Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-4

Әл-Фараби әлемге әйгілі бір түрік философы

441538
Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-4

Әл-Фарабидің толық аты Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ет-Түрки.

Фараби әлемге әйгілі бір түрік философы. Ол «муаллим-и сани», яғни «екінші ұстаз» деп аталған. Енді бір жағынан көптеген музыка зертеушілер тарапынан «муаллим-и еууел», яғни «бірінші мұғалім» деп құрмет көрсеткен. Оның Түркістан географиясының Фараб қаласында бүгінгі Қазақстан территориясы ішінде орын алған Отырар қаласы маңындағы Весичте, қазіргі Шәуілдер ауданында 871-872 жылдары дүниеге келгені қабылдануда. Орта ғасырда Еуропада «Ал-Фарабиус» және «Абу Насер» аттарымен әйгілі болған. Әкесінің Весич қорғаны қолбасшысы болғаны тарихта жазылған.

Бүгінгі бағдарламамызда Гази университеті тарих білімі кафедрасы мұғалімі Гурай Кырпыктың осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Саманоғуллары мемлекеті дәуірінде медресе білімін алған Фараби медресе білімін тамамдағаннан кейін бірмезет би болған. Алайда білімін жетілдіру мақсатымен би мансабын тастап, мәңгі табылмай кеткен «хикмет»-ті іздеу үшін сапарға шығады. Фараби осы саяхат барысында алдымен Бұхара, Семарқант, Мерв және Белх сынды қалаларға және Иранның маңызды ғылым және мәдениет орталықтарын зиярат етеді. Бағдатқа да барады. Бағдатқа барғанда мөлшермен 40 жасынан асқаны баяндалуда.

Фараби Ибнус Сирачтан араб тілін үйренеді, сондай-ақ одан лигика сабағын алады. Фараби Бағдата настури мэзхабтан бір христиан болған аудармашы Убу Бишр Матта б. Юнустан да логика сабағын оқиды. Ең қиын мәселелерді оңай әдіспен бейнелеу жүйелерін үйренеді. Фарабиге логика және фелсефе саласында қатты ақпал жасаған тұлғаның бірі Харрандық Ионна ибн Хайлан болған. 20 жылға тарта Бағдатта өмір сүрген және еңбектерінің көбін осы жерде жазған екінші ұстаз Фараби осы қалада болған былықпа салдарынан 941 жылы немесе одан кейінгі жылы Дамаскіге барады.


Фараби жазған «Ихсаул-Улум», яғни «Ғылымды жіктеу және анықтау» атты еңбегі бір философтың ғылым және метотика түсініктерімен қатар әлем көзқарасын бейнелеу тұрғысынан да өте маңызды. Әл-Киндиден кейін Фараби де «Ғылымды жіктеу және анықтау» атты кітабында әрі ғылымның түнісіктемесін, теориялық және практикалық тұрғыдан құнын көрсетіп, білім мен білім берудің маңызына тоқталған. Осы еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді. Фараби басқа еңбектерінде де ғылымның жіктелуін тілге тиек еткен Фараби ғылымдарды бес басты тақырыпқа жіктеген. Бұлар: 1, Тіл. 2, Лигика. 3, Математика және оған байланысты геометр, оптик, астрноми, музыка, меканик сынды салалар. 4, Физика және метафизика. 5, Замандас ғылымдар деп аталған морал, саясат, фыкык, келам.

Фараби ең үлкен табысын логика саласында көрсеткен. Ол Аристотельдің «Organorium» атты логика еңбектері жинағына кірген барлық кітаптарды зерттеген. Сондақтан да ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған.

Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ даңғы шығады. Фараби қартайғанына қарамастан 948 жылы Мысырға қысқа мерзімдік саяхат жасаған соң Дамаскіге оралады. 950 жылы 80 жасында сол жерде қайтыс болады. Оның жаназасына алдыңғы қатардағы бес елдің ел басшылары қатысады. Ұлы ғалымның сүйіге Дамаскінің Бабус-Сагир деген ауданына жерленеді.

Фараби музыка өнері жөнінде үлкен еңбек сіңірген. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. Бұл жөнінде аңыздардан оның қаншама ұлы тұлға екенін де аңғара аламыз. «Бір күні Фараби Емир Сейфүддевленің музыка тобы орындаған еңбекті ұнатпайды және музыка тобының қателіктерін көрсетеді. Осы барыста қасында алып жұрген дабылды шалып бір күй орайдайды және барлық адамды күлдіреді. Одан кейін қайғылы күй орындап, тыңдағандарды жылатады. Сонымен тағы бір күйге басқанда тыңдап отырғандардың ұйықысы келіп ұйқыға батады. Сол кезде Фараби Емирдің құзырынан шығып кетеп қалады.»




Ұқсас жаңалықтар