Әбу Хамид әл-Ғазали

Түрік тарихындағы жарқын жұлдыздары - 13

508504
Әбу Хамид әл-Ғазали

Шын аты – Мұхаммед. Ұлы Селчук кезінде өмір сүрген.  Бүгінгі Иранның Хорасан аймағында, бүгінгі атаумен Мешхед қаласында,  тарихтағы есімімен Тус қаласында 1058 жылы дүниеге келген.  Туған жеріне байланысты оған Әбу Хамид әл-Ғазали деген лақап берілген.  Түрік тарихының ең ықпалды ойшылдары арасында орын алады.

**

Туған жері Тустан оқу үшін кетеді. Алдымен Гүржанға, артынан Нишапурға барады.  Нишапур Низамие медресесінде шәкірт болады.  Қысқа уақыттан кейін сол мектепте атағы шыққан ғалым Жүбейнидің көмекшісі болады.  Жүбейни қайтыс болғаннан кейін Бағдатқа барған Әбу Хамид әл-Ғазали Бағдат Низамие медресесінің басшылығына тағайындалады. Ол 1091-1095 жылдар арасында өз оқушылары арасында адамдық негізге құрылған қатынастарға сүйенетін бір оқу-ағарту жүйесін құрады.

Әбу Хамид әл-Ғазали Низамиеде мұғалім,  оқушы және ата-ананың қандай болуы керектігі жөніндегі пікірлерін «Тура жолдың бастауы» деген туындысында баяндап береді. Осыған қарағанда бір білім ошағында оқытушы немесе мұғалім мынадай болуы керек:

  1. Қиындықтарға қарсы төзімді, яғни сабырлы болу
  2. Мінезі жұмсақ болу
  3. Салқынқанды болу
  4. Адамдарға тәкаппарлануды қою керек
  5. Жиын кезінде кіші пейіл болу
  6. Әрдайым шағымдану,  пессимист ойларды доғару
  7. Оқушыға қатаң қарамау,  мінезі жайлы оқытушы болу
  8. Ашулы адамдарға жай, сабырмен қарау,  асықпау
  9. Ақылы жетпейтін адамға дұрыс білімді жақсы үйрету, оған қатаң қарамау, ашуланбау
  10. «Білмеймін» деген сөзді айтудан тартынбау, яғни білмейтін нәрсеңді «білмеймін» деп айтудан ұялмау
  11. Ойды сұрақ сұраған кісіге бағыттау
  12. Сұрақ сұраған кісінің сұрағын түсінуге тырысу
  13. Айғақты қабылдау
  14. Қатеден кері қайтып,  дұрысына бағыну
  15. Оқушыны оған зиянды барлық мағлұматтан аулақ ұстау
  16. Оны пайдалы білімге бағыттау және Алладан басқасының ырзалығын сұраудан аулақтату
  17. Оқушыны барша білуі керек, яғни парыз білімге ынталандырып,  кейбір адамдар білуі жеткілікті болатын кәсіп пен білімдерге бағыттауға тырыспау

Әбу Хамид әл-Ғазали оқушыларға да былай кеңес берген:

  1. Ұстазбен кез келгенде одан бұрын сәлем беру
  2. Ұстаздың қасында аз сөйлеу және ұстаз сұрамайынша сөйлемеу
  3. Рұқсат алмастан сұрақ сұрамау
  4. Оқушы өзінің ұстаздан да білімді екенін көрсету үшін оның көзқарасына керісінше қарамау
  5. Ұстазы отырған бір жерде ұстазымен емес, оның досымен көп сөйлесу
  6. Дәріс барысында төңірекке қарамау, ұстаздың алдында тәртіпті болып отыру
  7. Ұстаз түрегелген кезде оған құрмет үшін түрегелу
  8. Ұстазды сөз және сұрақпен шаршатпау
  9. Ұстаз жолда бара жатқанда қасына барғанға дейін сұрақ сұрамау
  10. Сыртқы көрінісі жағымсыз істерде ұстазына қарсы жаман ойламау,  себебі осы іс және істердің құпиясын ұстазы біледі.  Шәкірт бұларды білмегендіктен бұл оған жағымсыз келуі мүмкін.

**

Әбу Хамид әл-Ғазали ата-аналардың балаларына ұстаз таңдауда мына ерекшеліктерді іздеуі керек екенін айтады:

  1. Ұстаз ашушаң, қатаң болмауы керек.
  2. Ұстаз тақуалы, діндар,  дұрыс жолда,  заң мен қағида білетін
  3. Талай шәкірт оқытқан, сенімді болуы керек.
  4. Ұстаз түрлі-түрлі жерлерде жұмыс істейтін, шала адам болмауы керек.
  5. Сұлтан, би және мырзалар ақша беретін мұғалім табысы орташа отбасының балалары үшін қолайлы емес.

Әбу Хамид әл-Ғазали «осындай ерекшеліктерге ие мұғалім тапса,  балаларын оқытуға беру керек» дейді. Оның ойынша баланы ұстаздан ұстазға,  мұғалімнен мұғалімге алмастырмау керек. Мұғалім мен ата-ана бала тәрбиесінде ынтымақтасуы керек. Бала мектепке бірінші рет барған күн мен алғашқы күндері өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар