Ибраһим Эфенди (Ұландар Шейхі)

Анатолының дана - ғұламалары 19

968177
Ибраһим Эфенди (Ұландар Шейхі)

Сопылық - күнде мың рет өліп, қайта тірілу деген сөз,

Сопылық - әлемдегі барша болмыстың жаны болу деген сөз.

 

Анатолы дана – ғұламаларының ұлы ұстаздары өздеріне бір жол ретінде сопылықты таңдаған, осыдан алған біліммен ақиқат ғылымын түйіншектеп тоқыған.

Сопылық өте қиын бір жол. Әлемнің барлық даналық ағымдарында болғандай, адамның әрқашан өзімен өзі шайқасуын қажет етеді. Күн сайын мыңдаған соғыс, мыңдаған жеңіс, мыңдаған жеңіліс деген сөз. Бірақ өкінбей, шағымданбай, сондай-ақ әрқашан үмітпен өз шындығына қарай қадам басу.

Сопылық - әлемдегі барлық жандыға жан қосу. Мақұлықтың жанын өз жанынан бөтен көрмеу. Әрбір жандымен бір болып, бірдің ішіндегі бір болуды сезіну.

Сопылық – «кесреттің» «вахдетке», яғни көптіктің бірлікке айналуы деген сөз.

Анатолы дана – ғұламалары да болмыстың бірлігі көзқарасын ешқашан ауыздан түсірмейді. Әр бірі ғасырлардан асқан сөздерімен бірлік түсінігін, сәйкестік пен гармонияны Анатолының санасына сіңірген. Мәулана, Юнус және Әмір Сұлтан сияқты...

Олардың ізбасарларының бірі және сопылық тарихында «Ұландар Шейхі» деп танымал атақты сопы Ибраһим  Эфенди де бірлік пікіріне өмірін арнаған бір Анатолы данасы болып табылады. Ұстаздары сияқты Анатолы гармониясына үлкен үлес қосқан тұлғалардың бірі.

Анатолының дана – ғұламалары бағдарламасының бүгінгі тарауын оған арнадық.

Ұландар Шейхі Ибраһим Эфенди 1591 жылы сол дәуірде Османлы территориясында болған Болгарияда дүниеге келді. Саудагер бір жанұяның баласы болса да оның көңілінде әкесінің кәсібі орын алмады. Сауда емес, ақиқат ғылымына қызықты және ғылым жолын таңдады. Кішкентай кезінде сопы болған атасы үйреткен зікірлерге назар аударатын. Тіпті сөйлеуге жаңа үйренсе де атасы оқыған «Дүниемді сол құдайға бердім, мүлкім қалмады» сөзі «Өзінің мүлкі бар ма еді?»деп толықтыруы баршаны таң қалдырған болатын. Таң қалған атасы айналасына немересін көрсетіп, «Бұл ұлан шейх» деген және сол күннен бастап немересі әрқашан «Ұлан Шейх» деп аталатын болған. Ибраһим  Эфендидің өмір бойы қолданған «Ұландар Шейхі» лақабы да осынан шыққан.

Ибраһим  Эфенди ғылымда жол іздеген көптеген жастың ізінен жүріп, 20 жасқа толмай Стамбұлға барады. Осында білімін арттыратын жерлерге барып сол дәуірдің ұлы ұстаздарынан сабақ алады. Осылар қатарында Азиз Махмұт Хүдаи Эфенди, Лемакани Хүсейин Эфенди сияқты тұлғалар болды. Жас Ибраһим  ұстаздарын ешқашан ұятқа қалдырмай, қысқа уақыттың ішінде өзін жетілдіріп, керемет бір ғылым көзіне айналады. Сабақ береді, шәкірттер тәрбиелейді. Оның сабақтарына қызығушылық соншалықты тек қана жай халық емес, мәртебелі мемлекеттік қызметкерлер де есігінде қатарда күтетін.

Дегенмен Ибраһим  Эфенди білімінің негізгі жемістерін классикалық поэзияның сирек кездесетін үлгілері қатарында қабылданған өлеңдері арқылы бере бастады. Ол жазған азғана кітапта орын алған бұл өлеңдер әрі сөйлеудегі ұсталығы, әрі тілдік нәзіктігімен керемет. Ибраһим  Эфенди бір ақиқат ақыны болу ерекшелігіне қоса, түрік тілінің туын көтергендердің бірі деп саналады.

Ибраһим Эфенди Мәулананың және Ибн Арабидің ізінен жүрген бір ғылым жолаушысы. Тіпті өмір сүрген дәуірлерде өзі жайлы «екінші Ибн Араби» делінгені білінеді. Дәл олар сияқты бірліктің ізіне түсті.

Элиф әрібі бірліктің символы болып табылады. Элиф әрібі түзу, ұзын бір сызықша болып жазылады. Бір болуды түсіндіреді. Сопылардың «Элиф, элиф» деп қалаларды аралау мақсаты Алланың өзі, ол жаратқан ғаламның теңдесі жоқ гармониясы.

Әлемге қарағанда сансыз жанды көрерміз. Әр қайсысының бөлек әлемі бар адам, жәндік және өсімдік... Сопылық әлемі бұл түрленуді «кесрет» деп атайды. Яғни көпшілік әлемі.

Дегенмен осылардың барлығы тәңір тарапынан жаралғаны үшін киелі бір гармонияға ие. Яғни көптік деген нәрсе негізінде бірлік болып табылады. Яғни «кесрет» негізінде «вахдеттің» өзі.

Осыны байқаған Ибраһим Эфенди сияқты сопылар өзімшілдіктерін осы вахдеттің (бірліктің) ішінде ерітеді. Бұл қимыл әрекеттері сондай-ақ Аллаға деген құрметтерінен туындайды. Өзімшілдіктерін жойып, рухани тұрғыдан қайта туылуға тырысады. Бергендері бір жан, алғандары болса мың жан:

 

Бастапқыда сопылық сопы бір жан болу деген сөз,

Аяғында көңіл тағында сұлтан болу деген сөз.

 

Нәпісін жойғандар үшін абырой мен өзімшілдік дауы да жойылады. Олар бар болмысын басқаларға қызмет етуге арнайды. Өтіп жатқан кездің жалғыз мағынасы осында басқа жандарға жан-тәнімен қызмет ету. Және олардан сұрасаңыз әлемде осынан үлкен бір қазына, одан үлкен бір бақыт табылмас.

 

Бұл ғылымның баянын білімді адамнан сұра,

Жаным-ай, жан хабарын жан ішіндегі жаннан сұра.

 

Өткен өтіп кетті, келешекті не қыласың,

Әр нәпсі бақытын осы кезбен, бұл сәттен сұра.

 

***

Хақтың берекесі әлемге

Түп-түзу ғой түсінсең,

Мынау көрінген түсінік,

Бір жүз ғой түсінсең.

 

Дәруіштің келгенін,

Төрт кітаптың енгенін,

Әр тілдің айтқанын,

Бір сөз ғой түсінсең.

 

Ғылым негізі төрт әріптен тұрады делінеді. Және осы төрт әріп біріккен кезде «әдептілік» мағынасына келеді. Біздің салтымыз «әдептілік» ұғымы төңірегінде орнаған. Адамның кім екенін білуі және тіршілігі осыған негізделеді. Ежелгі гректегі «өзіңді біл» насихаты да, замандас философтардың ішкі есептесуі де негізінде әрқашан бірдей нәрсені айтады: Ақиқат өзін білу және ақиқатты бір тіршілік те тек қана бұл шындық үстіне орнатыла алады. Қалғанның бәрі бір шаңнан тұрады.

 

Хақтың жүзін көруге,

Айнадай түскен Адаматаға,

Бұл айнадағы ғалам

Бір шаң ғой түсінсең.

 

Ибраһимнің жүзінен

Адамата кім ұғасың,

Бұл жұмбақ өзгеше

Лақап ғой түсінсең!

 

Жер жүзінде тәңірдің халифасы ретінде адам «киелі» деп сипатталған. Дегенмен көбінесе осыны білмей, баладай, жаңа бастағандай қозғалады. Қашан өзін білуге бел байлайды, әрі өзін, әрі Алланы таниды. Міне, осы кез пісе бастаған уақыты болып табылады. Анатолы дана – ғұламалары тіршіліктерін біздерді шикіліктен құтқаруға арнаған, сөздерін осы елеспен айтқан кісілер. Бұл талпыныстарындағы шынайылықтың күштілігі соншама, насихаттары ғасырлардан асып, жүректерімізге тоқылады. Дәл Ибраһим Эфенди сияқты:

 

Ғалыммын дейсің алайда ғаламнан бейхабарсың,

Бұл сәттен, бұл тыныстан, бұл кезден бейхабарсың.

 

Айтуға келгенде негізі істепсің қылғандай,

Жүрегіңе Хақтан келген жақындықтан бейхабарсың.

 

Бұл сырын естуге ұмтылған,

Даналардың әуенінен бейхабарсың.

 

Төрт кітапты оқысаң тағы біле алмайсың,

Менің жаным сондай-ақ Адаматадан бейхабарсың.



Ұқсас жаңалықтар