңізіндегі шекараларды белгілеу мәселесі. Бұл тақырып екі тараптың комитеттері тарапынан жылдардан бері шешімін тапқан жоқ. Соңғы кездері шекарадан ары-бері өткен түрік және грек азаматтарының тұтқындалуы да дағдарысты арттыруда.

Эгей теңізіндегі дағдарысқа қатысты шешім екі жақты сенімнің қайта орнауымен мүмкін. Дағдарыстың шешімі төңкеріс әрекетінің артынан Грекияны паналаған әскери қызметкерлер мен басқа да түрік азаматтарының Түркияға кері қайтарылуы, Кипр аясында Понти тарапының түрік егемендік алаңын қамтитын аймақтарда табиғи газ іздеуден бас тартуы және грек қарулы күштерінің Эгей теңізінде қақтығысты ынталандырушы ұстанымын тастауымен мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар