Астана процесі және Түркияның Африн операциясы

Джан Аджунның мақаласы

892425
Астана процесі және Түркияның Африн операциясы

      Түркия,  Ресей және Иран кепілдігінде жылжыған Астана процесінде Сириядағы қақтығысты бәсеңдетуге бағытталған қадамдар басылды.  Астана процесі Сирияда алты жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыстың тоқтауы және бейбітшілік үшін қазірге дейін басылған ең маңызды қадам болды.  Үш ел арасында келісілген келісім арқылы Сирияның көптеген жерінде қақтығысты бәсеңдету аймақтары жарияланды,  айырықша Сочиде Сириядағы барлық этникалық және мәзхабтық топтардың қатысуымен Ұлттық диалог конгресін жүзеге асыру шешімі қабылданды.  Алайда Сириядағы қақтығыстарды бәсеңдету аймақтарындағы Идлиб өңірінде болып жатқан соңғы іс-қимылдар Астана процесіне кедергі келтіруде.

Асад әкімшілігі мен әкімшілікті жақтайтын қарулы топтардың Ресейдің де әуеден қолдау беруі арқылы Идлиб операциясында көптеген жерді басып алғандары байқалды.  Әбу Зухур әуежайына жақындап қалған әкімшілік жасақтарын сириялық оппозиция топтары аз да болса тоқтатты. Түрік СІМ Асад әкімшілігінің Идлиб операциясының қақтығыстарды бәсеңдету аймақтары келісіміне қайшы екенін білдірді.

Түркия Ресейден Асад әкімшілігімен сөйлесіп,  операцияларды тоқтатуын талап етіп отыр.  Идлибтегі Түркия қолдайтын сириялық оппозиционердің қозғалысқа өтіп,  қарсы шабуыл жасауы да осы аяда Ресей мен Асад жасақтарына ескерту болып саналады.

Басқа жағынан президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы күндердегі Африн жөніндегі мәлімдемелері Африн операциясының ықтималын арттырды.  Президент Ердоған Африн және Мүнбич операциясының әр сәт басталуы мүмкін екенін айта отырып: «Құдай қаласа,  ертең немесе арғы күні,  қысқа уақытта Африн және Мүнбичтен бастап, Сириядағы басқа да терроризм ұяшықтарын талқандаймыз» деді. Президент Ердоғанның мәлімдемелеріне қосымша Фейлак аш-Шам ұйымының хатшысының 20 мың Еркін Сирия армиясы жауынгерінің Африн операциясы үшін дайын екенін жеткізуі маңызды болатын.

Президент Ердоғанның АҚШ-қа бағытталған «Террористтермен арамызда тұрмаңдар. Қанішерлермен арамызға кірмеңіз.  Әйтпесе ортаға шығатын жағымсыз оқиғаларға біз жауапты болмаймыз.  Террорлық ұйымның базаларындағы байрақтарыңызды өздеріңіз алыңыз,  сол байрақтарды біз алып, сізге беріп жүрмейік. Террористтердің униформаларындағы сендерге тиісті белгілерді сөгіп алыңдар,  террористтермен бірге оларды да топыраққа көмуге мәжбүр болмайық» деген сөздері  Түркияның табандылығын көрсетуі тұрғысынан өте маңызды.

Соңғы хабарламаларға қарағанда,  АҚШ террорлық ұйым YPG бақылауындағы аймақтарда 30 мың адамдық жаңа армия құруды жоспарлауда.  «Шекара қауіпсіздік армиясы» деп аталған осы құрылым АҚШ-тың Сирияның территория тұтастығынан бас тартқанын және террорлық ұйыммен ынтымақтастығын ДАИШ-пен күрестен кейін де жалғастыруды жоспарлағанын көрсетеді.  Ал Түркия, Ресей, Иран, Сириялық оппозиция және Асад әкімшілігі АҚШ-тың армия құру жоспарына үзілді-кесілді қарсы шықты.

Астана процесінде Түркия,  Ресей мен Иран кепілдігіндегі үрдістің негізгі пікірі Сирияның территория тұтастығын сақтап қалу болатын.  АҚШ-тың Сирия,  Ирак және Түркия шекарасында террористтерден тұратын жаңа бір армия құру жоспары осы аяда Астана процесімен қарама-қайшы.  Сириядағы қақтығыс пен соғыс атмосферасында ДАИШ-пен күрес деген атпен бір террорлық белдеуді қалыптастыруға тырысқан Америка Құрама Штаттарының Сирия дағдарысында бара-бара жалғыз қалғаны байқалады. АҚШ жалғыздығын Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері сынды Шығанақ елдері және Израиль арқылы жасыруға тырысуда.

Африндегі террорлық ұйым YPG мүшелерінің АҚШ-тан гөрі Ресеймен жақын байланысты екені және аймақтарында орыс әскери базалары бар екені белгілі.  Африн операциясы үшін АҚШ –тан гөрі Ресей террорлық ұйымды қорғап отыр еді.  Президент Ердоғанның мәлімдемелерінен кейін Ресейден жұмсақ реакция келді.  Пентагон мәлімдемешісі болса бір журналистің сұрағына орай Африн аймағының АҚШ операция алаңына кірмейтінін білдірді.

Түркия Африн аймағындағы террористтерге қарсы Еркін Сирия армиясының жасақтарымен бірге операция бастауы мүмкін.  Африн операциясының тереңдігі белгісіз,  бірақ Африн төңірегіндегі өңірлер алынып,  Африндегі террорлық ұйым элементтері қоршауға алынуы мүмкін. Африн төңірегіндегі өңірлер террорлық ұйым YPG бақылауында болса да,  тұрғындарының басым көпшілігі – арабтар.  Террорлық ұйым басқыншылығынан кейін аймақтағы бейбіт халық үйлерін тастап, Түркия шекарасындағы лагерьлерде тұрып жатыр.  Лагерьлердегі жергілікті халық көп уақыттан бері Түркия және Еркін Сирия армиясынан Африннің террористтерден тазалануын сұрап келеді.

Жалпы алғанда,  Сирияда қозғалысты кезең басталып келеді.  Астана процесі кейбір кедергілерге қарамастан жалғасуда.  Асад жасақтарының бұзушылықтарына қарамастан,  кепілгер елдер процесті жалғастыруға және өзара сенім қалыптастыруға табанды. Басқа жағынан Америка Құрама Штаттары құратын жаңа армияға Ресей, Иран, Түркия, Сирия оппозициясы мен Асад әкімшілігі қарсы шығып отыр.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемелеріне қарағанда, Түркияның Афринге әскери операциясы әр сәт басталуы ықтимал.



Ұқсас жаңалықтар