Қадыр түні - Құран Кәрімде мақталған ең қымбатты түн

Дін және ахлак – 36

799757
Қадыр түні - Құран Кәрімде мақталған ең қымбатты түн

Алла «Рамазан айының қасиеті соншалық, адам баласына тура жолды көрсеткен ашық аяттар түсіріліп, әділет пен әділетсіздіктің арасын айырған Құран Кәрім осы айда түскен» деп бұйырып, Құран Кәрімнің түскен айы болуына орай Рамазан айының маңыздылығына тоқталған. Осы мәлімет Қадыр сүресінде де қайталанады.

Осы сүреде «Мың айдан да қайырлы» екені білдірілген Қадыр түнінен сөз қозғалған. Қадыр түні -Құран Кәрімде мақталған ең қымбатты түн.

Қадыр сүресінде былай делінген:

«Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні - мың айдан қайырлы. Періштелер және Жәбірейіл ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі.  Ол бейбітшілік түні, таң рауандағанға дейін жалғасады.»

Аталмыш түннің маңыздылығы сүреде де айтылғанындай, Құран Кәрімнің осы түні түсе бастауынан. Мұсылмандар Рамазан айының 27-ші түнін Қадыр түні деп біледі, осы түнді ерекше тойлайды. Алайда деректерде Қадыр түнінің Рамазан айының соңғы он немесе жеті күнінің кез келген бір түнінде жасырылғанын тілге тиек етуде. Рамазан айының және Қадыр түнінің ай күнтізбесіне негізделіп есептелгені ойластырылатын болса, ай күнтізбесінің айналысына сай жылдың барлық күндеріне тең келуі мүмкін екені байқалады. Осы жағдайды ескергендер барлық түннің Қадыр түні сияқты қымбатының білінуі керектігін айтуда.

«Барлық түнді Қадыр түні деп біл. Барлық көргеніңді Қызыр деп біл» деген тәмсіл осыдан туындаған. Білінгеніндей, «Қызырдың» да жасырынғанына, қайда және қашан адамдардың алдына шығатыны белгілі еместігіне сеніледі.  Осылайша барлық адамға тең дәрежеде құрмет көрсету керектігі білдіріледі.

Пайғамбарымыздың жұбайы Әзіреті Айша: «Алланың Расулы, Қадыр түнін білсем онда қандай дұға қыламын?» деп сұрағанда Пайғамбарымыз «Аллам, сен кешірімшілсің, кешіруді ұнатасың, мені кешір» деген дұғаны айтуын ұсыныс еткен екен.

Осы жердегі  Әзіреті Айшаның  «Білсем» деген сөзі осы түннің уақытының толық білдірілмегенін ортаға салады. Ұсыныс етілген дұға болса, сол кештің адамдардың Алладан жаңа орайлар күтуіне және  тазалануына дәнекер болатынын, ғибадаттармен өткізілуі керектігін көрсетеді. Пайғамбарымыздың бұйыруына қарағанда кімде кім сол түні сеніп, шынайылықпен ғибадат қылып, Аллаға жалбарса оның бұрынғы күнәлары кешіріледі.  Қадыр түнін намаз қылып, Құран Кәрім оқып, тәуба мен дұға қылып өткізген жөн. Өзіміз үшін болғанындай, басқа мұсылмандар мен барлық адамзат үшін де жақсылық пен тыныштық тілеуіміз қажет.

Қадыр түні  Рамазан айы аяқталар кезде, сонымен бірге терең бір нәпсі есептесуін жасаудың да орайы болмақ. Осы арқылы Рамазан айын өткізген мұсылман осы барыста нелерге қол жеткізгенін және нелерді олқы жасағанын ойлауға орай табады. Бір айды басқа айлардан өзгеше өткізген болса, осы өзгешеліктердің нелер екенін және өзінде болған өзгерістерді түсінуге талпынады.  Бір ай бойынша барлық тәртібін, кейбір дағдыларын саналы түрде және бекіммен өзгертеді. Бір мұсылман ретінде Құран Кәріммен басқа уақыттағыдан тіпті көп кездеседі, оқиды және түсінуге талпынады.

Бүгінге дейінгі оқығаны мен түсінгеніне не қосылған? Биыл бұрын түсініп жете алмаған нәрселерін түсінген немесе жаңа нәрселер үйренген болар?  Аузы берік кездегі сезімдері қандай? Ашығу жөнінде қандай тәжірибелері болды? Уақытында тамақ ішу мүмкіндігі жоқ адамдардың орнына өзін қойды ма? Оларды тойғызды ма? Қарапайым немесе салтанатты дастарханын кедейлерге ашты ма?

Пайғамбарымыздың «Кімде кім ауыз бекіткен бір кісіге ауыз аштырса өзіне де оның сауабындай сауап жазылады. Осы себепті ауызы берік кісінің сауабы да азаймайды» деген сөзін түсінді ме?  Бай мен кедей арасындағы айырмашылықты ұқты ма? Аштықтың ауыр бір сынақ екенін сезді ме? Бір ұрттам суға, бір жапырақ нанға мұқтаж болған әлсіз бір болмыс екенін түсінді ме? Осы әлсіздіктің ішінде, сонымен бірге қандай қуатпен сабыр сақтағанын көрді ме? Ораза ұстаудың тек белгілі нәрселерден сақтану ғана емес екенін, бір тұтастық ішінде түрліше сезімнің және іс әрекеттің жақсартылуы үшін жаттығу болатынын түсінді ме? Дене мен рухтың тәртібін Рамазан айынан басқа кезде де жалғастыра ала ма?  «Аузым берік» деп аулақ болуға тиісті болымсыз әрекеттерден ораза ұстамаған кезде де аулақ бола ала ма?

Міне, Қадыр түні осы тектес сұрақтар сұралатын нәпсімен есептесу уақыты болуға тиісті. Өйткені  құны білінуге тиісті қымбатты уақыттар артта қалды. Осы орайда жасалған бір нәпсімен есептесу кісінің Рамазан айы бойынша қалыптасқан сезімталдығының жалғасуына пайдалы болады. Адамдар келесі Рамазан айына және Қадыр түніне дейін қол жеткізген осы рухани азықпен жақсылықтарды арттыруы және рухының ояу болуы үшін осындай есептесуге мұқтаж.

Мұсылмандар жеке басы іске асырған ғибадаттармен бірге әлеуметтік жақтан да өзара әсер жасайды. Осы жерде «Жақсылықтарда жарысқан және жәрдем берген қоғам болу» насихатын іске асыруға мүмкіндік жаратылады. Мұсылмандар өзімшілдіктерімен бетпе-бет келеді.  Жақсы сезім мен әрекеттер қалыптасады. Пайғамбарымыздың дәуірінде Меккеден Мәдинаға көшкенде барлық байлығын артқа тастаған мұсылмандарға барлық мүмкіндіктерімен құшақ жайған мәдиналық мұсылмандардың әрекеттері еске алынады. Бөлісудің азайтудың орнына берекетті арттырған бір керемет екені тәжірибеден өтеді. Алланың аманаты дене мен мал-мүлік арқылы жасалған ғибадаттардың ләззаты татылады.

Қорыта айтқанда, Алла барлық мұсылмандарға «Барлық жақсылық үшін он еседен жеті жүз есеге дейін қарымжы беріледі. Алайда ораза басқаша. Өйткені ораза мен үшін және оның қарымжысын мен беремін» деп сүйіншілеген. Осы сүйіншіге  жетуді және бейішке тек ораза ұстағандар ғана кіретін Рейян қақпасынан кіруді нәсіп етсін. 


Этикеттер: #Алла , #рамазан , #Құран

Ұқсас жаңалықтар